екінші бөлік алып тасталсын;
38) 164-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына бекітіп берілген мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық оның құрылтайшысында сақталмайды.»;
39) 197-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша - республикалық және коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін бөлек есепке алу жүзеге асырылады.
Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммуналдық мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ұйымдастырады.»;
40) 200-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объектілері бөлек есепке алуға жатады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі мемлекеттік мүлік тізілімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының есепке алуына жатады.»;
41) 202-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуын бақылауды тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлікті алып қоюды республикалық мүлікке қатысты - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қатысты жергілікті атқарушы органдар немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.».
8. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 55-құжат):
1) 10-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтамау республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, салалық және жергілікті кәсіподақтардың оларды тіркеген органдар мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылуына алып келеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
2) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Өтпелі ережелер
Кәсіподақтар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде құрылтай құжаттары мен ұйымдық құрылымдарына осы Заңның талаптарына сәйкес өзгерістер енгізуге міндетті.
Осы бапта көзделген талаптар сақталмаған кезде кәсіподақтар әділет органдарының мәліметтері негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 12) тармақшасының екінші абзацын, 25) тармақшасының жетінші абзацын, 34) тармақшасының бесінші абзацын, 35) тармақшасының он тоғызыншы абзацын және 43) - 45) тармақшаларын, 3 және 4-тармақтарын, 5-тармағының 2) - 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының үшінші - тоғызыншы және он бірінші - он сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші - он алтыншы және он сегізінші - жиырма үшінші абзацтарын, 6-тармағын, 7-тармағының 1) - 5), 7) - 15) және 17) - 41) тармақшаларын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 12) тармақшасының төртінші абзацын;
3) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жиырма үшінші абзацын;
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын және 54) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 11) тармақшасы жетінші абзацының қолданылуы:
халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін;
халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.».
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасы үшінші абзацының қолданылуы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мынадай түсімдер:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.»;
2) халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мынадай түсімдер:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.».
4. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 26) тармақшасының сегізінші, он үшінші - жиырма сегізінші абзацтарының қолданылуы:
халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін;
халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне берілетін трансферттер;»;
«5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында мынадай бағыттар бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің шығыстары көзделеді:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерін жазу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
12) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылатын елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қоспағанда, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.».
5. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 35) тармақшасы он сегізінші абзацының қолданылуы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«4) қаладағы әрбір ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;»;
2) халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«4) қаладағы әрбір ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;».
6. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 46) тармақшасының қолданылуы 2020 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
«46) 102-1-бапта:
1 - 6-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында бюджет қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында есепті қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтарын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті бюджетінің түсімдері есебіне жатқызады.»;
2) халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
«46) 102-1-бапта:
1 - 6-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында бюджет қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында есепті қаржы жылының соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтарын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті бюджетінің түсімдері есебіне жатқызады.»;
7-тармақ алып тасталсын.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 11-і.
№ 90-VI