ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 106-тармақ жаңа редакцияда
106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылған адамдардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильдік құрылғыларына жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 107-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.
БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет мәжілісінің материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше:
Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Премьер-Министр Хатшылығына береді.
БҚҚБ мәжіліске шақырылған адамдардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.
108. Кюверттік карточкаларды қоюды және мәжіліске қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрінің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер мәжіліске Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулылардың жобаларын қарау мәжілістің күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкіметтің мәжілістерінде қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша жоба жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
117. Үкіметтің мәжілісі барысында Кеңсенің құзыретіне қаралатын мәселе жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тектері мен қабылданған шешімдер көрсетіліп, қысқаша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Үкімет мәжілісінің фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды мәжілістен кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей дирекция жүзеге асырады.
Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болған жағдайда көбейтіліп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 121-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер хаттамалық шешімнің құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіште хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 122-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
122. БҚҚБ Үкімет мәжілісінің хаттамасын Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 123-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 123-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
Хаттамалық шешімнің жобасы келіп түскеннен кейін Заң бөлімі оны бір күн мерзімде келіседі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 124-тармақ жаңа редакцияда
124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін БҚҚБ бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне және хаттамада тапсырмалар берілген адресаттарға өздеріне қатысты бөлікте хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша хаттамалық тапсырмаларды бақылауға қоюды және оларды таратуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 125-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 127-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
127. Премьер-Министр кеңестері мен отырыстарына материалдар Премьер-Министр хатшылығына кеңес пен кездесу күнінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жіберіледі. Егер шұғыл кеңес оны өткізу күні дайындалатын жағдайда, аталған мерзімдер қолданылмайды.
128. Премьер-Министрдің орынбасарында, Кеңсе Басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.
129. Кеңеске қатысушылардың келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
130. Үкімет (Кеңсе) Басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.
131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші белгілеген тұлға жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 132-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132. Хаттаманы ресімдеуді, Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсе бөлімшесі жүргізеді.
Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамасына Заң бөлімі бір жұмыс күні ішінде міндетті түрде бұрыштама қояды.
Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.
БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 133-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133. Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсе Басшысымен келісіледі.
Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» және «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен
Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 134-тармақ жаңа редакцияда
134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ қағаз және ЭҚАБЖ бойынша электрондық форматтарда (нысандарда) әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.
Мыналарға:
1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;
2) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ізгілік көмек көрсетуге;
4) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;
5) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданып, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
Заң жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары, Премьер-Министрдің өкімдері, сондай-ақ пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 134-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 134-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 134-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын мемлекеттік органдар Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 (жиырмасыншы) желтоқсанға дейін енгізеді.
Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 18 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 135-тармақ жаңа редакцияда
135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторының жауапты қызметкеріне ұсынады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды
135-1. Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.
Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына, заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет Регламентіне сәйкес жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 136-тармақ жаңа редакцияда
136. Кеңседе Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді ұйымдастырады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады.
Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 137-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 137-тармақ жаңа редакцияда
137. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын тұлғаны хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 138-тармақ жаңа редакцияда
138. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 138-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
139. Жоба:
1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің тапсырмалары мен хаттамасы негізінде;
3) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 140-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 140-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
140. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін - 20 (жиырма) жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы адам ұзартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда, олар Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет Регламентіне сәйкес енгізіледі. Енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
142. Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге келіп түскен жобалар, жобаны Үкіметтің мәжілісіне немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар туралы, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер туралы хабарлайды.
143. Үкімет мәжілісіне шығару туралы олар бойынша шешім қабылданған жобалар Үкімет мәжілісіне тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 144-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 144-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен 144-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет мәжілісіне шығарылатын жобалар бойынша:
1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды.
2) жобаларды тиісті елтаңбалық бланкіде, сондай-ақ жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы титулдық жолында көрсете отырып, электрондық құжат нысанында ресімдейді;
3) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектегеннен кейін жобаларға (қағаз жеткізгіштерде және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес), сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама қояды және онымен бір мезгілде жобаларды ЭЦҚ-мен келіседі.
Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;
4) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады.
Үкімет мәжілісі өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттардың топтамасын БҚҚБ-ға ұсынады.
Бұл ретте, құжаттар:
1) Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының:
2) ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Заң бөлімі мен БҚҚБ меңгерушілерінің;
4) Премьер-Министр орынбасарының (міндетті бөлуге сәйкес) бұрыштамаларын қамтуы тиіс.
Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ қаулы жобаларын Үкімет мәжілісінің қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.
Үкімет мәжілісінде Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған қаулылардың жобалары бойынша кейіннен қаулы жобасын, оның ішінде электрондық құжат форматында Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде қол қояды.
Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет мәжілісінде қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 144-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 144-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
144-1. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттар топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Заң бөлімімен, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.
145. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет мәжілісіне енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 146-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 146-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.