4) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің техникалық құжаттамасын, тактикалық-техникалық тапсырмасын (техникалық өзіндік ерекшелігін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын) пысықтауды бақылау, олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігін тексеру;
5) республикалық бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу және өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі ұлттық стандарттарды сақтауын бақылау;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу, өндіру, жөндеу, жаңғырту, сынау және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және бағалауға қатысуы;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес тікелей де, кооперация тәртібімен де әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеуге және өндіруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге жатқызылған іс жүзіндегі шығындарды тексеру және келісу жөніндегі міндеттер жүктеледі.
4. Әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу кезінде әскери өкілдіктер:
1) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), олардың агрегаттарын, тораптары мен бөлшектерін өндіру сапасына және оларға сынақтар жүргізуге, сондай-ақ жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;
2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасына, сынақтардың жүргізілуіне, сондай-ақ олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;
3) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізуге қатысуға;
4) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) мерзімдік, біліктілік, үлгілік сынақтар жүргізуге қатысуға және олардың нәтижелері бойынша қорытындылар беруге;
5) өндіру, сынау және пайдалану нәтижелері бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сенімділігіне талдау жүргізуге қатысуға;
6) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сапасы мен сенімділігіне, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың қабылданған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сақтау шарттарын сақтауына және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдердің орындалуын бақылауға;
7) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің метрологиялық қамтамасыз етілуін, әскери мақсаттағы жұмыстардың орындалуын және әскери мақсаттағы қызметтердің көрсетілуін, сондай-ақ ұлттық стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылауға;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе тауардың (өнімнің) сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынаулардың теріс нәтижелері болған, пайдалану процесінде тауардың (өнімнің) істен шығуын туындатқан ақаулар анықталған кезде, егер бұл ақаулар өндірістегі тауарда да (өнімде де) болса, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) қабылдап алуды және тиеуді тоқтата тұруға;
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған кезде әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға міндетті.
5. Өндірісі аяқталмаған, жинақталмаған, белгіленген сынақтар жүргізілмеген және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт талаптарына басқа да сәйкессіздіктері бар әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) түпкілікті қабылдап алу туралы куәлікті немесе басқа да құжатты беруге тыйым салынады.
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне қолданылмайды.
28-бап. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді бөлу және беру
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың ведомстволық бағынысты мекемелеріне бөлу және беру мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың талаптарына сәйкес уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді бөлу және беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актісі (тапсыру актісі) (бұдан әрі - қабылдау-беру актісі) ресімделеді.
3. Қабылдау-беру актісіне беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды және оны қабылдаушы тараптың мемлекеттік мекемелерінің басшылары бекітеді.
Қабылдау-беру актісі қазақ және орыс тілдерінде төрт данада, қабылдау-беру актісін ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады.
4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді беруді есепке алу мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне қолданылмайды.
29-бап. Рекламация
1. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде пайдалану орны бойынша ақау анықталған не өндірілгені, жаңғыртылғаны, жөнделгені не техникалық қызмет көрсетуден өткені істен шыққан кезде белгіленген кепілдік мерзімі ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арқылы уәкілетті органды, әскери өкілді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны дереу хабардар етеді. Бұл тауар (өнім) пайдаланудан шығарылады және оның одан әрі зақымдалуын болғызбайтын әдіспен ақаудың немесе істен шығуының себептерін анықтағанға дейін одан әрі сақтау орнына жеткізіледі.
2. Өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлардағы (өнімдердегі), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардағы (өнімдердегі), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердегі ақаудың себептерін анықтау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы, уәкілетті орган өкілдерінің және әскери өкілдердің қатысуымен бірлескен комиссия құрылады. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалады.
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған жағдайда, әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) пайдалану процесінде:
1) тауарлардың (өнімдердің) өздерінің не олардың қосалқы бөлшектері мен жиынтықтауыштарының контрафактілі шығарылғаны;
2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта, тактикалық-техникалық тапсырмада (техникалық өзіндік ерекшелікте, тактикалық-техникалық сипаттамада) және конструкторлық-технологиялық құжаттамада, сондай-ақ тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаған кезде уәкілетті органның немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарының бірі оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндіруі болса, тауарларды (өнімдерді), олардың қосалқы бөлшектерін және жиынтықтауыштарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндірмегені;
3) тауарда (өнімде) жөндеуге келмейтін ақау анықталған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға толықтай ауыстыру үшін қайтарылуы мүмкін.
4. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде) жөндеуге келмейтін, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсінен болған, жасырын сипаты бар және зауыттық жағдайларда ғана анықталуы мүмкін ақау анықталған кезде, ақаулық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілген барлық тауарларда (өнімдерде) бар деп пайымдауға негіздер болса, тауарлардың (өнімдердің) барлық сериясы қайтарылуға жатады.
5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) не олардың сериясын оларды кейіннен ауыстыра отырып, өз бетінше кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ауыстыру мерзімі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға салынатын айыппұл санкцияларының сомасына ескеріледі.
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған кезде оған айыппұл санкциялары салынады, олардың мөлшері мазмұны мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартта әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде ақау анықталғандығы не мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілгенінің, жаңғыртылғанының, жөнделгенінің не техникалық қызмет көрсетуден өткенінің істен шығуы туралы хабарлама алынған күннен бастап белгіленген кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін белгіленеді.
7. Егер комиссия мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) дұрыс пайдаланбаудың және олардың істен шығуының арасындағы себептік-салдарлық байланысты анықтаса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі танылмайды.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31-бап. Өтпелі ережелер
1. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар мен қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер арасында осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар олар түпкілікті орындалғанға не тоқтатылғанға (бұзылғанға) дейін қолданылады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мүдделерінде қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлармен 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 20-баптың 2, 3, 5 және 7-тармақтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 39) және 40) тармақшаларын, 19-бабының 4-тармағын, 22 және 23-баптарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2019 жылғы наурыздың 18-і.
№ 236-VІ