58) 595-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-жолмен толықтырылсын:
«
| 16. | 5G ұялы байланысы/IMT (қабылдауға ені 5 МГц/беруге 5 МГц жиіліктер белдеуі үшін) | облыс, республикалық маңызы бар қала және астана | 1150 |
»;
59) 609-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті тұлғалардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;»;
1-тармағының 60) - 74) тармақшалары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 616-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «талапкерлер - Ұлы Отан» деген сөздер «Ұлы Отан» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 630-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мынадай жеке тұлғалар ұсынуға міндетті:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлік:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
инвестициялық алтын;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
осы Кодекстің 631-бабының 5-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
осы Кодекстің 631-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
3) цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларының ережелері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған тұлғаларға қолданылмайды.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Жеке тұлға осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімде активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынбаған кезде салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүргізу кезінде декларацияны ұсыну міндеттемесі немесе құқығы туындаған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша уәкілетті органдардан, үшінші тұлғалардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мүлік (активтер) және міндеттемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
Уәкілетті орган жеке тұлғаның веб-қосымшасында жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттардағы ақша қалдықтары;
есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер бойынша мәліметтерді орналастырады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны тапсырғаннан кейін» деген сөздер «, егер мұндай жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы тараудың мақсаттары үшін айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын жылдың алдындағы есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш түсініледі.»;
62) 631-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «630-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздер «630-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер;»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;»;
сегізінші абзацтағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде» деген сөздер «осы баптың 5-тармағында көрсетілген,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында құны болған кезде құны бір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын басқа мүлікті көрсетуге құқылы.
Бұл ретте бағалау құны осы Кодекстің 632-бабында белгіленген декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
Осы тармақтың ережесі мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда декларация жасалған күнге:
1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде - жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған кезде міндетті түрде қоса берілуге жатады.
Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі.
Бұл ретте активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда берілген лицензия негізінде әрекет ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушының қарыздық краудфандингтік платформасы пайдаланыла отырып жасалған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетілмейді.»;
63) 632-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызмет өткеру кезеңіне ұзарту туралы хабарлама салық органына жіберілмей ұзартылады.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесін жоғалтқан кезде әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде жеке тұлға ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлғаның декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей ұсынады.»;
64) 633-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары, резидент - жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезең ішінде мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде ұсынады:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті алған тұлғалар;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;
7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар;
8) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
9) Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде есепті салықтық кезең ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін;
инвестициялық алтынды сатып алған тұлғалар;
10) салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш ұсынған тұлғалар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) - 8) тармақшаларының ережелері ағымдағы есепті кезеңде бір мезгілде осы Кодекстің 630-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған тұлғаларға қолданылмайды.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
65) 634-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осы Кодекстің 634-бабының 6-тармағында көрсетілген, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген» деген сөздер «Осы Кодекстің 633-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда декларация жасалған күнге:
1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде - жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған кезде міндетті түрде қоса берілуге жатады.
Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі.
Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларацияда берілген лицензия негізінде әрекет ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушының қарыздық краудфандингтік платформасы пайдаланыла отырып жасалған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетілмейді.»;
66) 635-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызмет өткеру кезеңіне ұзарту туралы хабарлама салық органына жіберілмей ұзартылады.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесін жоғалтқан кезде әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде жеке тұлға ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлғаның декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей ұсынады.»;
67) 636 және 637-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
2. Дара кәсіпкердің және резидент - еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын оның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің және резидент - еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістері
қосу
жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі,
қосу
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы қолданылған жағдайда, жұмыс беруші есепке жазған осындай кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірісті түзету
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
3. Дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 366-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
алу
осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірісті түзету
алу
осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер.
4. Резидент - еңбекші көшіп келушінің салық салынатын кіріс сомасы осы Кодекстің 642-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
637-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеу
1. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға:
1) кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда - жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен айқындалатын дара кәсіпкердің кірісі бойынша;
2) кірістер мен мүлік туралы декларацияда - өз бетінше салық салуына жататын қалған кірістер бойынша жүргізеді.
2. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерінен алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің тиісті сомасына қолдану жолымен есептеледі.
3. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы
алу
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы қолданылған жағдайда, оның осындай кірістерінен есептелген жеке табыс салығының сомасы,
алу
осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 638-1-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы.
4. Еңбекші көшіп келушілердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер осы Кодекстің 642-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен өз бетінше жүргізеді.»;
68) мынадай мазмұндағы 638-1-баппен толықтырылсын:
«638-1-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу
1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптің бірімен айқындалатын шамаға азаяды:
1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынған), бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан кем мөлшерлемені қолдана отырып есептелген, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады;
2) шама мынадай тәртіппен айқындалады:
Сш = К х (Мк-Мт) / 100%, мұнда:
Сш - осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық;
К - дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісі немесе салық салынатын кірісі;
Мк - Қазақстан Республикасында бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісінен немесе салық салынатын кірісінен 10 пайыздан кем мөлшерлеме бойынша ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт - осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға жататын пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас, пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе өзге де шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі - пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).
Осы тармақшаның ережесі, егер резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесінен артық болса, пайдаланылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент - жеке тұлғада мынадай:
резиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстап қалуын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударуын растайтын құжаттардың;
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынған) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілгенін растайтын, шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың);
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданған кезде осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.»;
69) 641-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей мынадай тәртіппен жүзеге асырады:»;
70) 643-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«643-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация және оны ұсыну мерзімдері
1. Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынады.
2. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация таратудың салықтық есептілігін қоспағанда, тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
3. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясын ұсыну мерзімі осы Кодекстің 65, 66 және 67-баптарында белгіленген.»;
71) 71-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 643-1-баппен толықтырылсын:
«643-1-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей тұрған жерінде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жерінде жүзеге асырылады.»;
72) 650-баптың 12-тармағының төртінші бөлігіндегі «табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 315 немесе 659-баптарында белгіленген мерзімде» деген сөздер «корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекстің 635 немесе 659-баптарында белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 658-баптың 5-тармағының сегізінші бөлігіндегі «жеке табыс салығы бойынша декларацияда», «жеке табыс салығы бойынша декларация» деген сөздер тиісінше «кірістер мен мүлік туралы декларацияда», «кірістер мен мүлік туралы декларация» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 659-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«659-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы Кодекске сәйкес жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент - жеке тұлға тұрғылықты (болатын) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады.
Ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шыққан жағдайда, бейрезидент - жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.