9-2), 9-3) және 9-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) қайталама энергетикалық ресурстар - металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
9-3) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9-4) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;»;
мынадай мазмұндағы 9-5), 9-6) және 9-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9-6) резервтік қор - қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
9-7) тасқындық электр энергиясы - Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;»;
14) тармақша «жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «және қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-1-бапта:
тақырып және 1-тармақ «Жаңартылатын энергия көздерін», «жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін тиісінше «және қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде басым шартты тұтынушылар объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды және жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді.»;
6-тармақтың бірінші абзацы «Жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «, қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1-тармақ «жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «, қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:
«6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады.»;
8-тармақ «жаңартылатын энергия көздерін,» және «жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін тиісінше «қайталама энергетикалық ресурстарды,» және «және қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 9-бапта:
тақырып «Жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «және қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «2-1-тармағында көзделген жағдайды» деген сөздер «2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі» деген сөздер «жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «жаңартылатын энергия көздерін» деген сөздерден кейін «және қайталама энергетикалық ресурстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Егер басым шартты тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оның электр энергиясының үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі, бірақ ол 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатуды жүзеге асырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттарының қолданылу мерзіміне 2020 жылы басым шартты тұтынушы мен басым шартты тұтынушының құрамына кірген шартты тұтынушылар қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясының нақты көлеміне тең ең төмен шамадан аз болмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуға жататын электр энергиясының ең төмен шамасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттары қолданысының тоқтатылуына қарай электр энергиясының тиісті көлеміне пропорционалды азайтылады.».
7. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 10, 44-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 22-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) бұрқаққа қарсы жұмыстар - мұнай және газ өндіру объектілерінде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, аварияларды жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекітпе жабдығының болмауы, қирауы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқаруға келмейтін шығуының қауіпті факторларының әсерін азайтуға бағытталған іс-қимылдар;»;
«23-1) газдан құтқару жұмыстары - қоршаған ортада шекті жол берілетін шоғырланудан асатын қауіпті заттар болған жағдайда арнайы техника, аппаратура мен жабдық, оқшаулағыш жеке қорғану құралдары қолданыла отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газ жайылған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен және оларды тасымалдаумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;»;
32-1) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;
мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;»;
«48) оқыс оқиға - аварияға алып келмеген, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) өндірістік бақылау - өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;»;
52-1) және 52-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;
52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;»;
мынадай мазмұндағы 52-3) 52-4) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
52-4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы - орталық атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы;»;
«62-1) тау-кен құтқару жұмыстары - шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және оларды тасымалдауға, тау-кендік телім шегінде жер астындағы және жер бетіндегі өрттерді сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;»;
2) 12-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;»;
10) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7), 14-8), 14-9), 14-10), 14-11), 14-12), 14-13), 14-14), 14-15), 14-16), 14-17), 14-18), 14-19), 14-20), 14-21), 14-22), 14-23), 14-24), 14-25), 14-26), 14-27), 14-28) және 14-29) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
7-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
13-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«14-1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-2) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-3) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-4) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-5) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-6) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-7) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-8) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-9) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-11) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-12) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-13) қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-14) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-15) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-16) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-17) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-18) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-19) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-20) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-21) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-22) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-23) қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-24) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-25) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
14-26) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-27) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-28) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-29) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
3) 15-баптың 3-тармағында:
21) тармақша «лифтілердің» деген сөзден кейін «, траволаторлардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштердің» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;»;
4) 16-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға;»;
8) тармақша «оқиғалардың» деген сөзден кейін «, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларының» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлауға;»;
10) тармақша «оқыс оқиғаларды» деген сөздерден кейін «, қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды есепке алу (кіріс, шығыс, беру және қайтару) жөніндегі ақпаратты беруге;»;
7-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға;»;
19) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;»;
23) тармақшадағы «объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ үшінші абзацындағы «жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.» деген сөздер «жұмыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«автожанармай құю станцияларын және астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды.»;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 25-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтері ғимараттар мен құрылысжайлардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады, орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы техникамен, аппаратурамен және жабдықпен жарақтандырылады, құтқарушылармен жасақталады, оқу-жаттығу полигоны, шаң-газ талдау зертханасы болады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келеді.»;
6) 26-баптың 2-тармағындағы «және уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау, қайта аттестаттау мен тексерулер барысында тексеріледі» деген сөздер алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері аттестаттауға жатады.
2. Аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бастапқы, қайта, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жатады;
2) қайта аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қайта бастау үшін алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін өткізіледі;
3) кезеңдік аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі;
4) кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын жұмыстардың түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындатын тәртіппен өткізіледі.