32) 66-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
33) 68-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары қарайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары арасындағы келіспеушіліктерді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
34) 72-бапта:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері;»;
2-тармақтың 34) тармақшасының бесінші абзацы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
35) 73-бапта:
тақырып пен 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған:»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттік алып қоюлардың көлемі;»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасына:»;
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасы қоса беріледі.»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 35) тармақшасының он сегізінші абзацының қолданылуы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац осы Заңның 2-бабының 5-тармағының редакциясында қолданылады
«4) қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;»;
2-тармақтың 35) тармақшасының он тоғызыншы абзацы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-1) тармақша алып тасталсын;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын талқылауды өткізеді.»;
36) 12-тарау мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
«73-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарымен бірлесіп әзірлейді және онда кезекті қаржы жылына арналған:
1) кірістердің, трансферттер түсімінің, шығындардың, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджеттер тапшылығының (профицитінің), бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;
3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері;
4) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.
4. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасына әрбір жергілікті бюджет бойынша:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;
2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;
3) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің кезекті қаржы жылына арналған бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясы мақұлдаған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей, жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынады.»;
37) 75-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.»;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекітеді.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы немесе шешім шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы аудандық (қалалық) мәслихаттар шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күннің ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
38) 78-бапта:
тақырып және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессиясында қарау»;
«2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің қатарынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері тартылуы мүмкін.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті мәслихаттың сессиясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасын талқылау аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасы жөніндегі, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) қорытындысымен бірге аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобасы жөніндегі баяндамаларын қамтиды.»;
39) 79-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі»;
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күннің ішінде қабылданады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджет туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейді.»;
үшінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттерді аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлу;»;
«2) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жоспарлы кезеңге арналған нысаналы даму трансферттері;»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне:
1) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) айқындалуы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жүктелген, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихаттың шешімін іске асыру үшін қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.»;
40) 82-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қамтамасыз етеді.»;
41) 84-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі;
4) республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында қабылдайтын шешімдері;»;
42) 85-бапта:
1-тармақ «жүргізуді» деген сөзден кейін «, оларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары қалыптастыратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды. Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімдерін, бюджетке алдыңғы жылдары түскен төлемдер түсімдерінің серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық серпінін талдау нәтижелерін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша жасалады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттарына беретін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді.»;
2-тармақтың 43) - 45) тармақшалары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
43) 88-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, жергілікті өзін-өзі басқарудың» деген сөздер алып тасталсын;
44) 95-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
45) 98-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «, жергілікті өзін-өзі басқару» деген сөздер алып тасталсын;
46) тармақша 2020 ж. 1 сәуірге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша осы Заңның 2-бабаның 6-тармағының редакцияда қолданылады
46) 102-1-бап алып тасталсын;
47) 104-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;»;
48) 106-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен жиілетпей нақтылауға жол беріледі.»;
49) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылау
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша жүргізіледі.
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылау облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда мәслихаттың тиісті шешімі облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.»;
50) 19-тарау мынадай мазмұндағы 109-1-баппен толықтырылсын:
«109-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті әкімдердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ауданның атқарушы органының және (немесе) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары, тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімі аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.»;
51) 110-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аз сомаға секвестрлеу - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің) шешімімен, он пайыздан жоғары сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің секвестр жүргізу туралы шешімінің негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.»;