8. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы);
қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері;
аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары;
келтірілген зиянның (залалдың) мөлшері;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жол берілген бұзушылықтары;
аварияны немесе оқыс оқиғаны және оның салдарын оқшаулау мен жою бойынша қабылданған шаралар;
аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар;
қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар;
комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер.
87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы
1. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым бес жұмыс күні ішінде аварияның салдарын жою және мұндай аварияларды болғызбау жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
3. Авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен туындаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға - рекламацияны, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
4. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым комиссияның шешімі бойынша аварияны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ заңды негіздер болған кезде құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.».
8-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған, тұрғынжайға мұқтаж ішкі істер органының қызметкері және оның отбасы мүшелері қызмет өткерген кезеңге мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.».
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; № 24-ІІ, 116-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 26 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-қосымшаның 35-жолының 3-бағанындағы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу» деген сөздер «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу және өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 61-1-жолмен толықтырылсын:
«
61-1. | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау | Қауіпті өндірістік объектіде: - тау-кен құтқару жұмыстарын; -газдан құтқару жұмыстарын; - бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған куәлік | |
»;
105-жол мынадай редакцияда жазылсын:
105. | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттарды беру | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсат | |
»;
3) 3-қосымшаның 29-тармағы алып тасталсын.
10. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;
24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;».
11. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7, 38-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ерекше индустриялық аймақ - аумағында халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол берілетін, жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құратын жекеше индустриялық аймақтың өзге түрі;
7-2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы - ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;
4-2) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;»;
3) 27-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше индустриялық аймақтың аумағында ішкі инженерлік инфрақұрылым объектілерін (инженерлік коммуникациялар) салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруды ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі (меншік иелері) өз қаражаты, жекеше инвестициялар, қарыздар есебінен жүзеге асырады.»;
4) 30-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптардан басқа, ерекше индустриялық аймақты құру тұжырымдамасы:
ерекше индустриялық аймаққа инвестициялар тарту жоспарын, оның ішінде жобаларды іске асыру кезеңдері мен мерзімдерін;
сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары негізінде индустриялық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі бар мемлекеттік емес заңды тұлға тартылған жағдайда әлеуетті басқарушы компаниямен ниеттер хаттамасын;
ерекше индустриялық аймақтың тиісті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуын қамтиды.»;
5) 33-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттары негізінде индустриялық аймақтарды құру және дамыту тәжірибесі бар мемлекеттік емес заңды тұлға ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын жағдайда, мұндай меншік иесі өзін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындауға құқылы.
Ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объект пайдалануға берілгеннен кейін жер учаскелерін ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына сатуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.»;
6) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Ерекше индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі
1. Осы Заңда белгіленгендерден басқа, ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеу шарттары:
1) ерекше индустриялық аймақтың жер учаскесінің меншік иесі өзін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде айқындауға құқылы;
2) ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ерекше индустриялық аймақтың бөлінетін жер учаскесінің меншік иесі болып табылуы мүмкін екенін көздейді.
Бұл ретте ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өз қалауы бойынша ерекше индустриялық аймақтың жер учаскелерін сату, мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебінен беруі мүмкін.
2. Сатылған жағдайда жер учаскесі ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына оның кепілін және үшінші тұлғаларға қосалқы жалға берілуін шектей отырып, құрылыс объектісі пайдалануға берілгенге дейінгі уақытқа және осы жер учаскесін құрылыс объектісі пайдалануға берілгеннен кейін сатып алудың айрықша құқығымен мүліктік жалдауға (жалға) беріледі.
Бұл ретте ерекше индустриялық аймақтың жер учаскелерін ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына сату қызметті жүзеге асыру туралы шарттың және жер учаскесін сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес сатылатын жер учаскесін артықшылықпен сатып алу құқығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ерекше индустриялық аймақтың қатысушысы ерекше индустриялық аймақтың аумағында жобаны іске асыру мерзімдерін бірнеше рет бұзған жағдайда, қызметті жүзеге асыру туралы шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған талаптарда және тәртіппен ерекше индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартын бұзуға құқылы.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес басқарушы компания жер учаскесінің ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобасын іске асыру үшін көзделген бір бөлігін осы жобада айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте көрсетілген шарт жасалған ерекше индустриялық аймақ қатысушысының жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау жағдайларын қоспағанда, осындай қатысушының келісімінсіз басқарушы компания осылайша резервке қойылған жер учаскелерін өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды.
4. Ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақтың ішкі инженерлік инфрақұрылым объектілерін (инженерлік коммуникацияларды) қаржыландыруды, салуды, пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді дербес қамтамасыз етеді.
5. Ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарушы компания алған рұқсаттар мен лицензиялар негізінде өзге де функцияларды, оның ішінде энергиямен жабдықтауды, сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына байланыс қызметтерін ұсынуды жүзеге асырады.
6. Басқарушы компания ерекше индустриялық аймақтың аумағында қатысушылардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Ерекше индустриялық аймақтың қызметін жүзеге асыру және жұмыс істеу қағидалары мен тәртібін ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы айқындайды және бекітеді және олар ерекше индустриялық аймақтың қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
7. Осы Заңда айқындалған құжаттардың үлгілік нысандары ерекше индустриялық аймақтарға қолданылмайды.
8. Ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақтың аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыруды дербес қамтамасыз етеді.
9. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады:
1) экологиялық талаптарға және еңбек қауіпсіздігі жағдайларына сай келмейтін өндіріс;
2) қару-жарақ пен оқ-дәрілер (патрондар) шығару, қару-жарақ пен оқ-дәрілер (патрондар) саудасы;
3) ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерін шығару, ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздері саудасы;
4) цемент, цемент клинкерін, көмірден, әктен және гипстен жасалған өнімдер өндіру;
5) барлық қалдық түрлерін қайта өңдеу, ыдырату, жағу, газдандыру, химиялық заттармен өңдеу, түпкілікті және (немесе) уақытша сақтау және (немесе) жер астына көму;
6) мұнай өңдеу зауыттарын, атом электр станцияларын, ядролық қондырғыларды, радиациялық көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті заттар мен қалдықтарды, сондай-ақ өзге де радиоактивті қалдықтарды сақтауға, кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге арналған пункттер мен қондырғыларды орналастыру.
10. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілерді жобалау және салу кезінде жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын мердігерлер Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіс.
11. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілерді жобалау және салу кезінде жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын мердігерлер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіс. Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында біреуден артық басқарушы компанияның жұмыс істеуіне жол берілмейді.»;
7) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру
1. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру:
1) жергілікті атқарушы органның;
2) ерекше индустриялық аймақтың меншік иесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы орган ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешімді:
1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жағдайларында;
2) ерекше индустриялық аймақтың меншік иесі ерекше индустриялық аймақты құру тұжырымдамасында айқындалған міндеттемелерді орындамаған жағдайларда қабылдайды.
3. Ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айырылған жекеше индустриялық аймақ осы Заңға сәйкес жалпы негіздерде қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.»;
8) 45-бап мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) тиісті аккредиттеу негізінде ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс салуға арналған объектілердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру;
22-2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында барлық жобалардың іске асырылуын оның кез келген сатысында мониторингтеу;
22-3) басқарушы компания бекіткен және қатысушылардың сақтауы міндетті ерекше индустриялық аймақтың қызметін жүзеге асыру және жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылдау;».
2-бап.
Осы Заң:
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 8-тармақтарын;
2) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 2) тармақшасының он төртінші абзацын, 4) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын, 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 1 сәуір
№ 26-VII