13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.»;
14) тармақша алып тасталсын;
11-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы - он жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорға төлеуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2 пайызы, бірақ 3 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
9) 29-баптың 3-тармағында:
үшінші бөліктегі «жалақының он бес еселенген ең төмен мөлшеріне тең, жұмыскердің», «табысынан», «жарналар төлеуді» деген сөздер тиісінше «ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшеріне тең», «кірістерінен», «жарналардың төленгенін» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Салық органы» деген сөздер «Жұмыс беруші және (немесе) салық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 30-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.»;
11) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
Мемлекеттік корпорация төлеуші артық (қате) төлеген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтаруға тиіс.»;
12) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1) 1-бапта:
5-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;
17-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-баптың бесінші абзацында:
«6) және 13) тармақшаларын» деген сөздер «6) тармақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 17-тармағының 1) тармақшасын» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші - тоғызыншы, он екінші және жиырма төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 14), 15) және 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 47) тармақшасын, 7 және 10-тармақтарын, 11-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 8) тармақшасының тоғызыншы - он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 28-і
№ 208-VІ Заңы