ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация,
қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 177-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2023 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстанның халық жазушысы».»;
2) 25-бап бесінші абзацындағы «азаматтарға беріледі.» деген сөздер «азаматтарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«- «Қазақстанның халық жазушысы» - Қазақстан Республикасының әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» («Заслуженный деятель Казахстана») құрметті атағына ие болған адамдарға және (немесе) әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарына беріледі.».
2. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
«23-1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті түрде бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
23-2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиация персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;».
3. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы «қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды беруге, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге,» деген сөздер «қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын» деген сөздер «мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы - қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың жарақтандыруда тұрған үлгілерін жаңғырту саласындағы қолда бар білімді кеңейту және жаңа білімді алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты болатын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс;
26-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - қару-жарақ пен әскери техниканы, техникалық және арнаулы құралдарды жасау (жаңғырту) кезінде орындалатын жұмыстар кешені, қару-жарақ пен әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне арналған конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша пысықтау немесе түзету, оларды дайындау және сынау;
26-3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі;»;
36) тармақшадағы «және радиоэлектрондық күрес» деген сөздер «, радиоэлектрондық күрес, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;»;
3) 7-баптың 9) тармақшасындағы «19-бабы 2-тармағының» деген сөздер «19-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1),» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Осы» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қару-жараққа, әскери техникаға, автомобиль техникасына және арнаулы техникаға, арнаулы құралдарға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, жасау (құрастыру), жаңғырту және беру;»;
екінші бөлік «тармақтың» деген сөзден кейін «1-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алады.»;
5) 20-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінде «мерзімдері мен» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі алып тасталсын;
6-тармақ «немесе бұл іс-шараға бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлінуі мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 21-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ғылыми зерттеулер жүргізу мерзімі ғылыми зерттеулерге арналған тактикалық-техникалық тапсырма негізге алынып айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сыналуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып табылады.»;
7) 22-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, орындалу ұзақтығына байланысты оларды беру (орындау, көрсету) мерзімі келесі қаржы жылында (кейінгі қаржы жылдарында) көзделсе, бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы мүмкін.»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көрсетілген, оның негізінде шарттың бағасы қалыптастырылған» деген сөздер «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаудың жүзеге асырылуына негіз болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 23-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «ұсынған жағдайларда жол беріледі.» деген сөздер «ұсынған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы жағдайында тараптардың өзара келісуі бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың орындалу мерзімі өзгертілген жағдайларда жол беріледі.»;
9) 27-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «республикалық бюджет қаражаты есебінен» деген сөздер «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 28-бап алып тасталсын;
11) 29-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы, уәкілетті орган өкілдерінің және әскери өкілдердің» деген сөздер «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өкілдерінің және әскери өкілдердің (болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 16 қазан
№ 33-VIII ҚРЗ