5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
9) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
3) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
6) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 73-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) коммуналдық мүлікке қатысты - жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ие болады.»;
10) 74-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
11) 75-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы - тиісінше жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бередi.»;
12) 76-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті кез келген жақсарту мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты тоқтатылған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының келісуімен жүргізілген, ажыратуға болмайтын жақсартулардың құны тиісті бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.»;
13) 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты.»;
14) 96-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.»;
15) 106-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мүлікті сенiмгерлік басқаруға немесе мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының сенiмгерлік басқарушымен немесе жалдаушымен (жалға алушымен) жасасқан тиiстi шартымен ресiмделедi. Шартта мемлекеттік мүліктің қандай мерзiмдерде және қандай талаптар орындалған кезде сенiмгерлік басқарушының немесе жалдаушының (жалға алушының) меншiгiне өтетіні көзделуге тиiс.»;
16) 109-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, коммуналдық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат тиісті жергілікті бюджетке жіберіледі.»;
7-тармақтың 17) - 41) тармақшалары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 122-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
5. Жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде әрекет етеді.»;
18) 124-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғыда (ережеде) заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органы, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар да айқындалады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекеме - тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, ал мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен үлгілік жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.»;
19) 125-баптың 1-тармағы «ведомстволық бағыныстылығы» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 126-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды және олар мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) - осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, түрін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле:
тиісті саланың уәкілетті органының;
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның;
жергілікті атқарушы органның;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының;
прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.»;
21) 130-бапта:
1-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, ал коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.»;
«Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қайта бөледі.»;
22) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«131-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік заңды тұлғаның шағым жасауы
Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлікті қайта бөлумен байланысты әрекеттерін (әрекетсіздігін) қоса алғанда, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаның құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.»;
23) 133-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды - Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (республикалық кәсіпорындарды) немесе жергілікті атқарушы орган не аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық кәсіпорындарды) құрады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру жергілікті атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.»;
24) 136-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, осы кәсіпорын бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде әрекет ететін тұста мәмiлелер (кепiл, жалға алу және басқалары) жасау - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты жергiлiктi атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.»;
25) 138-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.»;
«3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.»;
26) 139-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті атқарушы органмен немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі және 8-тармақтың бірінші бөлігіндегі «(жергілікті атқарушы орган)» деген сөздер «немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 140-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады.»;
28) 144-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлiкті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерiн белгiлейді.»;
29) 145-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келiсуiмен:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өзгеше белгілемесе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын дербес пайдаланады.»;
30) 146-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісу бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiлейдi.»;
31) 147-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы әрекеттерiнен туындаған банкроттығы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның банкроттығына қатысты жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының әрекеттерінен туындаған банкроттығы жағдайларын қоспағанда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.»;
32) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 135-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға республикалық қазыналық кәсіпорын - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісуімен ғана, ал коммуналдық қазыналық кәсіпорын жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен ғана құқылы.»;
33) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімнің аппараты қазыналық кәсіпорынға бекітіп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
2. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қазыналық кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.»;
34) 156-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.»;
35) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық мемлекеттік мекемені - Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік мекемені - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.»;
36) 160-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттен қаржыландырады не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.»;
37) 162-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемеге бекітіп берілген мүлікті алып қоюға не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
38) 164-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.