52) 111-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламадан қаражат бөлінген;»;
53) 112-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 54) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
54) 23-тарау мынадай мазмұндағы 120-3-баппен толықтырылсын:
«120-3-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржылық қызметтің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық қаржылық есептілікті жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
2. Бюджет түсімдері аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.»;
55) 124-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілігін:
республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыстар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;»;
56) 125-бапта:
1-тармақ «есеп» деген сөзден кейін «есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы, 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі және 4-тармақтағы «есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ай сайын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.»;
57) 131-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есептен;
2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
Түсіндірме жазба экономикалық ахуал туралы және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет баптарының атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жыл сайын:
1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.»;
58) мынадай мазмұндағы 131-1-баппен толықтырылсын:
«131-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жергілікті қоғамдастықтың жиналысына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;
2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
Түсіндірме жазбада экономикалық ахуал туралы және тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері баптарының атқарылуы туралы талдамалық ақпарат қамтылады.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге:
1) ағымдағы жылдың 10 наурызынан кешіктірмей облыстың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.»;
59) 132-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«132-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамаларын;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөніндегі қорытындымен бірге баяндамасын;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын тыңдайды.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың сессиясында бекітіледі.»;
60) 177-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;»;
61) 183-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.»;
62) 199-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, валюталарда және нысандарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуы олардың көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу арқылы жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
63) 200-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыздары болып бөлінеді.»;
64) 209-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы тиісті жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.»;
65) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-3, 243-4 және 243-5-баптармен толықтырылсын:
«243-3-бап. 2017 қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау, түзету мен атқару және 2017 қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау ерекшеліктері
1. 2017 қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау, түзету және атқару ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы 2016 жылы мәслихат шешімімен бекітілген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2017 қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімімен бекітілген (нақтыланған) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне сәйкес жасалады.
243-4-бап. 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері
1. 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында әзірленеді және бекітіледі.
2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 9-1, 52, 52-1, 56-1, 64, 65, 65-1, 66, 67, 68, 73, 73-1, 75, 78 және 79-баптарының нормаларына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
2. 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер құрамында көзделеді.
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызумен және тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын) ашады.
Тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша бойынша атқару осы Кодекстің 102-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
243-5-бап. 2020 - 2022 және кейінгі қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері
2020 - 2022 және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына қарамастан, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында қалыптастырылады.».
3-тармақ халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж, № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 528-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда және басқа да елді мекендерде;»;
2) 530-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астанада, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және басқа да елді мекендерде, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектісінің ауданы мен орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:
№ р/с | Жарнама түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (жарнама объектісінің бір жағы үшін) (АЕК) |
Республикалық маңызы бар қалалар және Астана | Облыстық маңызы бар қалалар мен жолдар | Аудандық маңызы бар қалалар мен жолдар және басқа да елді мекендердің жолдары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері | 2 | 1 | 0 |
2. | Лайтбокстар (сити-форматтағы) | 3 | 2 | 1 |
3. | Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер: | | | |
3.1. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 5 | 3 | 1 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 10 | 5 | 2 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м-ге дейін | 20 | 10 | 3 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м-ге дейін | 30 | 15 | 5 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м-ге дейін | 50 | 20 | 7 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м-ге дейін | 70 | 30 | 12 |
3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
4. | Шатырүсті жарықты жарнамалық конструкциялар (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | | | |
4.1. | 30 ш.м-ге дейін | 30 | 20 | 6 |
4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
5. | Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама: | | | |
5.1. | 5 ш.м-ге дейін | 1 | 1 | 0 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
6. | Уақытша үлгідегі дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама: | | | |
6.1. | 2 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м-ге дейін | 2 | 1 | 0 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м-ге дейін | 3 | 2 | 1 |
6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
7. | Шығарып қойылатын жарнамалық конструкциялар (штендерлер) | 10 | 5 | 1 |
»;
3) 531-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін осындай көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.».
Халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 4-тармақ қолданысқа енгізілді
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):