Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
оңалту және банкроттық мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 44-құжаттар):
1) 33-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) берілетін құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Тараптардың бірі заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген азамат не өзіне қатысты оңалту рәсімін қолдану және (немесе) банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген заңды тұлға болса, оған қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе осындай тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім шығарған соттың судьясы талап қоюларды қарайды.
Судья болмаған кезде:
1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен судьяның өздігінен бас тартуы немесе қарсылық білдіруі туралы өтініш жасалған және ол қанағаттандырылған;
2) ауырған, демалыста, оқуда, қызметтік іссапарда болған жағдайларда оның ауыстырылуы мүмкін.»;
2) 237-бап 8) тармақшадағы «тану туралы шешімдер дереу орындауға жатады» деген сөздер «тану туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы;
10) борышкерді банкрот деп тану туралы шешімдер дереу орындауға жатады.»;
3) 289-баптың бірінші бөлігінде:
5), 5-1 және 5-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
«5-3) төлем қабілетсіздігін реттеу, оңалту және банкроттық туралы;»;
4) 313-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу, олардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.»;
5) 383-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы істер бойынша, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкердің жасасқан мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша шешімдері кассациялық шағымдануға жатпайды.»;
6) 384-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың төлем қабілетсіздігіін реттеу туралы істер бойынша, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша шешімдері кассациялық шағымдануға жатпайды.».
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; №6, 43,44-құжаттар; № 8,64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; №1, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 609-бапта:
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің төлем қабілетсіздігі реттелген жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілін қолдану сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы рәсімді қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.»;
2) 614-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «бастап қолданылмайды» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.».
3. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
47-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енсе;»;
2-тармақтың екінші бөлігі «1),» деген цифрдан кейін «1-1),» деген цифрлармен толықтырылсын.
4. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) бітімгершілік келісім - банкроттық рәсімнің кез келген сатысында оны тоқтату мақсатында, борышкер (банкрот) мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу жолымен қолданылатын рәсім;»;
2) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.»;
3) 11-бап:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсім барысында бітімгершілік келісім жасасуға;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайды қоспағанда, борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;»;
4) 15-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;»;
5) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі
28-1-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдау
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, борышкер осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген бір немесе одан да көп шарттар басталған кезде борышкердің және (немесе) кредиторлардың оңалту рәсімін қолдану және (немесе) борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінгеніне дейін өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Борышкер төлем қабілетсіздігін дәлелдейтін құжаттарды қоса бере отырып, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Борышкер сотқа өтініш берген кезде бір мезгілде кредиторларды хабардар етеді.
Бұл ретте егер:
төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы шыққан;
төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасаспаған жағдайда осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жыл өтпесе, борышкердің сотқа осындай өтінішпен жүгінуге құқығы жоқ.
3. Сот борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:
1) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы;
2) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолданудан бас тарту туралы.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген төлем қабілетсіздігі белгілерінің борышкерде болмауы соттың төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолданудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
4. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындауға жатады.
5. Борышкер сот қабылдаған шешім туралы уәкілетті органды және кредиторларды дереу хабардар етеді.
6. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
28-2-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану салдарлары
Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар туындайды:
1) борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады;
2) кредиторға (кредиторларға) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасу кезеңінде борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады;
3) борышкерге мүлікті (активтерді) иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
28-3-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім
1. Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға міндетті.
2. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімде келісімнің шарттары, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс.
Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
3. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге қатысуына рұқсат беріледі.
4. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім:
1) борышкер міндеттемелерінің орындалуын кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;
2) борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беру;
3) борышты толық немесе ішінара кешіру;
4) тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептен шығару;
5) алынған кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы мөлшерін азайту;
6) кредитордың (кредиторлардың) талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін.
5. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкердің, борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшысының (қатысушысының) не ол уәкілеттігін берген тұлғаның және әрбір кредитордың қолдары қойылады.
Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген жағдайда мұндай келісімнің жасалуы мүмкін емес.
28-4-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі
1. Осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей борышкер өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
2. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішке борышкер:
1) борышкер мен кредитор (кредиторлар) қол қойған төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді;
2) олардың тұратын жерін немесе орналасқан жерін, сондай-ақ берешек сомасын көрсете отырып, барлық кредиторлардың тізімін қоса береді.
3. Борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша сот мына ұйғарымдардың бірін шығарады:
1) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы;
2) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы.
4. Борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден соттың бас тартуы үшін:
1) кредиторлардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы;
2) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.
5. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім борышкердің, кредитордың (кредиторлардың) және (немесе) келісімге қатысқан үшінші тұлғалардың мұндай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күнінен бастап орындалуға міндетті болып табылады.
6. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу аяқталған болып саналады, ал осы Заңның 28-2-бабына сәйкес борышкерге қолданылған салдарлардың әрекеті төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
7. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған жағдайда - төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бұзу және борышкерді банкрот деп тану туралы;
2) мынадай:
осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасалмаған;
сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайларда борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
8. Осы Заңның 28-3-бабының 3-тармағында көрсетілген үшінші тұлғалар борышкер төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімнің шарттарын бұзған жағдайда осындай келісімді бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
9. Кредитордың (кредиторлардың) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім қолданылған кезең ішінде егер борышкер мұндай келісімнің барлық шарттарын сақтаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы жоқ.
28-5-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуінің салдары
Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар басталады:
1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы (мүдде) тоқтатылады;
2) борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;
3) төлеу мерзімі төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатылады;
4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі»;
6) 42-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Заңның 95-1-бабы 4-тармағында көзделген жағдайда борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) осы Заңның 95-1-бабында көзделген тәртіппен келісілген оңалту жоспары;
2) оңалту жоспарын келiсу туралы кредиторлар жиналысының хаттамасы;
3) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы қоса берiледi.»;
7) 55-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «ұйғарым қабылдауы мүмкін.» деген сөздер «ұйғарым;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін жою туралы ұйғарым;
5-2) банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім;
5-3) банкроттық рәсімін тоқтатудан, оңалту рәсімін қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы шешім;»;
«6-1) бітімгершілік келісімін бекіту және банкроттық рәсімін тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін.»;
8) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
«59-1-бап. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім
1. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімін осы Заңның 95-1-бабында көзделген шарттарда және тәртiппен сот шығарады.
2. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінде:
1) банкроттық рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін орындау және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату;
2) банкроттықты басқарушының өкілеттіктерін тоқтату;
3) оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту;
4) осы Заңда көзделген оңалту рәсiмiн қолдану салдарларының басталуы;
5) мүліктің меншік иесінің немесе борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру не уәкілетті органға шешімнің заңды күшіне енген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидатурасын кредиторлар жиналысы ұсынған оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсыру;
6) банкроттықты басқарушының құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруi туралы нұсқау қамтылуға тиiс.
3. Сот:
оңалту жоспарын бекіту туралы кредиторлар жиналысының келісімі болмаған;
егер борышкер сот талқылауы барысында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін дәлелдемеген жағдайларда банкроттық рәсiмiн тоқтатудан, оңалту рәсiмiн қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.»;
9) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi, шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау
1. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген сот актілерінің заңды күшіне енуі және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша оларды қайта қарау, сондай-ақ оларға шағым жасау (наразылық білдіру) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
10) 70-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңда көзделген жағдайда сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысанда ұсынуға;»;
11) 89-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «кредит алуға құқылы» деген сөздер «кредит алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңда көзделген тәртіппен бітімгершілік келісім жасауға құқылы.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) борышкер кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспарын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) не ол уәкілеттік берген адамға оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны ұсынуға;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды:
борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға;
банкроттың кәсіпорнын сату кезінде табыстау актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - сатып алушыға беруге;»;
12) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-3) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;
14-4) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;
14-5) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;»;
13) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
«95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) немесе ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға әзірлеген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
Банкроттықты басқарушы мүліктің меншік иесінен немесе құрылтайшыдан (қатысушыдан) не ол уәкілеттік берген адамнан өтiнiшхат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті.
2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс сонымен бір мезгілде мүліктің меншік иесінің немесе борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру мәселесін шешуге не уәкілетті органда тіркелген адамдар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.