немесе
4) бағалы қағаздар кірісті алуға байланысы болмай туындаған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда - өтеу есебіне бағалы қағаз алынған дебиторлық берешек сомасы;
немесе
5) өтеусіз алынған бағалы қағаздардың құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда - бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске енгізілген құн;
немесе
6) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған бағалы қағаздар өткізілген жағдайда - бағалы қағаздың нарықтық құны.
Бағалы қағаздардың бастапқы құны құжатпен расталуға тиіс. Бағалы қағаздардың бастапқы құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұндай құн нөлге тең деп танылады.
Бағалы қағаздар бірлігінің бастапқы құны оларды өткізу, жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде уақыт бойынша алғашқы болып түскен бағалы қағаздардың бастапқы құны бойынша айқындалады.
16. Құқықтары немесе мәмілелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген борыштық бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
Эмиссиясы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген борыштық бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
17. Осы баптың 15-тармағының ережелері бастапқы құнды айқындау үшін қолданылмайтын жағдайларда бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
18. Осы баптың мақсатында, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін (берілетін) бағалы қағаздың нарықтық құны бағалы қағаздардың нарықтық құны болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген (берілген) салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.»;
31) 332-бапта:
4-тармақтағы «, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6, 5-7, 5-8 және 5-9-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен тұрады.
5-2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізуден, оның ішінде борыштық бағалы қағаздарды өтеуден алынатын нәтиже оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және салықтық кезеңде шығып қалудың әрбір операциясы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағазды өткізу, өтеу құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
5-3. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізудің барлық операциясынан алынатын нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса, құн өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
5-4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізудің барлық операциясынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес ескерілсе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
Осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларында, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар болып табылады.
5-5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс бағалы қағаздардың түскен күніне байланысты оларды хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде есептен шығару жолымен айқындалады.
5-6. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздардың бастапқы құны мыналар болып табылады:
1) оларды сатып алу құны, Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыға арналған шығыстар. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар бойынша сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опцион сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
немесе
2) егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент - заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда - акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны;
немесе
3) бағалы қағаздар осындай кірісті төлеу ретінде алынған жағдайда - салық агентінен алынған бұрын танылған кірістің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған және дара кәсіпкердің декларациясында немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген кірістің сомасы;
немесе
4) бағалы қағаздар кірісті алуға байланысы болмай туындаған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда - өтеу есебіне бағалы қағаз алынған дебиторлық берешек сомасы;
немесе
5) өтеусіз алынған бағалы қағаздардың құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда - бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске енгізілген құн;
немесе
6) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған бағалы қағаздар өткізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздардың нарықтық құны.
Бағалы қағаздардың бастапқы құны құжатпен расталуға тиіс. Бағалы қағаздардың бастапқы құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұндай құн нөлге тең деп танылады.
Бағалы қағаздар бірлігінің бастапқы құны оларды өткізу кезінде уақыт бойынша алғашқы болып түскен бағалы қағаздардың бастапқы құны бойынша айқындалады.
5-7. Құқықтары немесе мәмілелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген борыштық бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
Эмиссиясы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген борыштық бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
5-8. Осы баптың 5-6-тармағының ережелері бастапқы құнды айқындау үшін қолданылмайтын жағдайларда бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
5-9. Осы баптың мақсатында бағалы қағаз тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері туралы есепте немесе өзге құжатта айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін бағалы қағаздың нарықтық құны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген, мұрагерлік түрінде алынған өткізілетін осы бағалы қағаздың нарықтық құны болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.»;
32) мынадай мазмұндағы 332-1-баппен толықтырылсын:
«332-1-бап. Цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салудың ерекшеліктері
1. Осы бап осы бөлімнің мақсаттарында цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салудың ерекшеліктерін белгілейді.
2. Цифрлық активті өткізудің, сатып алудың тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген құны осындай цифрлық активтің құны байланыстырылған валюта айырбастаудың цифрлық активті өткізу немесе сатып алу жасалатын күннің алдындағы соңғы жұмыс күніне айқындалған нарықтық бағамы бойынша теңгеге аударылады.
3. Осы баптың мақсаттарында өткізу немесе сатып алу құнын есептеу кезінде тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің бір бірлігі осындай цифрлық активтің құны байланыстырылған шетел валютасының бір бірлігіне теңестіріледі.
4. Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті мынадай мүлікке:
цифрлық активке;
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікке;
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікке айырбастау мақсатында беру тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті беретін тарап үшін цифрлық активті өткізу болып табылмайды.
5. Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активті сату мақсатында беру, тіркеп-белгіленген құны бар, өткізілетін қамтамасыз етілмеген цифрлық активті басқа цифрлық активке айырбастау нәтижесінде бұрын сатып алынған жағдайларды қоспағанда, цифрлық активті өткізу болып табылады.
6. Цифрлық актив базалық актив болып табылатын жағдайдағы туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша алынған кіріс осындай мәміле аяқталған кезде алынған цифрлық активтердің құны мен мәміленің жасалу барысында пайдаланылған меншікті цифрлық активтердің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
7. Цифрлық активтерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырманы айқындау кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша уақыт бойынша бірінші келіп түскен есепке алу әдісі пайдаланылады.
8. Осы бапты қолдану мақсатында цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттарын және тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, цифрлық активті өткізу құны:
1) шетел валютасына немесе ұлттық валютаға сату мақсатында беру кезінде - тиісті шетел немесе ұлттық валютадағы мәміле мөлшерінде;
2) тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке айырбастау мақсатында беру кезінде - мәмілеге қатысатын тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
3) осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, цифрлық активке айырбастау мақсатында беру кезінде - берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12- тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
4) цифрлық активті қоспағанда, кез келген мүлікке айырбастау мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде беру кезінде - берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
5) цифрлық активті сыйға тарту, мұрагерлік шарты бойынша беру кезінде - нөлдік мөлшерде;
6) цифрлық активтерді өткізу құны болмаған кезде - берілетін цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде айқындалады.
