77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.
«ҚПҮ» деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ жаңа редакцияда
78. Егер құрамындағы мәліметтер таратылуы шектелген мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының алынған құжаттардан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар, сондай-ақ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен осы құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады.
«ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме жасалған құжаттардың есебін жүргізу әр данасы бойынша ТБК-да «ҚПҮ» деген белгі қойылып немесе «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды тіркеу журналдарының бөлек бөлімдерінде жүзеге асырылады.
79. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірлері қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекен-жайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де «ҚПҮ» деген белгі қойылады.
80. Кеңсе қызметкерлері «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектеулі ақпараттарды жариялағаны немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
6. Үкімет мәжілістерін және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары өткізетін
кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 81-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. Үкімет мәжілістерінде қаралуға жататын мәселелердің тізбесі тоқсан сайын мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде жасалады және оны Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы тоқсан алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. БҚҚБ мәжіліске дейін 5 (бес) күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген нысан бойынша Үкімет мәжілісі күн тәртібінің жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мәжілісінің күн тәртібін БҚҚБ дереу 1 (бір) сағат ішінде «Мобильдік кеңсе» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Мобильдік кеңсе» АЖ) арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, оның ішінде баяндамашылар ретінде көрсетілген лауазымды адамдардың атына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет мәжілістеріне қатысушылардың көмекшілеріне немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы беріледі, олар мемлекеттік органның басшысын уақтылы хабардар ету үшін дербес жауапты болады. Көмекшілер немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мемлекеттік орган басшылығының Үкімет мәжілістеріне және Премьер-Министрде өтетін кеңестерге қатысуын «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы растауды қамтамасыз етеді.
БҚҚБ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «ҚПҮ» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін және қорғалмаған байланыс арналары арқылы беруге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы мобильдік құрылғыларға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 84-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі - жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 6, «Үкімет үйі» мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық режимде де, оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:
1) Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (Үкімет мәжілістерін өткізу кезінде) не Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі (жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты):
Үкімет мүшелері мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын растай отырып, қатысушылардың тізімін жасауды;
режимдік шаралардың, рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуін, кезекші полиция бөлімі мен техникалық қызметтердің ақпаратты қорғауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
жүйенің істен шығуын болғызбау мақсатында ауыспалы жеткізгіштердегі (орындаушы бөліммен келісуден өтпеген флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер және т.б.) электрондық түрдегі материалдардың пайдаланылуын шектеуді;
өңірлердің бейнеконференциялық байланысқа алдын ала сынақтық қосылуын (техникалық регламентке сәйкес кеңес/мәжіліс басталғанға дейін бір тәулік және 2 сағат бұрын), оның әзірлігін және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін жүргізудің ұсынылған тәртібін (кеңес сценарийін) ескере отырып, байланыс сапасының тексерілуін, қолданыстағы техникалық талаптарға, оның ішінде форматы және ресімделуі бойынша сәйкестігі тұрғысынан алдын ала регламенттік сынақ жұмыстарының жүргізілуін бақылауды;
мерзімді жоспарлы регламенттік жұмыстардың жүргізілуін (апта сайын дүйсенбі, бейсенбі сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін), сондай-ақ «Kazsatnet» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ орындайтын (жоспарлы және алдын ала сынақтық қосу сәйкес келген жағдайда регламенттік жұмыстар бір мәрте жүргізіледі) жарықтандырудың сәйкестігін және бейнеконференциялық байланыс (бұдан әрі - БКБ) жабдығы мен негізгі жұмыс орындарындағы және «Үкімет үйі» ғимаратында орналасқан цифрлық телефон станциясының базасындағы станция мен тікелей байланыс станциясындағы абоненттердегі дыбыс күшейткіштің жұмысқа жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Кеңсенің облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;
қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Үкімет мәжілістерінің материалдарын жіберуді;
өңірлер өкілдерінің БКБ-де, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындалуын бақылауды;
селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске әкімдіктер өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;
Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;
«Үкімет үйі» залдарынан сынақтық қосуды жүргізу және дайындау кезеңінде өңірлердегі мәжіліс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық байқау және Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестеріне даярлық, қатысушылардың сөйлейтін жерін айқындау және т.б.) өткізілуін;
соңғы сынақтық қосуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде мәжіліс залын ауыстыруға, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны, байланысты, дыбыс күшейткішті күйге келтіру) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;
іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;
БАҚ және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;
іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;
жабық немесе қызметтік жұмыс режиміне ауысқан жағдайда шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;
зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық беру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттеу элементтерінің болуы);
Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;
тәртіп бұзушылардың залдан уақтылы шығарылуын қамтамасыз етеді;
5) Кеңсенің Премьер-Министрдің республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, БАҚ-та Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін жария етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
қажет болған кезде БАҚ өкілдерінің қатысуын және олардың залдан шығарылуын;
кезекші редактордың «Kazsatnet» ҰК» АҚ-ның шығарушы редакторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Үкімет мәжілісі мен жұмыс кеңестерін баспасөз үшін интернет желісі арқылы on-line трансляциялауға санкцияланған шешім қабылдауын қамтамасыз етеді;
