7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде уəкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Уəкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен бақылау субъектісіне ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нəтижелері бойынша уəкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы цифрлық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да əрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе цифрлық нысанда бақылау субъектісіне (басшысына не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органда қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Уəкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне бақылау субъектісінің басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нəтижелері туралы акт бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14.Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уəкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау субъектісі уəкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.»;
52) 11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Киберқауіпсіздік саласын дамыту жəне осы саладағы халықаралық ынтымақтастық»;
53) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
1. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздік саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уəкілетті мемлекеттік органдар, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты жəне басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға сəйкес жүзеге асырады.
3. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:
1) киберқауіпсіздік саласын жеке кəсіпкерлік жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік базасында дамыту;
2) киберқауіпсіздікті əзірлеуге тапсырыстар алу кезінде отандық заңды тұлғаларға басымдық беру;
3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін жəне техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;
4) киберқауіпсіздік нарығының құрылымын дамыту;
5) киберқауіпсіздік нарығында адал бəсекелестікті қолдау.
4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сəйкес Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, мыналар киберқауіпсіздік саласын дамыту жөніндегі шаралар болып табылады:
1) киберқауіпсіздік саласындағы қызметтің нормативтік-əдіснамалық базасын қалыптастыру жəне дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру;
2) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды қаржыландыру;
3) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды венчурлік жəне өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау;
4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шет елдердің қатысумен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəсілдермен құру арқылы киберқауіпсіздік саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру.»;
54) 62-баптағы «Ақпараттық-коммуникациялық», «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер тиісінше «Цифрлық», «цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 12-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
56) 63-баптағы «Ақпараттандыру саласындағы», «ақпараттандыру саласындағы», «ақпараттандыру субъектілері», «ақпараттандыру саласында», «ақпараттық-коммуникациялық», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына», «Ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер тиісінше «Киберқауіпсіздік саласындағы», «киберқауіпсіздік саласындағы», «цифрлық орта субъектілері», «киберқауіпсіздік саласында», «цифрлық», «цифрлық инфрақұрылымына», «Цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 64, 64-1 жəне 64-2-баптар алып тасталсын;
58) 65-баптағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 66-бап алып тасталсын.
94. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 9-тармағындағы «электрондық жүйе», «Электрондық жүйенің» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «Цифрлық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын.
95. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 5-2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
96. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1-4) тармақшадағы «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «электрондық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бап 21) тармақшасындағы «саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.» деген сөздер «саласындағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) цифрлық ортадағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.»;
3) 15-баптың 4-тармағындағы «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
97. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесімен», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелердің» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесімен», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 33-баптың 7-тармағында:
екінші бөліктегі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
98. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық технологиялар», «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық технологияларды», «ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологиялар», «киберқауіпсіздік», «цифрлық технологияларды», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-баптың 10-тармағында:
«электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздер алып тасталсын;
«ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 42-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 50-баптың 5-тармағындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
99. «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерінде», «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздер тиісінше «цифрлық объектілердің», «цифрлық объектілерде», «цифрлық объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 4) тармақшасындағы «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
100. «Дактилоскопиялық жəне геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
2-тармақтағы «электрондық ақпараттық ресурстарға» деген сөздер «цифрлық ресурстарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, дербес деректер жəне оларды қорғау, мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы, мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптағы «электрондық ақпараттық ресурсты» деген сөздер «цифрлық ресурсты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 27-баптағы «электрондық ақпараттық ресурстарда» деген сөздер «цифрлық ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
101. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстарға» деген сөздер «цифрлық ресурстарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
102. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
103. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «цифрлық жүйелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын.
104. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
8) тармақшадағы «жазбаша» деген сөз «жазбаша немесе электрондық» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «жазбаша» деген сөз «жазбаша немесе электрондық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалау туралы есепке бағалаушы қол қояды, ал бағалаушы заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан жағдайда заңды тұлғаның басшысы бекітеді.
