Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысы
(2021.04.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.08. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2021.04.08. № 516 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласында өкілдігі бар.
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 989 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Инвестициялар комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.31.07. № 561 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 936 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы -Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу бойынша шараларды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.08. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
3) шет елде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
10) «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.19.09. № 989 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.09. № 586 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.29.12. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.07. № 497 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.07. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.07.04. № 180 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 281 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.15.12. № 861 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.07.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.04.08. № 516 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;
2) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру, сондай-ақ Президент пен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру;
3) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
4) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
5) нысаналы мемлекеттер мен өңірлерге мамандандырылған зерттеулер жүргізу;
6) сыртқы саяси процестерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу;
7) негізгі шетелдік авторлармен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар тұжырымдау;
9) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан процестер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;
10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
11) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
13) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен қол жеткізген уағдаластықтарының есебін ұсыну;
15) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
16) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
17) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін бекіту;
18) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;
19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты тұжырымдауға және жүргізуге қатысу;
20) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін елдік және әлемдік экономиканың даму саласында ұсыныстар және ұсынымдар тұжырымдау;
21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
22) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындаушы органдар мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы және олардың көлемі туралы ұсыныстар тұжырымдау;
23) халықаралық жағдайдың мониторингі және әлемдік экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы жаһандық трендтерді анықтау;
24) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
25) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жинақтау;
26) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
27) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету;
28) орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен қатынастардағы қызметін үйлестіру;
29) жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;
30) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жіберу;
31) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы мәліметтерді жіберу;
32) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
33) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
34) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
35) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестицияларды, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу;
36) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;
37) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
38) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
39) мемлекеттік қызметтер көрсету;
40) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
41) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
42) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту;
43) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру;
44) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу;
45) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындауды қайта бастау, күшін жою және қолданысын тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;
46) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытындылар беру;
47) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
48) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау;
49) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
50) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау;
51) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу;
52) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
53) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
54) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;
55) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру;
56) Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;
57) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялау үшін ұсыну;
58) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
59) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
60) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою;
61) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының және Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлеу;
62) жоғалғанның, ұрланғанның орнына Қазақстан Республикасының жаңа дипломатиялық және қызметтік паспортын беру үшін жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпаратты тексеру тәртібін бекіту;
63) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын жою жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын бекіту;
64) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін, оны ресімдеу, беру және ауыстыру тәртібін әзірлеу;
65) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасы азаматтарынан - жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда - паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою;
66) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны жоспарлау, жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау тәртібін әзірлеу;
67) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу;
68) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асыру, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастыру;
69) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
70) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз ету;
71) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасау;
72) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тарту;
73) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту;
74) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
75) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;
76) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша болу мемлекетінде, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты шаралар қабылдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тәртібін бекіту;
77) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;