10. Егер осы баптың 11-тармағында өзгеше көзделмесе, цифрлық активті сатып алу құны:
1) шетел валютасына немесе ұлттық валютаға сатып алу кезінде - тиісті шетел немесе ұлттық валютадағы мәміле мөлшерінде;
2) тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке айырбастау кезінде - мәмілеге қатысатын, тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, цифрлық активке айырбастау үшін сатып алу кезінде - сатып алынған цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
4) цифрлық активті қоспағанда, кез келген мүлікке айырбастау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу кезінде - сатып алынған цифрлық актив құнының осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған мөлшерінде;
5) цифрлық активті өтеусіз алу кезінде - нөлдік мөлшерде;
6) цифрлық активті цифрлық активтер биржасынан алу кезінде - осы баптың 12-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған, цифрлық активті алу күніне тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активте көрсетілген мөлшерде;
7) блокчейндегі келісімшартпен өзара іс-қимыл нәтижесінде цифрлық активті алу кезінде - нөлдік мөлшерде айқындалады.
11. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынған цифрлық активтердің бастапқы құны нөлге тең. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
12. Цифрлық активтердің құнын айқындау мақсатында осы баптың 9-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында және 10-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған интернет-ресурста орналастырылған ақпарат пайдаланылады.
Цифрлық активтердің құны көрсетілген интернет-ресурста цифрлық активтерді өткізу немесе сатып алу күнінің алдындағы тәуліктегі орташа өлшемді баға ретінде айқындалады.
Цифрлық активті өткізу жүргізілген күнге интернет-ресурста ақпарат болмаған жағдайда, цифрлық активтердің цифрлық активті өткізу жүргізілген күннің алдындағы, осындай цифрлық активпен сауда-саттық өткізілген соңғы күні айқындалған құны қолданылады.»;
33) 333-бапта:
1-тармақта:
8) тармақшадағы «бағалы қағаздар,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) бағалы қағаздар.»;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы «. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салу кезінде сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Бағалы қағаздарды жарғылық капиталына салым ретінде беру кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кірістен;
2) жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кірістен тұрады.
12. Бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беруден алынатын нәтиже оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және салықтық кезеңдегі шығып қалудың әрбір операциясы бойынша бағалы қағаздың жарғылық капиталға салым ретінде берілген құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
13. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салым ретінде берудің барлық операциясынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса, құн өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
14. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салым ретінде берудің барлық операциясынан алынатын нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес ескерілсе, жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
Осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларында, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабы 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар болып табылады.
15. Бағалы қағаздарды жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс бағалы қағаздардың түскен күніне байланысты оларды хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде есептен шығару жолымен айқындалады.
16. Бағалы қағаздардың бастапқы құны мыналар болып табылады:
1) оларды сатып алу құны, Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыға арналған шығыстар. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар бойынша сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опцион сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
немесе
2) егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент - заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда - акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны;
немесе
3) бағалы қағаздар осындай кірісті төлеу ретінде алынған жағдайда - салық агентінен алынған бұрын танылған кірістің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған және дара кәсіпкердің декларациясында немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген кірістің сомасы;
немесе
4) бағалы қағаздар кірісті алуға байланысы болмай туындаған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда - өтеу есебіне бағалы қағаз алынған дебиторлық берешек сомасы;
немесе
5) өтеусіз алынған бағалы қағаздардың құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда - бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске енгізілген құн;
немесе
6) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған бағалы қағаздар берілген жағдайда - бағалы қағаздың нарықтық құны.
Бағалы қағаздардың бастапқы құны құжатпен расталуға тиіс. Бағалы қағаздардың бастапқы құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұндай құн нөлге тең деп танылады.
Бағалы қағаздар бірлігінің бастапқы құны оларды өткізу, жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде уақыт бойынша алғашқы болып түскен бағалы қағаздардың бастапқы құны бойынша айқындалады.
17. Құқықтары немесе мәмілелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген борыштық бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
Эмиссиясы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген борыштық бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең.
18. Осы баптың 16-тармағының ережелері бастапқы құнды айқындау үшін қолданылмайтын жағдайларда бағалы қағаздардың бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
19. Осы баптың мақсатында, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге берілетін бағалы қағаздың нарықтық құны нарықтық құн болып табылады.
Бағалы қағаз тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері туралы есепте немесе өзге құжатта айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге берілетін бағалы қағаздың нарықтық құны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген, мұрагерлік түрінде алынған берілетін осы бағалы қағаздың нарықтық құны болып табылады
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік берілген салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.»;
1-тармағының 34) тармақшасының бірінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 336 және 337-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіби медиатордың кірісі.
2. Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты алынған шығыстарды өтеу сомаларын қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған кірістердің барлық түрі жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
3. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айда алынған кірістері бойынша есептеледі.
4. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төленуге жатады.
1-тармағының 34) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалады.
2. Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі, егер осы Кодекстің 20-бөлімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
1-тармағының 35) - 47) тармақшалары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 339-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «359-бабының» деген сөздер «638-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 341-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері шегінде бір жыл ішінде - жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір адамның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін кірісі.
Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адам агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түсетін кіріс жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс деп танылады:
сауынды табынның тірі ірі қара малы;
тірі ірі қара мал;
тірі жылқы және өзге жылқы тұқымдас жануарлар;
тірі түйе және түйе тектілер;
тірі қой мен ешкі;
тірі шошқа;
тірі үй құстары;
тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;