8) халықаралық ынтымақтастықты;
9) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын реттеуді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзге де іс-шараларды қамтиды.
4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
3) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;
4) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің республикалық мемлекеттік мекемелерін, ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды;
3) отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту мақсатында құрылатын қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
4) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия) құрады, ол туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын бекiтеді;
5) уәкілетті ұйымды айқындайды;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекітеді;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекітеді;
9) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
10) қару-жарақ пен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) айналымын, оның ішінде экспорты мен импортын бақылауды ұйымдастырады;
11) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекітеді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді;
12) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді;
13) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның функциялары
Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;
5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
8) ведомостволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдайды және тәртібін айқындайды;
10) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;
11) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлейді және бекітеді;
13) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлейді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлейді;
14) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлейді;
15) осы Заңның 7-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік етеді және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдайды;
18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуына салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлейді;
20) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді;
22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;
23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;
24) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;
25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;
26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
27) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;
29) ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
30) әскери мақсаттағы технологиялар бойынша жобаларды іске асыруды үйлестіреді;
31) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлейді;
34) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі - сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекітеді;
35) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;
36) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысады;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асырады;
6-баптың 39) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-баптың 40) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, бекітеді, өзгертеді, олардың күшін жояды және есепке алуды жүргізеді;
41) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті береді;
4) өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;
5) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
7) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Заңның 19-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
10) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді және оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;
13) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары
Уәкілетті ұйым:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау мен әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын импорттауды қоспағанда, мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін қажетті көрсетілген тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
2) пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды) жүзеге асырады;
3) оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
6) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен өндіретін қару-жарақ пен әскери техниканы халықаралық нарыққа ілгерілетуді жүзеге асырады;
7) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмелеріне, конференцияларына, семинарларына, таныстыру іс-шараларына, демонстрацияларына, сынақтарына қатысады және оларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
9) мемлекеттік кепілдіктермен берілетін мемлекеттік емес қарыздарды тартады;
10) қарыз шартында көрсетілген ұйымдармен мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар шеңберінде кейінге қалдыру төлемімен қорғаныс өнеркәсібі саласында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі шарттарды жасасады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН
9-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының функциялары
Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіруді, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру қауіпсіздігін, өндірілген қару-жарақ пен әскери техниканы бақылауды, есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
4) өндірілетін, дайындалатын әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асырады;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысады;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс іс-шараларының құнын қалыптастырады;
7) басым тәртіппен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындайды және (немесе) орындауға қатысады;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты, шарттар бойынша міндеттемелерді орындау кезінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ экспортқа беруді жүзеге асыру үшін тауарларды (өнімдерді), оның ішінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенде ғылыми және ғылыми-техникалық, оның ішінде өндірісті кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта қаруландыру жөніндегі жобаларды іске асыруды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді;