8. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, ағымдағы нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен қайтару сомалары, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»;
16) 45-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.
3. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық мәслихаттың шешімімен - облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасында;»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге белгіленеді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.»;
4-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды, облыстық бюджеттен, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.»;
17) 46-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;»;
3, 9, 13 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.»;
«9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.»;
«13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
Облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерімен нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.»;
«15. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.»;
18) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджеттен, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден бюджеттік кредиттер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілуі мүмкін.»;
19) 48-баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;»;
«3) нысаналы даму трансферттерін - нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес, нысаналы ағымдағы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
4) нәтижелерге қол жеткізбеуге алып келген, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
20) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында бөлу»;
21) 49-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.»;
«5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жатқызылады.»;
22) 50-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден трансферттер;»;
23) 52-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:»;
18) тармақшадағы «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері болып табылады» деген сөздер алып тасталып, 1), 3), 4), 6) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;»;
«3) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
4) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;»;
«6) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;»;
«17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:»;
1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;»;
2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.»;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады» деген сөздер алып тасталып, бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.»;
24) 8-тарау мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер
1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру үшін төлемақы.
2. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.»;
25) 54-баптың 1-тармағында:
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және мүгедек балаларды қоса, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;»;
12) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге трансферттер;»;
2-тармақтың 25) тармақшасының жетінші абзацы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
төртінші абзац алып тасталсын;
26) 56-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:»;
10) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 26) тармақшасының сегізінші абзацының қолданылуы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац осы Заңның 2-бабаның 4-тармағының редакциясында қолданылады
«аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен:»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.
2-тармақтың 26) тармақшасының он үшінші - жиырма сегізінші абзацтарының қолданылуы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтар осы Заңның 2-бабаның 4-тармағының редакциясында қолданылады
5. Облыстық маңызы бар қала бюджеті құрамында қаладағы ауданның шығыстары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:
1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
5) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
6) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
7) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
10) қоғамдық жұмысты, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
11) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
12) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
13) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
14) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттар.»;
27) 9-тарау мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
«56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
12) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
19) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
2) бюджеттік инвестициялық жобаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар да қаржыландырылады.
3. Осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
28) 59-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет комиссияларының құрамына: бюджет комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасарлары, хатшысы, мүшелері кіреді, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері кіреді.»;
29) 61-баптың 1-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдері аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге бөліне отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.»;
30) 64-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
31) 65-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.»;