61-16) ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61-17) ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61-18) ҚР Үкіметінің 2019.10.07. № 497 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61-19), 61-20), 61-21), 61-22), 61-23) және 61-24) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
61-19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
61-20) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
61-21) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
61-22) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
61-23) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
61-24) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
61-25) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
61-26) ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61-27) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды;
61-28) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
61-29) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекітеді;
61-30) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
61-31) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлейді және бекітеді;
61-32) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіреді;
61-33) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
61-34) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекітеді және оны іске асыруды жүзеге асырады;
61-35) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
61-36) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
61-37) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
62) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру;
62-1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелуі мен орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беру;
63) мына:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;
64) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысу;
65) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;
67) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;
68) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;
69) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;
70) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыру;
71) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;
72) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
73) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;
74) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;
75) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
76) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
77) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;
78) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
79) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;
80) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;
81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
82) - 86) ҚР Үкіметінің 2021.07.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
87) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және оларды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;
88) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
89) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
90) Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бекіту.
ведомстволардың функциялары:
1) - 9) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 989 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, жобаларды іске асыру;
13) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
14) мемлекетіміздің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ), талдамалық орталықтармен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
15) өз құзыреті жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
16) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
17) шет елде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;
18) отандық БАҚ-тың материалдарын мониторингілеу және талдау, Министрліктің басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;
19) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БАҚ материалдарын мониторингілеу мен талдау және Министрліктің басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;
20) шет елде Бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
21) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
22) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлік әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
23) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
24) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын іске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
25) Министрлік басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
26) Министрлік қызметін БАҚ-тар жариялауды қамтамасыз ету;
27) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
28) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-тарда тұрақты түрде жариялау;
29) Министрлік веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
30) шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен басқа да өкілдерін аккредиттеу;
31) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
32) Министрліктің бейне және фото мұрағатын қалыптастыру;
33) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ақшалай қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;
34) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
35) - 38) ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
40) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
41) ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
43) уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
44) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншіке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
45) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;
46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін әзірлеу;
47) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
48) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
48-1) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
49) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
49-1) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу;
49-2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттар қолданысының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан байынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
49-3) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан байынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
50) ҚР Үкіметінің 2020.07.04. № 180 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50-1) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
50-2) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлеу;
51) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
51-1) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;
52) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып табылады.
19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21-1. 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2020.06.05. № 281 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.13.10. № 644 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.19.11. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.25.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.15.12. № 861 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
4. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 164-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 55-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 345-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 351-құжат).