ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңдардың жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі осы Кодекспен қатынастары реттелетін лауазымды адамдар мен басқа да қатысушылар қалыптастыратын және ұсынатын мәліметтердің міндетті түрде анық және толық болуына негізделеді.»;
3) 36-бапта:
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі жөніндегі міндеттемелері;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттардан басқа, сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы Кодекстің 153-1-бабында көзделген инвестициялық міндеттеме қамтылуға тиіс.»;
2-1-тармақтың 12) тармақшасы «жағдайда» деген сөзден кейін «тауарлардағы,» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «мөлшері мен мерзімдері» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу мөлшері мен мерзімдері» деген сөздер «жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелер туындаған;»;
5) 43-баптың 1-тармағы «(жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті)» деген сөздерден кейін «және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 57-баптың 2-тармағындағы «екінші деңгейдегі банкте» деген сөздер «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 60-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді, ақпараттық жүйелер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімін, жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуын немесе кепілін тіркеуді автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаларды ерікті түрде қатысу шарттарымен құзыретті орган айқындайтын тәртіппен іске асыру;»;
8) 64-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
«17-2) пайдалы қатты қазбалар кен орындарын барлау бойынша ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
9) 72-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
9. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес құзыретті тұлға дайындаған және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепте қамтылған ресурстар мен қорлар бойынша деректер пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға мынадай тәртіппен енгізілуге жатады:
1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есеп күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады;
2) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті қабылдау және пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізу туралы немесе пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті оған уәжді қарсылықпен қайтару туралы шешім қабылдауға тиіс;
3) егер уәкілетті орган осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті уәжді қарсылықпен қайтарса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш беруші немесе жер қойнауын пайдаланушы оны пысықтауға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қарсылығына шағым жасауға құқылы;
4) егер пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепте жүргізілген өндіруді және ысырапты ескере отырып, ресурстардың шамасы бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларына қатысты жиырма бес пайыздан астам азайған болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды осындай өзгерістердің негізділігі тұрғысынан тыңдауды жүргізеді және пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға қабылдау туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы уәжді қорытынды шығарады. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қорытындысына мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.
Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорлары туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.»;
10) 76-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қызметінің нәтижесінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептер дайындалған жер қойнауын пайдаланушылар олардың көшірмелерін геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға ұсынуға міндетті.
Көрсетілген есептер және онда қамтылған мәліметтер құпия болып табылмайды және осы Кодекске сәйкес ашып көрсетілуге жатады.»;
11) 77-баптың 1-тармағы «мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «тиісті жер қойнауын пайдалану құқығы берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеде» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 79-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекске сәйкес ұсынылатын пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептерде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәліметтерді жасырған немесе көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер ұсынған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
13) 94-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «тұрғылықты жері,» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «оның тұрған жері,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тараудың мақсаттары үшін жеке тұлғаның, мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын және (немесе) өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын, оның ішінде басқа заңды тұлғаның және (немесе) өзге ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иелену арқылы иеленетін заңды тұлғаның және (немесе) ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иеленуі қатысу үлестерін, акцияларды иелену деп танылады. Бұл ретте иелену меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына меншік құқығын білдіреді.
Осы тармақтың 2-1) тармақшасының өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халық аралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды.»;
14) 95-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «жұмыстардағы» деген сөз «тауарлардағы, жұмыстардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу шарты;»;
үшінші абзацтағы «мөлшері мен мерзімдерінің шарттары» деген сөздер «шарты» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару процесінде сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу шарты;»;
15) 96-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «тұрғылықты жері,» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «оның тұрған жері,», «, өтініш берушіні тікелей және (немесе) жанама бақылайтын барлық (кез келген) заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақшаның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар көрсетіле отырып, өтініш берушіні бақылау құрылымының нотариус куәландырған схемалық сипаттамасы;»;
16) 97-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады не анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Егер өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушінің осы баптың 3-тармағының 2), 4) 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмейтіні белгіленсе, құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер белгіленген мерзімде берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша оның осы Кодекстің 96-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, құзыретті орган бұл жөнінде өтініш берушіні анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабардар етеді.
Өтініш беруші құзыретті органның хабарламасында көрсетілген анықталған сәйкессіздіктерді құзыретті орган хабарлама жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға құқылы.
Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін құзыретті органға өтінішті қайта жібереді. Мұндай өтініш осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім өткенге дейін, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Осы бөлікке сәйкес қайта берілген өтініш бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш берушіні аукционға қатысуға жібереді не жіберуден бас тартады.
