4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).
4. Осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін:
1) салық төлеуші дербес ресімдеген, басқару органының мүшесін басқарушылық міндеттерді орындау үшін іс-шараға шақыру, осындай іс-шараның өткізілетін жері мен күні қамтылған құжатта көрсетілген межелі жер басқарушылық міндеттер орындалатын жер болып табылады;
2) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты кету және келу күндерін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген басқарушылық міндеттер орындалатын жерге кету және кері қайтып келу күндері негізге алына отырып, күндер саны негізінде айқындалады.
245-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдап отыру бойынша;
2) салық төлеушінің директорлар кеңесінің, атқарушы органдарынан басқа, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде, олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, адамдарды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
Өкілдік шығыстарға, оның ішінде:
1) осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыларға жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы адамдарды көлікпен қамтамасыз етуге;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай адамдарды тамақтандыруға;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) безендіруге арналған шығыстар да жатады.
2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай адамдар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы адамдарды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.
Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жол жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.
3. Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсаты және оны өткізуге жауапты адамдар көрсетілген, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен осындай іс-шара шығыстарының сметасы;
3) жауапты адамдардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, өткізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстарын шегеруді жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
4. Өкілдік шығыстар салықтық кезең ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, жұмыскерлердің салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.
246-бап. Сыйақы бойынша шегерім
1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстің 1-бабының 62) тармақшасында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға жататын сыйақы сомасы осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісі бойынша айқындалады.
3. Осы Кодекстің 250-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жататын провизияларды (резервтерді) құруға құқылы тұлғаға және (немесе) осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаға міндеттемелер бойынша сыйақылар салық төлеуші немесе үшінші тұлға осындай салық төлеушінің міндеттемелері есебіне іс жүзінде төлеген:
1) есепті салықтық кезеңде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі;
2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі мөлшерде шегерімге жатқызылуға жатады.
4. Сыйақыны шегеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д)+(КС/МС) х (ШК) х (Б+В+Г),
мұнда:
А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;
Б - Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
В - Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Г - В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, Г1 және Г2 көрсеткіштерінің сомасы;
Г1 - өзара байланысты тараптың депозитімен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Г2 - есепті салықтық кезеңде өзара байланысты тарап кепілдік, кепілгерлік немесе өзге қамтамасыз ету нысаны бойынша міндеттемелерді орындаған (қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асырған) жағдайда, өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етілген кепілдігімен, кепілгерлігімен немесе өзге қамтамасыз ету нысанымен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Д - Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
ШК - шекті коэффициент;
КС - меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс объектісінің құнына енгізілетін сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаттары үшін тәуелсіз тарап деп танылады.
5. Осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін:
1) меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы меншікті капиталдың есепті салықтық кезеңнің әрбір айының соңындағы орташа арифметикалық сомасына тең. Меншікті капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаттары үшін нөлге тең деп танылады;
2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы міндеттемелердің есепті салықтық кезеңнің әрбір айындағы орташа арифметикалық ең үлкен сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер;
жұмыскерлердің жалақысы және өзге де кірістері;
өзара байланысты тараптан алынатын кірістерді қоспағанда, болашақ кезеңдердің кірістері;
сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер;
бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке жазылған бағалау міндеттемелері бойынша есепке жазылған міндеттемелер есепке алынбайды;
3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін - 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.
6. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін осындай тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсаттары үшін осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.
247-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім
1. Егер салық төлеушi бұрын кіріс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредиторға төлеген жағдайда, онда осы Кодекстің 405-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, жүргiзiлген төлемнiң мөлшеріндегі сома шегерiмге жатады.
Мұндай шегерiм төлем жасалған салықтық кезеңде бұрын кіріске жатқызылған сома шегiнде жүргізіледі.
2. Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 229-бабына сәйкес бұрын кіріс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.
248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:
1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті заңды тұлғаның тұрақты мекемесі, құрылымдық бөлімшесі арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған;
2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;
3) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуға байланысты және осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелетін үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.
2. Мыналарды:
1) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген;
2) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғадан өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша талап ету құқығын сатып алуды;
4) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады.
3. Мыналарда:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғада - өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тұлғада - өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын және тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ бұрын танылған кіріс мөлшерінен аспайтын мөлшердегі сома мен өзі бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны арасындағы оң айырма мөлшерінде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада - өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын, сондай-ақ тауарларды осындай өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыптарының (айыппұлдардың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын, бірақ осы Кодекстің 233-бабына сәйкес бұрын танылған кірістің талап ету құқығын сатып алу құнына ұлғайтылған мөлшерінен аспайтын мөлшерде;
4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада - осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында айқындалған кіріс ретінде танылған сомалар мөлшерінде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тұлғаларда:
кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша - кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
қалған жағдайларда:
өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету бойынша тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап;
2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғаларда:
кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша - кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
лизинг шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
қалған жағдайларда - мына күндердің:
өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалған талап етуді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннің;
өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындалу мерзімі айқындалмаған талап ету құқығы басқаға берілген күннің ішінде ең кеш болатын күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерiмге жатады.
5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген салықтық кезеңде шегерiмге жатады.
6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәнді талаптар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде шегерімге жатады.
7. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған:
1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
4) жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.
8. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) талаптардың туындауын растайтын құжаттар болған;
2) талаптар шегерімдерге жатқызу кезінде бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген не осындай талаптар алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығыстарға жатқызылған кезде жүргізіледі.
9. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардан бөлек, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының көшiрмесi болуы қажет.
249-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есепке жазылған шығыстарды:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналарын);
4) осы Кодекстің 250-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстарды;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;
6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты өзге шығыстарын шегерімге жатқызуға құқылы.
2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша:
1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:
Ш х (А/Б), мұнда:
Ш - есепті салықтық кезеңде төленуге жататын (төленген) шығыстар;
А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде шығыстар есепке жазылған күнге дейін алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) түріндегі кіріс сомасынан аспауға тиіс.
250-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерім
Бірінші бөліқтің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 30-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады.
Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған, корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақыларға;
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) жабылмаған аккредитивтерге, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.
1-тармақтың төртінші бөлігі 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Осы тармақтың ережелері:
өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;
бұрын өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.
2-тармақ 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2. Банктердің бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алу үшін осындай бас банк еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды.
Банктер екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы емес.
3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) қаржы лизингін;
2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизиялар (резервтер) жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде есепке алынады.
4-тармақ 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4. Осы баптың 1-тармағының ережелері бұрын өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңінің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегеруге құқығы бар.