6) Кеңсенің Премьер-Министр қатысатын халықаралық сипаттағы іс-шараларды протоколдық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
Үкімет мәжілісі және Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды;
Үкімет мүшелерінің және шақырылған өзге де адамдардың «протоколдық үлкендік ретіне» сәйкес отыруын;
Үкімет мәжілісін, жұмыс кеңестерін өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, шақырылған адамдардың залға уақтылы келуі және одан шығарылуы бойынша ұйымдастыру жұмыстарын өткізуді;
қажет болған кезде - Сырты істер министрлігінен бекітілген кезекші ілеспе аудармашының болуын қамтамасыз етеді;
7) Үкімет мәжілісіне немесе жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі:
ҚР МО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы слайдтар мен басқа да ақпараттық материалдардың (А216 залында көрсетілетін слайдтарда jpeg, tiff форматтарындағы файлдар және солар тәріздес фотосурет сапасындағы графикалық форматтар болмауға тиіс) берілуін;
белгіленген тәртіппен Үкімет мәжілісіне тікелей «Үкімет үйі» ғимаратына шақырылған өзге адамдардың қатысуын;
Үкімет мәжілісі, жұмыс кеңестері шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жоспарланып отырған сөз сөйлеуі туралы Өңірлік даму бөлімін хабардар етуді;
материалдардың (анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және т.б.) ҚР MО ЭҚАБЖ жүйесі арқылы электрондық түрде жоғарыда аталған форматтарда ғана уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
8) «Kazsatnet» ҰК» АҚ бейнеконференциялық байланыстың регламенттік іс-шараларының уақтылы және толық өткізілуін, сондай-ақ оның әзірлігін және байланыс сапасын тексеруді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ және «Kazsatnet» ҰК» АҚ резервтік байланыс арналарына ауысқан кезде де байланыс сапасын тексеруді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Үкіметтің мәжіліс залын техникалық дайындауды (бейнеконференц байланысы мен селекторлық байланысты, дыбыс күшейткішті, дыбыс жазбаны және микрофондарды, қосу желілерін, электрондық дауыс беру жүйелері мен пульттерін, дауыс берудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған конференц-жүйені, дыбыс күшейту және мәжіліс залын дыбыстандыру, ілеспе аударма және стенография жүйесін, сондай-ақ бейнепроекторды, ұжымдық пайдаланылатын ақпаратты көрсету құралын (экранды), ақпараттық жүйелер мен жұмыс орындарын (Үкімет мүшелерінің компьютерлерін, ақпаратық материалдардың (слайдтардың) берілген форматта таныстыруға және көрсетуге әзір болуын, залды тиісінше жарықтандыруды және кондиционерлеуді, жазу керек-жарақтарын) БҚҚБ бақылауымен «ӘҒД» РМК мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ИТО» АҚ) мамандары жүзеге асырады.
Мәжіліс залын техникалық дайындау нәтижелері бойынша «ӘҒД» РМК жауапты маманы «ИТО» АҚ маманының, сондай-ақ техникалық дайындауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қатысуымен мәжіліс басталғанға дейін 30 минут қалғанда тиісті техникалық актіні ресімдеп, қол қояды, мұндай акт Үкімет мәжілістерін, Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі техникалық регламентте көзделген.
Мәжіліс залындағы барлық жүйелер мен жабдықтардың техникалық дайындалуы, әзірлігі, сапасы мен үзіліссіз жұмыс істеуі үшін жауапкершілік «ӘҒД» РМК мен «ИТО» АҚ басшылығына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға «Мобильдік кеңсе» АЖ арқылы тікелей мәжіліс үстінде жеткізілуі мүмкін, бұл ретте материалдардың мазмұны мен оларды дайындау сапасына қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болады.
88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуі жөніндегі бақылау үшін мәжілісте қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.
89. Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда Премьер-Министр не оның келісімі бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Үкімет мәжілісіне материалдар хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, кмінде 3 (үш) дана түрлі түсті басып шығарылған слайдтарды (2 (екі) мегабайттан аспайтын көлемдегі), ақпараттық (талдамалық) материалдарды, баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын) және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуы және мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілуі тиіс.
Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық блімшелердің анықтамаларында көрсетіледі.
Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет мәжілісінің алдындағы күннің сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, сондай-ақ аталған құжаттарды ескере отырып, шақырылатын адамдар тізімін дайындайды, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
БҚҚБ-ға Мобильдік кеңсеге жіберу үшін материалдар Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін ғана тапсырылады.
БҚҚБ Үкімет мәжілісіне тиісті материалдарды, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей Мобильдік кеңсе арқылы жібереді.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін кемінде 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-тармақ өзгертілді
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған ақпараттың электрондық жеткізгіштеріндегі Үкімет мәжілісіне материалдарды БҚҚБ Премьер-Министрдің Хатшылығына мәжіліс алдындағы күні сағат 16.00-ге дейін жібереді. Премьер-Министр Хатшылығының талап етуі бойынша көрсетілген материалдар қағаз жеткізгіштерде де сұратылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін БҚҚБ шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
Үкімет мәжілістеріне қатысатын мемлекеттік органдар мәжіліс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін өздерінің қатысатынын «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы растайды не БҚҚБ-ға өзгерістер туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. БҚҚБ анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумы және болмау себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімі айқындалады. Өңірлік даму бөлімі жергілікті атқарушы органдар басшыларының болмау себептері туралы ақпараты бар ұқсас ақпаратты БҚҚБ-ға ұсынуы тиіс.
96. Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған соңғы нұсқасын мәжілістің алдындағы күні көбейтеді:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртаңба қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және оның орынбасарларының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Премьер-Министр Хатшылығына және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет мәжілісінің алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 100-тармақ жаңа редакцияда
100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мәжіліс өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 101-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.
102. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет мәжілісіне қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет мәжілісіне іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ жаңа редакцияда
104. Үкімет мүшелері, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ-ның тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себептерін нақтылайды.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептері көрсетілген Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына беріледі.