ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;
сауынды табын ірі қара малының шикі сүті;
үй құстарының жас немесе тоңазытылған еті;
картоп;
сәбіз;
қырыққабат;
баялды;
қызанақ;
қияр;
сарымсақ;
пияз;
қант қызылшасы;
алма;
алмұрт;
айва;
өрік;
шие;
шабдалы;
қара өрік;
ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойдың, ешкінің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақшаның ережелерін бір ғана салық агенті - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылығы кооперативі және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мынадай құжаттарды:
жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:
алаңын көрсетіп, жер учаскесінің;
санын көрсетіп, үй жануарларының;
санын көрсетіп, үй құстарының бар екенін растауын;
салық салуға жататын кірістерге түзету қолдануға арналған өтінішті ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданады.
Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылда кемінде бір рет ұсынылады;»;
«39-1) он алты жасқа толмаған балаларға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;»;
37) 342-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде - нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ерікті зейнетақы жарналары және стандартты шегерім түріндегі салықтық шегерімдер салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.»;
38) 343-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар» деген сөздер «, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «растайтын» деген сөз «өзге салықтық шегерімдерден басқа, растайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелер болған кезде стандартты шегерім күнтізбелік ай үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы шегінде мынадай реттілікпен:
1) жұмыскердің кірісіне - осындай кіріс сомасы шегінде;
2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске - стандартты шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.»;
39) мынадай мазмұндағы 345-1 және 345-2-баптармен толықтырылсын:
«345-1-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім
1. Салық агентінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына, оларды есептеу күніне сай келетін салықтық кезеңде қолданылады.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімді жеке тұлға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар сомасына мынадай күндердің неғұрлым кешірек болатын күні:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды есептеу күні;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды төлеу күні сай келетін салықтық кезеңде, осындай жарналардың төленгенін растайтын құжаттың негізінде өз бетінше қолданады.
345-2-бап. Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім салық агентінде нысанасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес есептелген, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасына, оларды есептеу күніне сай келетін салықтық кезеңде қолданылады.»;
40) 347-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне - әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23,5 еселенген мөлшерінде;
2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 11,75 еселенген мөлшерінде қолданылады.»;
41) 349-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«асырауындағы» деген сөз алып тасталсын;
«толмаған» деген сөзден кейін «, өзі өкілдік ететін» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 350-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «асырауындағы» деген сөз алып тасталып, «толмаған» деген сөзден кейін «, өзі өкілдік ететін» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 356-бапта:
1-тармақта:
сегізінші абзацтағы «345-бабында» деген сөздер «345-1-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:
салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
жеке табыс салығы бойынша түзетудің осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерімдер сомасы;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде айқындалады.
1-4. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салынуға жататын кірістердің салықтық кезең үшін есепке жазылған сомасы,
алу
ағымдағы салықтық кезеңдегі кірісті түзетудің осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-1-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-2-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 343-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерімдер сомасы.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға өзге шегерімдердің алдын ала сомасын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік жылдағы өзге шегерімдердің жоспарланған сомасы ретінде айқындайды. Жеке тұлға салық агентінде өзге шегерімдердің алдын ала сомасын әрбір күнтізбелік ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23,5 еселенген мөлшерінде не күнтізбелік жыл шегінде салықтық шегерімдердің асып кеткен сомасын кейіннен келесі айларға ауыстыра отырып, күнтізбелік ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінде қолдану сомасын өз бетінше айқындауға құқылы. Жеке тұлға мұндай соманы салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініште көрсетеді және оны салық агентіне ұсынады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскердің кірісінен және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:»;
сегізінші абзацтағы «345» деген цифрлар «345-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «346-бабында» деген сөздер «346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«359-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру тәртібі
1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайларда, жеке тұлғаның талабы бойынша салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде беруге міндетті.
2. Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтамада:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;
2) кірісті түзетудің;
3) мынадай:
міндетті зейнетақы жарналары;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар;
стандартты салықтық шегерімдер;
азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім;
басқа салықтық шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде қолданылған салықтық шегерімдердің;
4) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;
5) есептелген жеке табыс салығының;
6) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.»;
45) 360-баптың 2-тармағындағы «кірісті төлеу (алу) күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық» деген сөздер «орташа есеппен кіріс алынған күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың ресми» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 361-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын басқа құжатта көрсетілген қызметтер көрсету күні;»;
3) тармақша алып тасталсын;
47) 388-бап
«қызметтерін берушілер», «қызметтерін берушілерге», «қызметтерін берушілердің», «қызметтерін берушінің», «қызметтерін беруші» деген сөздерден кейін тиісінше «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер», «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге», «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің», «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің», «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
48) 394-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы «бірлестігінің» деген сөзден кейін «, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармағының 49) - 53) тармақшалары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 397-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру.»;
50) 48-тарау мынадай мазмұндағы 428-1 және 428-2-баптармен толықтырылсын:
«428-1-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу
1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер;
9) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару белгіленген тәртіппен акцизделетін тауарлар бойынша кедендік төлемдер мен акциздер төленген жағдайда қосылған құн салығын іс жүзінде төлемей жүргізіледі.
4. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есепке жазуда және есепке жатқызуда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
2) бұрын әкелінген тауарларды кері экспорттаудың кедендік рәсіміне сәйкес әкету;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.
Осы тармақтың ережелері импорттау кезіндегі қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.
428-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу
1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер;
9) асылтұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:
1) осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есепке жазу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде тауарларды әкелу кезіндегі қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
2) осы Кодекстің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
7. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына сай келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.»;
51) 461-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «Қазақстан» деген сөз «осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, өндірілуі, жиналуы (жинақталуы) еркін қойма аумағында жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «осы» деген сөз «жиналуын (жинақталуын) еркін қойма аумағында жүзеге асыруды қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 464-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы «акцизделетін» деген сөз «осы Кодекстің 527-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, өндірілуі, жиналуы (жинақталуы) еркін қойма аумағында жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, акцизделетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 484-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «50)» деген цифрлар «53)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
54) 553-баптың 2-тармағы кестесінің 2-жолының 2-бағанындағы «және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін» деген сөздер «, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативін» деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 580-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «балық шаруашылығы саласындағы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкілетті мемлекеттік орган мен» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік орган, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 56) - 58) тармақшалары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
56) 585-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман иеленушілер орман өсіру үшін нысаналы мақсатты орман пайдалану құқығын алған кезде;
мемлекеттік орман иеленушілер және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған, аралық пайдалану үшін ағаш кесуді және өрт болып өткен учаскелерде, егер мұндай өрттердің ауданы бір жүзден астам гектарды құраса, өзге де ағаш кесуді жүзеге асыратын адамдар төлемақы төлеушілер болып табылмайды.»;
57) 586-баптың бірінші абзацында:
1) тармақша «реттеу кезінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аралық пайдалану үшін ағаш кесуді және өрт болып өткен учаскелерде, егер мұндай өрттердің ауданы бір жүзден астам гектарды құраса, өзге де ағаш кесуді жүргізу кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «көлемін қоспағанда, мыналар:» деген сөздер «көлемін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аралық пайдалану үшін ағаш кесуді және өрт болып өткен учаскелерде, егер мұндай өрттердің ауданы бір жүзден астам гектарды құраса, өзге де ағаш кесуді жүргізу кезінде орман иеленушілер түбірімен босататын ағаш-бұта тұқымдастарының көлемін қоспағанда, мыналар:»;