2. Бағалау туралы есеп жазбаша түрде кемінде екі данада жасалады, оның біреуі тапсырыс берушіге беріледі, екінші данасы бағалаушыда немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғада бағалаушылар палатасы айқындайтын тəртіппен сақталады, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінде бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Бағалау туралы есепті бағалаушы қаржылық есептілік депозитарийінде электрондық түрде қалыптастырады. Бұл ретте бағалау туралы электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарийінде тіркеу талап етілмейді.»;
3) 15-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 12-1) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «, 12-1)» деген цифрлар алып тасталсын;
4) 17-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11-1) тармақшасы алып тасталсын.
105. «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
20-1-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «ақпараттық жүйесін» деген сөздер «цифрлық жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын.
106. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
6) тармақшадағы «ақпараттық қауіпсіздігі» деген сөздер «киберқауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «ақпараттық қауiпсiздiгі» деген сөздер «киберқауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «жəне ақпараттандыру» деген сөздер алып тасталсын.
107. «Адвокаттық қызмет жəне заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық үкіметтің», «бірыңғай ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «бірыңғай ақпараттық жүйесінің», «бірыңғай ақпараттық жүйесінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің», «бірыңғай цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «бірыңғай цифрлық жүйесінің», «бірыңғай цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың үшінші бөлігіндегі «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
108. «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
6) жəне 17) тармақшалардағы «мемлекеттік ақпараттық ресурс» деген сөздер «мемлекеттік цифрлық ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) тармақшадағы «ақпараттық ресурс объектілері» деген сөздер «цифрлық ресурс объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-бапта:
2-тармақтағы «ақпараттық жүйені» деген сөздер «цифрлық жүйені» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «цифрлық жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
109. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «электрондық үкіметтің», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелерінде», «ақпараттық жүйесінде», «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйелердің» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелерінде», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 14-1) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектілерінен» деген сөздер «цифрлық объектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 23-баптың 2-2-тармағындағы «электрондық сатып алу» деген сөздер «цифрлық сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын.
110. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін», «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі», «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» деген сөздер тиісінше «бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін», «бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесі», «бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
111. «Қорғаныс өнеркəсібі жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауіпсіздікті» деген сөзбен ауыстырылсын.
112. «Арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 7) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер тиісінше «Цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 58-баптың 1-тармағындағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздер тиісінше «Цифрлық технологиялар», «цифрлық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
113. «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 10) тармақшасындағы «электрондық дерекқоры» деген сөздер «цифрлық дерекқоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
114. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелер» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын.
115. «Өнеркəсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың», «ақпараттық жүйелерден», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді», «ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологиялардың», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық көрсетілетін қызметтерді», «цифрлық көрсетілетін қызметтердің», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
8-1) тармақшадағы «электрондық дерекқор» деген сөздер «цифрлық дерекқор» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26), 27) жəне 28) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) электрондық өнеркəсіп - тұтынушыларға арналған компьютерлер, компьютерлік перифериялық жабдық, коммуникациялық жабдық, электрондық аспаптар, ғарышқа арналған өлшеу, тестілеу жəне авиациялық, иррадиациялық-төзімді құрамдастар, электрмедициналық жəне электртерапиялық жабдық, оптикалық аспаптар мен жабдық, магниттік жəне оптикалық ортаны зерттеуге арналған жабдық сияқты құрылғыларды əзірлеуді, құрастыруды, сынауды жəне өндіруді, сондай-ақ электрондық өнеркəсіп өнімдеріне арналған тораптар, құрауыштар (интегралдық микросхемалар, «активті» жəне «пассивті» электрондық құрамдастар) мен қосалқы бөлшектер өндірісін қамтитын өнеркəсіп саласы;
27) электрондық өнеркəсіп өнімі - электрондық құрамдастар жəне олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;
28) электрондық өнеркəсіп саласындағы уəкілетті орган - электрондық өнеркəсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде электрондық өнеркəсіп саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;