Қазақстан Республикасының
Заңы
Оңалту және банкроттық туралы
(2022.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi
4-бап. Банкроттықты тану
5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері
5-1-бап. Оңалту рәсімін және берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіну негіздері
6-бап. Әдейі банкроттық үшін жауаптылық
7-бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
8-бап. Шарттардың құқықтық режимі
9-бап. Үлестес тұлғалар
10-бап. Құпиялылық
11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
12-бап. Әкімші
13-бап. Әкімшінің сыйақысы
14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің оңалту және банкроттық саласындағы құзыреті
15-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
16-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау
19-бап. Алып тасталды
20-бап. Алып тасталды
21-бап. Алып тасталды
2-тарау. КРЕДИТОРЛАР
22-бап. Кредиторлардың оңалту рәсіміне және банкроттық рәсіміне қатысуы
23-бап. Кредиторлар жиналысы
24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тәртібі
25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
26-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде шешімдер қабылдау тәртібі
26-1-бап. Оңалту жоспарын келісу
26-2-бап. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
27-бап. Кредиторлар комитеті
28-бап. Кредиторлар комитетінің шешім қабылдауы
2-1-тарау. БЕРЕШЕКТІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ рәсімі
28-1-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы шешім қабылдау
28-2-бап. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану салдарлары
28-3-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім
28-4-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді соттың бекітуі
28-5-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді соттың бекітуінің салдары
3-тарау. Алып тасталды
4-тарау. ОҢАЛТУ НЕМЕСЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI СОТ ТӘРТIБIМЕН ҚАРАУ
38-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау тәртiбi
39-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар
40-бап. Борышкердiң өтiнiшi
41-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар
43-бап. Алып тасталды
44-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi
45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар
45-1-бап. Борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiн қараусыз қайтару
46-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру
47-бап. Прокурордың өтінішi
48-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы
49-1-бап. Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау
50-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдарлары
51-бап. Кредиторлар талаптарын қамтамасыз ету
52-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы істi сот талқылауына дайындау
53-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау
54-бап. Сот талқылауы
55-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша сот актілері
56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
57-бап. Алып тасталды
58-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi
59-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
59-1-бап. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім
60-бап. Алып тасталды
61-бап. Әкiмшiлiк шығыстарды бөлу
62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi, шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау
5-тарау. ОҢАЛТУ РӘСIМI
63-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
64-бап. Оңалту рәсiмiн жүргізу мерзiмi
65-бап. Алып тасталды
66-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар
67-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттіктері
68-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдары
69-бап. Оңалту рәсімінде борышкерді басқару
70-бап. Уақытша әкімшінің өкілеттіктері
71-бап. Оңалтуды басқарушының өкілеттігі
72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі
75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі
76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу
78-бап. Санация
79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы
81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту
6-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ
84-бап. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі
85-бап. Банкроттық рәсіміне қатысушылар
86-бап. Соттың банкроттық рәсіміндегі өкiлеттiктерi
87-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары
88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттігі
89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
91-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау
93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
94-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар комитетінің өкілеттігі
95-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерін білдіру
95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
96-бап. Мүліктік масса
97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу
98-бап. Банкрот мүлкінің құнын бағалау
99-бап. Банкрот мүлкін сату
99-1-бап. Банкроттың кәсіпорнын сату
100-бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі
100-1-бап. Әкімшілік шығыстарды төлеу тәртібі
101-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары
102-бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
104-бап. Алып тасталды
104-1-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыру
105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
107-1-бап. Алтыншы кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
108-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік
109-бап. Банкротты борыштардан босату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы
110-бап. Банкроттықты басқарушының қорытынды есебі
111-бап. Уәкілетті органның интернет-ресурсында банкроттар тізімін орналастыру
112-бап. Банкротты таратуды аяқтау
6-1-тарау. Бітімгершілік келісім
112-1-бап. Бітімгершілік келісімді жасасу шарттары
112-2-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны
112-3-бап. Мемлекеттік орган тарапынан бітімгершілік келісім жасасу шарттары
112-4-бап. Бітімгершілік келісімді соттың бекітуі
112-5-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту салдарлары
112-6-бап. Бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту және оның салдарлары
112-7-бап. Бітімгершілік келісімді бұзу және оның салдарлары
112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылғаннан немесе бітімгершілік келісім бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдану
112-9-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жоюдың немесе бітімгершілік келісімді бұзудың салдарлары
7-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ БОРЫШКЕРДІ ТАРАТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату
114-бап. Сотқа банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішпен жүгіну негіздері
115-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар
116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау
117-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғаудың салдары
118-бап. Соттың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы істі қарауы
