5. Аттестаттаудан өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік беріледі.»;
8) 39-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;»;
4) тармақшадағы «пайдаланылуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «пайдаланылуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап қою арызын міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға не тыйым салуға құқығы бар.
Көрсетілген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акт шығарылады және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалау жүргізіледі.
Ресімделген акт қауіпті өндірістік объектінің басшысына немесе оның уәкілетті адамына қолын қойғызып табыс етіледі не хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы берілген акт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы актінің талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.»;
9) 40-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Нормативтік актіде» деген сөздер «Ұйымның нормативтік актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізуге;
7) ұйым басшысына:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдарының:
1) қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдарда және (немесе) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын өзге де ұйымдарда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;
2) тәуліктің кез келген уақытында қауіпті өндірістік объектіге еркін кіруге құқығы бар.»;
10) 51-баптың 2-тармағындағы «кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 69-баптың 2-тармағында:
2), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға жол беру;»;
«9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі;
10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi.»;
12) 70-бапта:
1) тармақшаның он тоғызыншы абзацы «тасымалдау» деген сөзден кейін «(құбыржолдық)» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «тау-кен» деген сөздер «кең таралған пайдалы қазбаларды геологиялық барлауды және оларды бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын қоспағанда, тау-кен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 71-баптың 2-тармағында:
2) тармақша «лифтілер» деген сөзден кейін «, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі», «лифтілер жатады.» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі», «лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар;
5) шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар;
6) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар жатады.»;
14) 72-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау үшін заңды тұлға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжат ұсынылмағанда;»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «көзделген құжаттарда» деген сөздер «көзделген құжатта» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 73-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
16) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен өтінішті;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын ұсынады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты жеті жұмыс күні ішінде береді.
3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.
4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.
Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.»;
17) 76-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған бөгде ұйым» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
9-тармақтың екінші бөлігіндегі «сараптама жүргізілуге және» деген сөздер алып тасталсын;
18) 77-бапта:
тақырып «құрылғыларды» деген сөзден кейін «және қауіпті өндірістік объектілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы:
өнеркәсіптік объектілерде - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
19) 78-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы» деген сөздер «Өтініш беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау және келісу тәртібі қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларымен реттеледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
20) 79-бапта:
4-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер - ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Өзге заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.»;
21) 80-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, қауіпті өндірістік объекті басшылары мен жұмыскерлерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.»;
«4. Аварияларды жою жоспарын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.»;
22) 81-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Оқу дабылын қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Аварияға қарсы жаттығу жұмыскерлермен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.»;
3-тармақ «бақылау» деген сөзден кейін «қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 82-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлайды;»;
24) 83, 84, 85, 86 және 87-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру міндеттері
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің міндеттері оларға алып келген мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарының бұзылу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылу сипатын анықтау, осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың салдарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау болып табылады.
2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді тиісті комиссия жүргізеді.
84-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру
1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өзінің өкілі басшысы болатын комиссияны құрады.
Аварияға тергеп-тексеру жүргізетін комиссияның құрамына:
жергілікті атқарушы органның;
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.
Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне аварияның туындағаны туралы ақпарат алынған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.
3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді, оны өзінің техникалық басшысы басқарады.
Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілдері, сондай-ақ оның басшысының шешімімен өзге де адамдар кіреді.
85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі
1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы төраға бекіткен бұйрыққа (өкімге) сәйкес жүргізіледі, ол ұйымдастырушылық іс-шараларын орындайды және аварияны немесе оқыс оқиғаны уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз етеді.
2. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің:
1) авария немесе оқыс оқиға орнына, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға және ондағы жұмыстарға тартылған жұмыскерлерге қатысты құжаттар мен материалдарға кедергісіз қол жеткізуге;
2) авария немесе оқыс оқиға орнын қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) көзімен көргендерден, жұмыскерлерден және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар өзге де адамдардан сұрауға;
4) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты құжаттар мен материалдарды зерделеуге;
5) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан авария немесе оқыс оқиға бойынша құжаттар мен материалдарды сұратуға;
6) аварияларды немесе оқыс оқиғаларды болғызбау, олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге;
7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға сұратылатын ақпаратты беруге міндетті.
4. Комиссия төрағасының шешімі бойынша аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және өзге де іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.
86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу
1. Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу қорытындысы бойынша комиссия ол тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аварияны тергеп-тексеру актісін жасайды және аварияны тергеп-тексерудің өзге де материалдарын дайындайды.
Аварияға тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін комиссияны тағайындаған орган басшысы комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзарту себептерін көрсете отырып, бұйрықпен (өкіммен) бір рет қана, бірақ он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
2. Аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін аварияны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
3. Аварияны тергеп-тексеру актісі және өзге де материалдар комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымға қол қою және осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жіберу үшін ұсынылады.
4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тергеп-тексеру нәтижелеріне әсер еткен, тергеп-тексеру тәртібін бұзу фактілері немесе комиссияның тұжырымдары мен қорытындысын қате деп есептеуге негіздер анықталған жағдайда, аварияны тергеп-тексеру актісін қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу қорытындысы бойынша комиссия оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасайды.
6. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жүргізеді. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, бұл комиссия төрағасы актіге қол қойғанға дейін оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі.
7. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және өзге де материалдарды комиссияның шешімімен қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым осы Заңның 87-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.