5. 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтаған тұрғын үй-құрылыс кооперативтері объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум объектілері ретінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуге және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабында көзделген тәртіппен өз қызметін тоқтатуға міндетті.
8. Тұрғын үй кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін тоқтатуға міндетті.
9. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің құрамын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес келтірсін және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын жергілікті атқарушы органдарда тіркеуді жүргізсін.
10. Жергілікті атқарушы органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде:
Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері ретінде мемлекеттік тіркеуді;
кондоминиум объектісінің құрамына кондоминиум объектісін орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажет жер учаскесін, сондай-ақ бұрын тіркелген кондоминиум объектісі үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін қосуды;
көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 желтоқсан
№ 284-VІ