2026.09.01. № 257-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі; егер əкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде осындай құрал пайдаланылса, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сəйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні жəне қолданылу мерзімі;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ол болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.
6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.
7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге ол жасалғаннан кейін қолхат алынып дереу табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның (тұлға өкілінің) өтінуі бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште табыс ету не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бөлік жаңа редакцияда
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.10.07. № 20-VIІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ішкі істер органдарының (73, 73-3, 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 127, 127-2, 128, 130, 131, 133, 134, 147-1, 149, 150, 154, 156-1 (екінші және үшінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 423, 423-1, 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 434-2, 435, 436, 438 (екінші және үшінші бөліктері), 440 (үшінші бөлігі), 440-1, 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 443-1 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 456-2 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші алтыншы жəне жетінші бөліктері), 461, 462, 463, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші, 3-1 және 4-1-бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 662, 663, 665, 667, 669, 674, 675-баптар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның 416 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 433 (екінші бөлігі), 438 (екінші бөлігі), 462-баптар);
3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 312-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы бөліктің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери міндеттілер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 434-2, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 73-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2026.12.06. № 312-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының - арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, 434, 434-2, 652, 667, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарына қатысты;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 312-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының - әскери қызметшілер мен жиынға шақырылған әскери міндеттілер жасаған, осы Кодекстің 434-2, 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және 4-1-бөліктері, 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.09.04. № 181-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның (360 (бірінші бөлiгi), 462-баптар);
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ветеринария саласындағы уәкілетті органның (415 (екінші бөлігі), 416 (ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 381-1 (екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 385 (екінші бөлігі), 389 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);
2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті органдардың (160 (екінші бөлігі), 382 (екінші жəне үшінші бөліктері), 383 (үшінші жəне төртінші бөліктері), 389 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (үшінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі), 398, 462, 463-баптар);
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (139 (екінші бөлігі), 327-2 (екінші бөлігі), 328 (үшінші және төртінші бөліктері), 331 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші және 4-1-бөліктері), 416 (химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) жер қойнауын зерттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мәдениет саласындағы уәкілетті органның (145-бап);
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (462, 463, 465-баптар);
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 462-баптар);
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) тармақша өзгертілді
14-1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның (214-бап (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері));
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 416 (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 462, 463-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (319, 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 416 (тағамдық өнiмдерге, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 247-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді
23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (134, 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері) (бұл бұзушылықтарды цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жасаған кезде), 416 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 638 (екінші бөлігі) - баптар);