9) әскери өкілдік болмаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;
10) әскери өкілдік болған кезде əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәліктің негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес атау, номенклатура және жинақталым бойынша əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді қабылдап алуды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың және уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың тактикалық-техникалық тапсырмаларының (техникалық өзіндік ерекшеліктердің, тактикалық-техникалық сипаттамалардың) жобаларын қарайды және әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) ұсыныстарды қалыптастырады;
3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаларды негіздейді;
4) əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
5) уәкілетті орган және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы төлейтін бюджет қаражатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға ғана пайдаланады;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
7) уәкілетті органның және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырады;
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, сатып алынған, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленген мерзім ішінде істен шыққан жағдайда, олардың істен шығу себептерін анықтау үшін өз өкілдерін дереу жібереді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары
1. Әскери өкілдіктер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылады.
Ұйымдарда әскери өкілдікті орналастыру қажеттілігі қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және жаңғырту ерекшеліктері, аспаптар мен жабдықтардың жоғары дәлдігін, арнайы киім-кешек, арнайы мүлік және жеке қорғану құралдары сенімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып, сондай-ақ халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау кезінде айқындалады.
2. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар әскери өкілдіктердің әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.
Әскери өкілдіктер осы шарттардың негізінде әскери өкілдіктің бақылауына және қабылдап алуына жататын әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер номенклатурасын әзірлейді, оны уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы бекітеді.
3. Әскери өкілдіктерге:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындауға және келісуге қатысу;
2) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жинақталымын, олардың техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген мерзімдерде қабылдап алу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәлікті беру;
4) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің техникалық құжаттамасын, тактикалық-техникалық тапсырмасын (техникалық өзіндік ерекшелігін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын) пысықтауды бақылау, олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігін тексеру;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу және өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі ұлттық стандарттарды сақтауын бақылау;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу, өндіру, жөндеу, жаңғырту, сынау және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және бағалауға қатысуы;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес тікелей де, кооперация тәртібімен де әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеуге және өндіруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге жатқызылған іс жүзіндегі шығындарды тексеру және келісу жөніндегі міндеттер жүктеледі.
4. Әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу кезінде әскери өкілдіктер:
1) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), олардың агрегаттарын, тораптары мен бөлшектерін өндіру сапасына және оларға сынақтар жүргізуге, сондай-ақ жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;
2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасына, сынақтардың жүргізілуіне, сондай-ақ олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға;
3) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізуге қатысуға;
4) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) мерзімдік, біліктілік, үлгілік сынақтар жүргізуге қатысуға және олардың нәтижелері бойынша қорытындылар беруге;
5) өндіру, сынау және пайдалану нәтижелері бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сенімділігіне талдау жүргізуге қатысуға;
6) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сапасы мен сенімділігіне, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың қабылданған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сақтау шарттарын сақтауына және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдердің орындалуын бақылауға;
7) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің метрологиялық қамтамасыз етілуін, әскери мақсаттағы жұмыстардың орындалуын және әскери мақсаттағы қызметтердің көрсетілуін, сондай-ақ ұлттық стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылауға;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе тауардың (өнімнің) сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынаулардың теріс нәтижелері болған, пайдалану процесінде тауардың (өнімнің) істен шығуын туындатқан ақаулар анықталған кезде, егер бұл ақаулар өндірістегі тауарда да (өнімде де) болса, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) қабылдап алуды және тиеуді тоқтата тұруға;
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған кезде әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға міндетті.
5. Өндірісі аяқталмаған, жинақталмаған, белгіленген сынақтар жүргізілмеген және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт талаптарына басқа да сәйкессіздіктері бар әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) түпкілікті қабылдап алу туралы куәлікті немесе басқа да құжатты беруге тыйым салынады.
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне қолданылмайды.
28-бап. 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Рекламация
1. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде пайдалану орны бойынша ақау анықталған не өндірілгені, жаңғыртылғаны, жөнделгені не техникалық қызмет көрсетуден өткені істен шыққан кезде белгіленген кепілдік мерзімі ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арқылы уәкілетті органды, әскери өкілді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны дереу хабардар етеді. Бұл тауар (өнім) пайдаланудан шығарылады және оның одан әрі зақымдалуын болғызбайтын әдіспен ақаудың немесе істен шығуының себептерін анықтағанға дейін одан әрі сақтау орнына жеткізіледі.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарлардағы (өнімдердегі), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардағы (өнімдердегі), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердегі ақаудың себептерін анықтау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өкілдерінің және әскери өкілдердің (болған кезде) қатысуымен бірлескен комиссия құрылады. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалады.
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған жағдайда, әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) пайдалану процесінде:
1) тауарлардың (өнімдердің) өздерінің не олардың қосалқы бөлшектері мен жиынтықтауыштарының контрафактілі шығарылғаны;
2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта, тактикалық-техникалық тапсырмада (техникалық өзіндік ерекшелікте, тактикалық-техникалық сипаттамада) және конструкторлық-технологиялық құжаттамада, сондай-ақ тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаған кезде уәкілетті органның немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарының бірі оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндіруі болса, тауарларды (өнімдерді), олардың қосалқы бөлшектерін және жиынтықтауыштарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндірмегені;
3) тауарда (өнімде) жөндеуге келмейтін ақау анықталған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға толықтай ауыстыру үшін қайтарылуы мүмкін.
4. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде) жөндеуге келмейтін, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсінен болған, жасырын сипаты бар және зауыттық жағдайларда ғана анықталуы мүмкін ақау анықталған кезде, ақаулық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілген барлық тауарларда (өнімдерде) бар деп пайымдауға негіздер болса, тауарлардың (өнімдердің) барлық сериясы қайтарылуға жатады.
5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) не олардың сериясын оларды кейіннен ауыстыра отырып, өз бетінше кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ауыстыру мерзімі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға салынатын айыппұл санкцияларының сомасына ескеріледі.
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған кезде оған айыппұл санкциялары салынады, олардың мөлшері мазмұны мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартта әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде ақау анықталғандығы не мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілгенінің, жаңғыртылғанының, жөнделгенінің не техникалық қызмет көрсетуден өткенінің істен шығуы туралы хабарлама алынған күннен бастап белгіленген кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін белгіленеді.
7. Егер комиссия мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) дұрыс пайдаланбаудың және олардың істен шығуының арасындағы себептік-салдарлық байланысты анықтаса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі танылмайды.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31-бап. Өтпелі ережелер
1. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар мен қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер арасында осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар олар түпкілікті орындалғанға не тоқтатылғанға (бұзылғанға) дейін қолданылады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мүдделерінде қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлармен 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 20-баптың 2, 3, 5 және 7-тармақтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 39) және 40) тармақшаларын, 19-бабының 4-тармағын, 22 және 23-баптарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2019 жылғы наурыздың 18-і.
№ 236-VІ