44-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;»;
5-тармақтың 2) - 6) тармақшалары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
3) 6-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ бойынша жеке-жеке)» деген сөздер «әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-7-тармақпен толықтырылсын:
«2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады.»;
4) 31-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;»;
5) 35-баптың 1-тармағының 4) және 4-1) тармақшалары, 1-3-тармағының 8), 9) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
6) 38-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаладағы аудан әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
5-тармақтың 7) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару салаларындағы функцияларын жүзеге асырады.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асырады.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі өкiлеттiктерiнің тоқтатылуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына немесе сайлануына байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5-тармақтың 7) тармақшасының он бірінші - он сегізінші абзацтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
10. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;
4) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
8) 39-1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.»;
9) 39-3-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысына жіберілетін қатысушылардың құрамын айқындау;»;
5-тармақтың 9) тармақшасының төртінші - он алтыншы абзацтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3), 4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын құру мен оның қызметінің тәртібі аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бекітетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде айқындалады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақтың 9) тармақшасының он сегізінші - жиырма үшінші абзацтары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың бірінші, екінші, үшінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мониторинг аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтап қорыту мақсатында жүргізіледі.
Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті көрсеткіштерінің жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
Жергілікті қоғамдастық комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы.»;
«Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөнінде ұсынымдар қабылдайды.
Тиісті аумақ әкімі жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытынды енгізеді.»;
7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған осы аумақта тұратын және қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында сайланған өкілдерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.»;
14-тармақтағы «жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімінің» деген сөздер «жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 39-6-баптағы «жергілікті қоғамдастық» деген сөздер «тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-тармақ халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 г., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат):
11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.».
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-тармақтың 1) - 5) тармақшалары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі (бұдан әрі - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мүлкі, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің қаражаты, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп берілген және (немесе) бекітіп берілмеген мүлік;»;
«6-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары - мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;»;
2) 5-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда - жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;»;
3) 7-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты осы Заңның 18-1-бабында белгіленген құзыретке сәйкес жүзеге асырады.»;
4) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын осы Заңның 2-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырады.»;
5) 10-бапта:
тақырып және 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлік, аудандық коммуналдық мүлік және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі болып бөлінеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Аудандық коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына немесе керісінше беру мемлекеттің мүлікке құқықтарын тоқтатуға алып келмейді, бірақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын тоқтату және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарды иелену немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарын тоқтату және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын иелену үшін негіз болып табылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүліктің берілуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:»;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылары бекітетін беру актісі отыз күн мерзімде ресімделеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы бапта белгіленген тәртіп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беруге қолданылады.»;
6) 11-баптың 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекітеді;»;
7-тармақтың 7) - 15) тармақшалары халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 18-баптың 24-1) тармақшасы алып тасталсын;
8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының құзыреті
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;