3) отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту мақсатында құрылатын қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
4) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия) құрады, ол туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын бекiтеді;
5) уәкілетті ұйымды айқындайды;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекітеді;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекітеді;
9) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
10) қару-жарақ пен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) айналымын, оның ішінде экспорты мен импортын бақылауды ұйымдастырады;
11) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекітеді;
12) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді;
13) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6-бап. Уәкілетті органның функциялары
Уәкілетті орган:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және іске асырады;
2) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;
5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
8) ведомостволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдайды және тәртібін айқындайды;
10) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;
11) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлейді және бекітеді;
13) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлейді;
14) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлейді;
15) осы Заңның 7-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік етеді және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдайды;
18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлейді;
20) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді;
22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;
23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;
24) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;
25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;
26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
27) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;
28) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөледі және олардың тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;
29) ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
30) әскери мақсаттағы технологиялар бойынша жобаларды іске асыруды үйлестіреді;
31) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлейді;
34) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі - сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекітеді;
35) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;
36) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысады;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асырады;
6-баптың 39) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-баптың 40) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, бекітеді, өзгертеді, олардың күшін жояды және есепке алуды жүргізеді;
41) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті береді;
4) өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;
5) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
7) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;
9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
10) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді және оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;
13) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары
Уәкілетті ұйым:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау мен әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын импорттауды қоспағанда, мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін қажетті көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
2) пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды) жүзеге асырады;
3) оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
6) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен өндіретін қару-жарақ пен әскери техниканы халықаралық нарыққа ілгерілетуді жүзеге асырады;
7) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмелеріне, конференцияларына, семинарларына, таныстыру іс-шараларына, демонстрацияларына, сынақтарына қатысады және оларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
9) мемлекеттік кепілдіктермен берілетін мемлекеттік емес қарыздарды тартады;
10) қарыз шартында көрсетілген ұйымдармен мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар шеңберінде кейінге қалдыру төлемімен қорғаныс өнеркәсібі саласында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі шарттарды жасасады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН
9-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының функциялары
Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіруді, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру қауіпсіздігін, өндірілген қару-жарақ пен әскери техниканы бақылауды, есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
4) өндірілетін, дайындалатын әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асырады;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысады;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс іс-шараларының құнын қалыптастырады;
7) басым тәртіппен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындайды және (немесе) орындауға қатысады;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты, шарттар бойынша міндеттемелерді орындау кезінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ экспортқа беруді жүзеге асыру үшін тауарларды (өнімдерді), оның ішінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенде ғылыми және ғылыми-техникалық, оның ішінде өндірісті кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта қаруландыру жөніндегі жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық стандарттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
12) білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарларында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары
1. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қаржылық, ақпараттық-консультациялық қолдау ұсыну, кадр әлеуетін дамытуды қолдау, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруды қолдау, мемлекеттік преференциялар беру мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
3. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға дайындығын қамтамасыз ету;
2) қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру үшін өнеркәсіптік инфрақұрылымды құру;
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау рәсімдерін жетілдіру;
4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау
1. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда ұсынылады.
2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау:
1) екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының қарыздар беруі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
2) мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден субсидиялау;
3) негізгі қорларды жаңғыртуға және жаңартуға, өндірісті техникалық қайта қаруландыруға, қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықты ендіруге, жаңа өндірістерді ұйымдастыруға, жаңа технологияларды сатып алуға бағытталған инвестициялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық және кедендік жеңілдіктерді беру;
5) шетелдік берушілермен мәмілелер бойынша шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен бағамдық айырма бойынша өтеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік емес қарыздарды тарту үшін мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерліктерін беру;
7) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржылық қолдаудың өзге де шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
12-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын ақпараттық-консультациялық қолдау
Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын ақпараттық-консультациялық қолдау:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту үшін қажетті ақпарат қамтылған анықтамалықтар, каталогтар, бюллетеньдер, дерекқорлар шығару және (немесе) жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту үшін қажетті ақпаратты орналастыру;
3) көрмелер, конференциялар, семинарлар, таныстыру іс-шараларын, демонстрациялар өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды өткізуге жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау
Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау: