43) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
44) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;
45) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып табылады.
19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21-1. 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.13.10. № 644 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.19.11. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.25.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.15.12. № 861 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
4. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 164-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 55-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 345-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 351-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 365-құжат).