19. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):
14-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 11) тармақшаларында көрсетілген құқықтарды қоспағанда, акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.».
20. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 1-бапта:
15-1) тармақша алып тасталсын;
24-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елдi мекендер шегінде жылумен жабдықтау саласында (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 24-5) тармақшамен толықтырылсын:
«24-5) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;»;
2) 5-1-бапта:
тақырыптағы «Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның» деген сөздер «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 19-6), 19-7), 19-8), 19-9), 19-10), 19-11) және 19-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
19-7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
19-8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
19-9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
19-10) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-11) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
19-12) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;».
22. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 34-баптың 2-тармағындағы «тұрғын үй,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кемінде екеуінен жазбаша өтініш ұсынылады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық кадастрға мәліметтер енгізеді.
2. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Егер кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы мәліметтер болмаса, тіркеуші орган мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтер болмаған кезде тіркеуші орган жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу туралы хабарлама жібереді.
4. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері жалпы алаңының және тұрғын емес үй-жайлары алаңдарының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісі ортақ мүлкі құрамының және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің үлестері мөлшерінің өзгеруі мемлекеттік тіркеуге жатады.
5. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
23. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 8) тармақшасындағы «қаржы құралдарына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «қаржы құралдарына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын.
«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшасындағы «қаржы құралдарына тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «қаржы құралдарына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын.
«10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
3) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын.
«18-2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшадан;».
24. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларды бекітеді;»;
2) 74-баптың 4-1-тармағы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
«74-1-бап. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу
1. Шетелдік заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымға, шетелдікке және (немесе) азаматтығы жоқ адамға дербес не басқа шетелдік заңды тұлғалармен, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және (немесе) азаматтығы жоқ адамдармен жиынтықта:
1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген авиакомпанияның орналастырылған (авиакомпанияның өзі сатып алған акциялар шегеріле отырып) акциялары жалпы санының қырық тоғыз және одан көп пайызынан асатын мөлшерде тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге;
2) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері мұндай авиакомпанияға өзі туралы, сондай-ақ оған қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, тиімді бақылауды жүзеге асыратын соңғы меншік иелеріне дейін ақпаратты ашуға міндетті.
Егер акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері әрқайсысы осындай акционерге қатысты тиімді бақылауды жүзеге асырмайтын, өзара үлестес емес бірнеше тұлға тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) билік ететін заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйым болып табылса, мұндай акционер Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осындай акционерге үлестік қатысудың басқа да нысандарын тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) билік ететін барлық жағдай туралы ақпаратты авиакомпанияға қосымша ашуға міндетті.
Акционерлердің осы тармақта көрсетілген ақпаратты ашу тәртібі, мерзімдері және басқа да шарттары акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның жарғысында айқындалады.
3. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай авиакомпанияның акционерлері олар туралы ақпаратты ашуға тиіс тұлғаларды тоқсан сайын есепке алуды жүргізуге міндетті.
4. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес ақпаратты ішінара немесе толық бермеген акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері:
1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы кворумын айқындау кезінде есепке алынбайды;
2) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысында қаралатын мәселелерге дауыс беруге және (немесе) оларды талқылауға қатысуға құқылы емес.
5. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдағаннан кейін анықталған, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес ұсынған ақпарат анық болмаған кезде:
1) егер мұндай шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (анық емес ақпарат ұсынған акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы шешімді қабылдады деп есептелетін кворумның болуы жөніндегі талаптар сақталған кезде аталған акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер анық емес ақпарат берген акционердің дауысы шешуші болған жағдайда, бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның не өзге де мүдделі тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.
6. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер бұзылған жағдайда, бұзған акционер:
1) жасалған бұзушылық толық жойылғанға дейін акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпаниядағы өз акцияларымен дауыс беруге құқылы емес;
2) жасалған бұзушылық толық жойылғанға дейін акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акциялары бойынша дивидендтер алуға құқылы емес;
3) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпаниядағы өзіне тиесілі акциялардың санын осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерден төмен деңгейге дейін азайту жолымен акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның директорлар кеңесінен тиісті талапты алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жасалған бұзушылықты жоюға міндетті.
7. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның директорлар кеңесі бұзған акционерді айқындайды және оған осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзушылықты жою туралы талапты акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларда және акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның жарғысында айқындалған тәртіппен жібереді.
8. Егер акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акциялары номиналды ұстауда болса, онда осы баптың ережелері акцияларды номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын осындай акциялардың меншік иесіне қатысты қолданылады.
Ескертпе: осы баптың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бұзған акционер - осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзған акционер не осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзған тұлғаның тиімді бақылауындағы акционер;
2) тиімді бақылау - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай шарттардың бірі болған кезде:
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның орналастырылған (артықшылықты және заңды тұлға сатып алғандарды шегере отырып) акцияларының, қатысу үлестерінің, пайларының не үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленгенде, пайдаланғанда және (немесе) билік еткенде;
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болғанда;
бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның шешімдерін Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің, сот шешімінің негізінде, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларда көзделген жағдайларда өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігі болғанда туындайды.».
25. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
218-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына» деген сөздер «мемлекеттік тұрғын үй қорына» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 7-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;