118-1-бап. Уәкілетті органның банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды жүргізу тәртібі
8-тарау. ҚАЛА ҚҰРАУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
119-бап. Қала құраушы борышкер - заңды тұлғалардың банкроттығы
120-бап. Банкроттық туралы істі қарау
121-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу
9-тарау. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
122-бап. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің банкроттығы
123-бап. Кредитордың өтінішіне немесе борышкердiң пiкiрiне қосымша қоса берілетін құжаттар
124-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн ұзарту
125-бап. Банкроттық рәсімі
126-бап. Мүліктік массаны қалыптастыру және өткізу
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
127-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
128-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«(активтерін)», «(активтерді)», «(активтері)», «(активтерінің)», «(активтерге)» деген сөздер алып тасталды;
«Төлем қабілетсіздігін реттеу», «төлем қабілетсіздігін реттеу» деген сөздер тиісінше «Берешекті қайта құрылымдау», «берешекті қайта құрылымдау» деген сөздермен ауыстырылды;
«кредиттер (қарыздар)», «кредиттер», «кредит» деген сөздер тиісінше «қарыздар», «қарыздар», «қарыз» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төл өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), балара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кіріс жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) әдейі банкроттық - құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері;
3) әкімші - істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) әкімшілік шығыстар - оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар;
5) банкрот - заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;
6) банкроттық - борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
7) банкроттық рәсімі - кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
8) банкроттықты басқарушы - банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;
9) борышкер - өзіне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бiртектi кредиторлар тобы - борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бірінiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Бiртектi кредиторлар топтарын:
өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекке ақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар - қаржы ұйымдары;
борышкердің облигацияларын ұстаушы кредиторлар құрауы мүмкін;
11) бірыңғай өндірістік кешен - жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік;
12) бітімгершілік келісім - банкроттық рәсімін тоқтату мақсатында оның кез келген сатысында банкрот пен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу арқылы қолданылатын рәсім;
13) жоқ борышкер - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ оның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының болмауы осы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер;
14) кәдімгі коммерциялық операциялар - борышкердің әдеттегі қызметіне жататын, тұрақты сипаты бар, мыналарды: үй-жайларды жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыруды, өнім берушілермен мәмілелерді, шикізат сатып алуды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, дайын өнімді өткізуді және қызметтер көрсетуді қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін әрекеттер.
Кәдімгі коммерциялық операцияларға жылжымайтын мүлікті немесе өзге активтерді иеліктен шығарумен байланысты мәмілелер, мүлікті кепілге беру, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге беру жатпайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) кепілді кредитор - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін, талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
16) кредитор - еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақыны, еңбек шарттары бойынша өтемақыларды төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, салықтар, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, борышкердің азаматтық-құқықтық және (немесе) борышкердің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
17) кредиторлар комитеті -оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие, кредиторлардың өкілді органы;
18) кредиторлар талаптарының тізілімі - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі;
19) қала құраушы заңды тұлға - өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалатын заңды тұлға;
20) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, борышкер - заңды тұлғаның бас бухгалтері, сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға;
21) мүліктік масса - банкроттың банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi;
22) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган;
23) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген тұлға;
24) оңалту жоспары - борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
25) оңалту рәсiмi - сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;
26) реверсивті факторинг - борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор өзінің борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға дебитордың борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін орындайды;
27) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор - борышкерге салықтарды, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, сондай-ақ бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу жөніндегі борышкердің мiндеттемелерiнен туындайтын талаптары бар тұлға;
28) санация - оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады;
29) уақытша әкімші - оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін өзімен келісім жасалған тұлға;
30) уақытша басқарушы - банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін өзімен келісім жасалған не осы Заңда белгіленген жағдайларда уәкілетті орган тағайындаған адам;
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсiмiне қатысушы қабылдайтын шешiмдерге әсер ету, оның iшiнде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды, ұлттық басқарушы холдингтi, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын қоспағанда) (оңалту немесе банкроттық рәсiмiндегi үлестес тұлғалардың тiзбесi осы Заңның 9-бабында белгiленедi);
32) факторинг - борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына қойылатын мүліктік талапты үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына қойылатын талап ету құқығының орнына борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.
2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстерге қолданылады.
Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды тарату Қазақстан Республикасының банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi сот осы Заңда белгiленген ерекшелiктерімен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
4. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
4-бап. Банкроттықты тану
1. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.
2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.
3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.