Аукционды өткізу туралы хабархатта көрсетілген аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімінің аяқталуы, егер ол осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде берілсе, осы тармаққа сәйкес қайта өтініш беруден және оны қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.»;
3-тармақта:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш беруші құзыретті орган көрсеткен аукционға қатысуға өтініштің анықталған сәйкессіздіктерін белгіленген мерзімде жоймаса;
2) өтініш аукционға қатысуға өтініштер беру үшін берілген мерзімнен кеш берілсе;»;
3) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақшадағы «өтінішті қабылдаудан» деген сөздер «аукционға қатысуға жіберуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«3),» және «, 8)» деген цифрлар алып тасталсын;
«өтінішті қабылдаудан» деген сөздер «аукционға қатысуға жіберуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Өтінішті қабылдаудан» деген сөздер «Аукционға қатысуға жіберуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 103-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның елу және одан көп пайыздан асатын мөлшердегі үлестік қатысуы ірі кен орындары бойынша тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты болып табылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ірі кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы үлестік қатысу мөлшерін азайту көмірсутектер саласындағы ұлттық компания немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауына өз бақылауын сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.»;
18) 106-баптың 1-1-тармағы 3) тармақшасындағы «бұзылған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.» деген сөздер «бұзылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 153-1-бабының 3-тармағына сәйкес сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемені орындамаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.»;
19) 107-баптың 9-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру процесінде сатып алған және (немесе) алған мүлік жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне өтеді, ол аукцион өткізу туралы хабархатта көрсетілген мерзімдерде мұндай мүліктің құнын бұрынғы меншік иесіне төлейді. Сенімгерлік басқарушы мұндай мүлікті берілетін мүліктің тізбесі мен оның жай-күйі туралы мәліметтерді қамтитын акт бойынша жаңа жер қойнауын пайдаланушыға береді.»;
20) 109-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері»;
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттық нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, оның ішінде кепіл кезінде иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасқан кезде сауда-саттықтың жеңімпазы болып табылатын тұлға, осы Кодекстің 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға құзыретті органның рұқсатын алуға міндетті.»;
үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сауда-саттықтың бастамашысы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттық жариялағанға дейін құзыретті органнан сауда-саттыққа шығарылған немесе сауда-саттыққа шығарылуға жататын тиісті объектімен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді сұратуға міндетті.
Құзыретті орган сұрау салуды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сауда-саттықтың бастамашысына жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді жібереді, онда мыналар қамтылады:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының қалған қолданылу мерзімін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығының мерзімі туралы мәліметтер;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарының бұзылғаны туралы хабарламалардың бар-жоғы туралы мәліметтер;
4) ұсынылған есептілікке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша талаптардың орындалуы туралы мәліметтер;
5) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу талаптарына әсер ететін өзге де мәліметтер.
Сауда-саттықтың бастамашысы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтерді алғаннан кейін сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда құзыретті органнан алынған жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) туралы мәліметтерді де жариялайды.
4. Кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттық өтпеді деп жарияланған кезде кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иесі болуға) не жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) бойынша осы баптың талаптары бұзыла отырып өткізілген сауда-саттық жарамсыз деп танылады.
Егер жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыру осы баптың талаптары бұзыла отырып жүзеге асырылса, құзыретті орган мұндай ауыстыруға рұқсат беруден бас тартады.»;
21) 113-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «сұралатын» деген сөз «жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасқан болса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі.»;
22) 114-баптың 8-тармағы 2) тармақшасындағы «бекітумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «бекітумен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 113-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтумен байланысты азайту жағдайларына қолданылмайды.»;
23) 115-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы және 3) тармақшадағы «немесе өндіруге» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «жағдайларда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындарына жататын өндіру учаскесін бөліп шығару жүргізіледі.»;
24) 117-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ықтимал ұзарту ескеріле отырып, осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайда күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы он екі жылдан аспайды.»;
«3-2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында немесе осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген ең жоғары мерзімдерден асатын, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;
3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сәйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.
Келісімшартқа толықтыруға қоса берілетін жұмыс бағдарламасында мыналар көзделуге тиіс:
1) ұңғыманы (ұңғымаларды) бұрғылау;
2) жер қойнауын пайдаланушы жылдар бойынша ұзарту кезеңінде жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемдері, сипаттамасы және орындалу мерзімдері.