Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі № 1060 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1118 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1999 ж., № 49, 472-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында "ведомстволары" деген сөз "ведомствосы" деген сөзбен ауыстырылсын, "Инвестициялар жөніндегі комитет" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың 6-1) тармақшасы алынып тасталсын;
11-тармақта:
9) тармақшадағы ",сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты жөніндегі мәселелері" деген сөздер алынып тасталсын;
9-1) тармақша алынып тасталсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысының 1, 2-тармақтары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 628 қаулысы.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |