11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансынан мәліметтерді жүргізу 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 72-бабына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу шеңберінде пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуда жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақ көмірсутектер бойынша және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Көмірсутектер, уран бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшарттарда көзделген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру осы баптың 13 және 16-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасуға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өтініш жібереді, онда көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, олардың негіздемелері және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер жазылуға тиіс.
Құзыретті орган келіп түскен өтінішті бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатындағы құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға өз ұсынымдарын жібереді.
Құзыретті орган сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығарады.
Құзыретті органның келіссөздерді бастау туралы шешімінде оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа жұмыс тобы мақұлдаған толықтырудың жобасына құзыретті орган оны жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қол қояды.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар шарттарының жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі аз болмайды.
Осы тармаққа сәйкес көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа мұндай келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.»;
13-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «12-тармағына» деген сөздер «12 немесе 12-1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «және оған түсіндірме жазба» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «ұсынылатын» деген сөз «жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға):
1) уранды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын);
2) көмірсутектерді, уранды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.»;
14-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «12» деген цифрлар «12-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Осы» деген сөз «Уранды қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақтың сегізінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі бойынша міндеттемелері;».
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
149-бапта:
2-тармақ «екінші деңгейдегі банкінде» деген сөздерден кейін «немесе Ұлттық пошта операторында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «екінші деңгейдегі банктің банктік салымның бар-жоғы туралы анықтамасын» деген сөздер «банктік салымның бар-жоғы туралы анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «екінші деңгейдегі банк» деген сөздер «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе Ұлттық пошта операторы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 34) тармақшасының бесінші абзацын;
2) 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 42) тармақшасын, 43) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 44) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын;
3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 28 желтоқсан
№ 52-VIІІ ҚРЗ