Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш бергенге дейін өзінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шотында барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берген күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінде эскроу-шот шарттарымен ақша орналастырады.
Көрсетілген қаражатты жұмыс бағдарламасында көзделген барлау жұмыстарын орындауға ғана пайдалануға жол беріледі. Ұзарту кезеңінде жұмыс бағдарламасы орындалмаған жағдайда мұндай банктік шотта орналастырылған ақша Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес банктік шотта орналастырылған қаражат ұзарту кезеңіне арналған жұмыс бағдарламасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мұндай сомаларды Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге міндетті.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның осы Кодекстің 123-бабының 8-тармағына сәйкес берілген табу туралы растамасы (табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзарту кезінде) немесе қорлардың жедел есебі (сынап пайдалану мақсаттары үшін барлау кезеңін ұзарту кезінде) болған;
4) өтініш барлау кезеңі аяқталғанға дейін берілген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін алдыңғы барлау кезеңі аяқталған күннен бастап есептелетін он екі айға ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті құзыретті орган он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаса, құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзартудан бас тартады.
Құзыретті орган бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін он екі айға ұзартады. Осы баптың 6-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешімде көрсетілген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Барлау кезеңі мұндай ұзартылған кезде барлау кезеңін ұзартудың ең ұзақ мерзімінен барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өткен және барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге дейінгі толық айлардың саны алып тасталады.»;
6-тармақ 4) тармақшасындағы «жобасы қоса беріледі.» деген сөздер «жобасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайда:
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінен жер қойнауын пайдаланушының банктік шотында эскроу-шот шарттарымен тиісті ақшаның бар-жоғы туралы үзінді-көшірме қоса беріледі.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 4-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданысы - барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімі өткенге дейін, ал барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген жағдайда мұндай өтінішті қарау мерзімі ішінде де жалғасады. Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің ең ұзақ мерзімі барлау кезеңі ұзартылған мерзімге азайтылады.»;
25) 118-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Көмірсутектерді» деген сөз «Күрделі жобаларға жатпайтын көмірсутектерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кен орнын әзірлеудің бекітілген жобасы негізінде мұндай кен орнын сынап пайдалану кезіндегі өндірудің жобалық орташа тәуліктік көлемінен аспайтын деңгейде көмірсутектер өндіруді, ұңғымаларды бұрғылауды, консервациядан шығаруды, объектілерді сынақтан өткізу мен сынауды жүзеге асыруға құқылы.»;
26) 119-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «Күрделі» деген сөз «Осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 120-бапта:
2-тармақта:
«алты ай» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталарға дейін жиырма төрт айдан» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтағы «және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін» деген сөздер алып тасталсын;
28) 121-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Кодексте тыйым салынбаған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салу, сондай-ақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу жер қойнауын пайдаланушының немесе ауыртпалық салуға жататын акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иесінің өтініші бойынша құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беру туралы өтініште мыналар қамтылуға тиіс:
1) өтініш беруші және пайдасына ауыртпалық салу жүргізілетін тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер:
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін - атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш берушінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), мұндай заңды тұлғаны бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) туындауы және (немесе) сатып алынуы туралы мәліметтер;
3) ауыртпалық салуға жататын акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) туралы мәліметтер;
4) ауыртпалықтың туындау негізі;
5) егер ауыртпалық ақшалай талапқа байланысты туындаса - талап ету сомасын, өзге талапқа байланысты туындаса - мұндай талаптың сипатын көрсету.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беру туралы өтінішке ауыртпалықтың туындауына негіз болған құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде жасалуы мүмкін, әрбір құжатқа оның дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы міндетті түрде қоса беріледі.
Өтініш он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салуға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
өтініште осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтер болмаса;
өтінішке осы тармақтың үшінші және (немесе) төртінші бөліктерінде көзделген құжаттар қоса берілмесе;
егер ауыртпалық өзінің талаптары осы баптың 15-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсатына не Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен қайта бөлуді ұйымдастыру үшін пайдалануды көздемейтін, қарыз бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепіл шарты негізінде туындаса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салу және (немесе) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе бас тартады.»;
29) 123-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Жер қойнауын пайдаланушы күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген ұңғыманы бұрғылаудан мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) жер қойнауы учаскесінде барлау жұмыстарының жобасына және жұмыс бағдарламасына сәйкес сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілген;
2) бас тарту туралы өтініш барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілген кезде бас тартуға құқылы.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауының барлық учаскесін қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес бұрғылаудан бас тартылған және жер қойнауы учаскесі қайтарылған жағдайда бұрғылау жөніндегі міндеттеме тоқтатылды деп есептеледі.»;
30) 126-бапта:
2-тармақ 2) тармақшасындағы «(оның бөліктерінде) жүргізіледі.» деген сөздер «(оның бөліктерінде);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесі қайтарылған жағдайда, жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.»;
3-тармақта:
бірінші абзац «тұлға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесін қайтаратыны туралы мәлімдеген жер қойнауын пайдаланушы» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «тоқтатылған» деген сөзден кейін «немесе жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 129-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі орындалған жағдайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыруға көзделген соманың пайдаланылмаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 120-бабының 10-тармағына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттеме өндіру кезеңінің алғашқы жылынан бастап қолданылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттеме шеңберінде жүзеге асырылатын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.»;
32) 130-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
33) 138-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көмірсутектерді барлаудың салдарын жою жобасы осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жасалады.»;
34) 139-бапта:
2-тармақтағы «Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін» деген сөздер «Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін жобаны қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын» деген сөздер «Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 34) тармақшасының бесінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«тиісті экологиялық рұқсат» деген сөздер «қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқ екені туралы тұжырымы бар қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту аясын және (немесе) белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 140-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді.»;
36) 142-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды талап етпейтін жобалау көрсеткіштерін түзету жобалау ұйымының авторлық қадағалау жүргізуі шеңберінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жобалау көрсеткіштерін түзету талап етілетін жағдайлар белгіленеді.
Жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау жөніндегі есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатпайды және оны жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен электрондық түрде жібереді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авторлық қадағалау;»;
4-тармақтағы «жыл сайынғы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жыл сайынғы» деген сөздер алып тасталсын;
37) 147-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделген көлемдерде өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын;»;
38) 21-тараудың тақырыбы «көмірсутектерді барлау мен өндіруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектер өндіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
39) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:
«153-1-бап. Сарқылып жатқан кен орындарында көмірсутектерді өндіру
1. Сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай шарттарды сақтауға міндетті:
1) кен орнының осы баптың 2-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес болуы. Бұл ретте мұндай сәйкестік осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын әзірлеу жобасында көрсетіледі;
2) жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемені орындауы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 3-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемесін орындау жөніндегі міндеттеме енгізілген кезде сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылады.
2. Көмірсутектер кен орны оны әзірлеу барысында мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне қол жеткізілген жағдайда сарқылып жатқандар санатына жатады:
көмірсутектердің ірі кен орындары үшін қорлардың игерілуі бекітілген алынатын қорлардың жетпіс және одан көп пайызын және кен орнының су басуы сексен бес және одан көп пайызды құрауға тиіс;
мұнай алудың ағымдағы коэффициенті бірліктің 0,4 және одан көп үлесін құрауға тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген инвестициялау коэффициентінің және өткен жылдың қорытындысы бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 723-бабына сәйкес салықтық есепке алу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген, сарқылып жатқан кен орны бойынша жылдық жиынтық кіріс сомасының көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем болмайтын мөлшерде мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыру және (немесе) осы Кодекстің 129-бабында белгіленген тәртіппен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қосымша қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының мұндай кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі болып табылады.
4. Сарқылып жатқан кен орны бойынша инвестициялау коэффициенті мұндай кен орны бойынша көмірсутектерді өндірудің нақты жылдық көлемі негізге алына отырып белгінеді және мыналарды құрайды:
Р/с № | Жылдық өндіру көлемі | Инвестициялау коэффициенті, %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | 250 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 1,0 |
2. | 250 000 тоннадан жоғары және 500 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 2,0 |
3. | 500 000 тоннадан жоғары және 1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 3,0 |
4. | 1 000 000 тоннадан жоғары және 2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 4,0 |
5. | 2 000 000 тоннадан жоғары және 3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5,0 |
6. | 3 000 000 тоннадан жоғары және 4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 5,5 |
7. | 4 000 000 тоннадан жоғары және 5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 6,5 |
8. | 5 000 000 тоннадан жоғары және 7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 7,0 |
9. | 7 000 000 тоннадан жоғары және 10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін | 8,0 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 8,5 |
».;
40) 187-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «екінші деңгейдегі банкіндегі» деген сөздерден кейін «немесе Ұлттық пошта операторындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 204-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «екінші деңгейдегі банкіндегі» деген сөздерден кейін «немесе Ұлттық пошта операторындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 42) тармақшасы 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
42) 214-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға енгізілген қорлары және (немесе) ресурстары бар және жер қойнауын пайдаланушы үшін коммерциялық қызығушылық тудыратын жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.»;
43) 277-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органның рұқсатымен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі қамтамасыз етудің тарату қоры түрінде қалыптастырылған барлық сомасын тарату қорының қаражатын тиісті кепілді қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымға аудару жолымен банктік салымның кепіліне ауыстыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-2 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-2. Жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісім-шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарт бойынша өндіру жүзеге асырылған көмірсутектердің ірі кен орындарына қатысты осы Кодекстің 28-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің, 2-тармағы үшінші бөлігінің, 36-бабының 1-1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының, 1-2 және 2-1-тармақтарының, 4-тармағы екінші және төртінші бөліктерінің, 5-1-тармағының, 78-бабы 2-тармағының, 95-бабы 2-1-тармағының, 116-бабы 2 - 8, 11-тармақтарының, 119-бабы 1-1-тармағының, 7-тармағы екінші бөлігінің, 8-тармағы үшінші бөлігінің, 18-1 - 18-4-тармақтарының, 121-бабының 16-тармағы үшінші бөлігінің, 123-бабы 15-тармағының, 126-бабы 6-1 - 6-4-тармақтарының, 7-тармағы үшінші бөлігінің, 130-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің, 131-бабы 8-тармағының ережелері қолданылмайды деп белгіленсін.»;
«5-1. Осы Кодекстің 64-бабының 16-1) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.»;
1-тармақтың 43) тармақшасының жетінші - оныншы абзацтары 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «2024» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар алып тасталсын;
12-тармақтың бірінші абзацындағы «2024» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын;
14-тармақта:
1-тармақтың 43) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац «тиісті қатынастарға мынадай» деген сөздер «тиісті қатынастарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда мыналар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «2024» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12) тармақшасының;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) көмірсутектер және уран өндіру бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі осы Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатыны ескеріле отырып қолданылатын 76-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшасының;»;
1-тармақтың 43) тармақшасының он сегізінші - жиырмасыншы абзацтары 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақшадағы «2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121 және 122-баптарының қолданысы осы Кодекстің 278-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда жалғасады.»;
44) 278-бапта:
1-тармақтың 44) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2023 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар не берілген өндіруге арналған лицензиялар қолданылатын жер қойнауы учаскелерінің аумақтарына және (немесе) кен орындарына қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жер қойнауын пайдаланушылар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеуді жүзеге асыруға құқылы деп белгіленсін.
Өтініш берушілер осы Кодекстің 204-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия алуға өтініш берген кезде құзыретті органға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі есепті ұсынуға құқылы.»;