| 1.28. | Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау | 22 |
| 1.29. | Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу | 22 |
| 1.30. | Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау | 10 |
| 1.31. | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану | 10 |
| 1.32. | Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет | 186 |
| 1.33. | Байланыс саласында қызметтер көрсету | 6 |
| 1.34. | Білім беру қызметі | 10 |
| 1.35. | Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет | 6 |
| 1.36. | Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
| 1.37. | Медициналық қызмет | 10 |
| 1.38. | Фармацевтикалық қызмет | 10 |
| 1.39. | Адвокаттық қызмет | 6 |
| 1.40. | Нотариаттық қызмет | 6 |
| 1.41. | Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет | 6 |
| 1.42. | Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) | 6 |
| 1.43. | Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау | 6 |
| 1.44. | Аудиторлық қызмет | 10 |
| 1.45. | Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету | 50 |
| 1.46. | Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы | 6 |
| 1.47. | Туроператорлық қызмет | 10 |
| 1.48. | Ветеринария саласындағы қызмет | 6 |
| 1.49. | Сот-сараптама қызметі | 6 |
| 1.50. | Тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру | 10 |
| 1.51. | Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*: | |
| 1.51.1. | екінші деңгейдегі банктер | 800 |
| 1.51.2. | банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | 400 |
| 1.52. | Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары | 800 |
| 1.53. | Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар | 800 |
| 1.54. | Қызметінің ерекше түрі шетелдік қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың операциялары | 40 |
| 1.55. | Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 |
| 1.56. | Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 |
| 1.57. | Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 500 |
| 1.58. | Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 200 |
| 1.59. | Сақтандыру брокерінің қызметі | 300 |
| 1.60. | Актуарийлік қызмет | 10 |
| 1.61. | Брокерлік қызмет | 30 |
| 1.62. | Дилерлік қызмет | 30 |
| 1.63. | Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет | 30 |
| 1.64. | Кастодиан қызметі | 30 |
| 1.65. | Трансфер-агенттік қызмет | 10 |
| 1.66. | Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.67. | Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі | 40 |
| 1.68. | Іздестіру қызметі | 10 |
| 1.69. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | 10 |
| 1.70. | Жобалау қызметі | 10 |
| 1.71. | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 |
| 1.72. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау | 10 |
| 1.73. | Этил спиртін өндіру | 3 000 |
| 1.74. | Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімін өндіру | 3 000 |
| 1.75. | Сыра және сыра сусынын өндіру | 2 000 |
| 1.76. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін | 200 |
| 1.77. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін: | |
| 1.77.1. | астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда | 100 |
| 1.77.2. | аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде | 70 |
| 1.77.3. | ауылдық елді мекендерде | 30 |
| 1.78. | Темекі бұйымдарын өндіру | 500 |
| 1.79. | Тауарлардың экспорты мен импорты | 10 |
| 1.80. | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты | 10 |
| 1.81. | Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 |
| 1.82. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | |
| 1.82.1. | казино және ойын автоматтары залы үшін | 3 845 |
| 1.82.2. | тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін | 640 |
| 1.83. | Тауар биржалары саласындағы қызмет: | |
| 1.83.1. | тауар биржасы үшін | 10 |
| 1.83.2. | биржа брокері үшін | 5 |
| 1.83.3. | биржа дилері үшін | 5 |
| 1.84. | Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу | 22 |
| 2. | Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: | |
| 2.1. | 1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59., 1.79. - 1.80-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне | Лицензия берген кездегі мөлшер-лемеден 100% |
| 2.2. | 1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | Лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % |
| 2.3. | 1.79. - 1.80-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | 1 |
| 3. | Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер: | |
| 3.1. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін | Лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % |
| 3.2. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін | 1 |
Ескертпе.
* Әрбір банктік операция үшін; ** әрбір сақтандыру сыныбы үшін.
5. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) радиожиіліктің метрлік диапазонды телевизия үшін:
| Р/с № | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 10-ды қоса алғанға дейін | 100-ді қоса алғанға дейін | 20 |
| 2. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ді қоса алғанға дейін | 41 |
| 3. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ден жоғары | 83 |
| 4. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-ды қоса алғанға дейін | 124 |
| 5. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 249 |
| 6. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 290 |
| 7. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 435 |
| 8. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-ды қоса алғанға дейін | 828 |
| 9. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-нан жоғары | 1243 |
| 10. | 500-ден жоғары | 5000-ды қоса алғанға дейін | 2367 |
| 11. | 500-ден жоғары | 5000-нан жоғары | 3550 |
| 2) радиожиіліктің дециметрлік диапазонды телевизия үшін: |
| Р/с № | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 10-ды қоса алғанға дейін | 100-ді қоса алғанға дейін | 13 |
| 2. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ді қоса алғанға дейін | 26 |
| 3. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ден жоғары | 52 |
| 4. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-ды қоса алғанға дейін | 78 |
| 5. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 155 |
| 6. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-ды қоса алғанға дейін | 181 |
| 7. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 272 |
| 8. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-ды қоса алғанға дейін | 518 |
| 9. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-нан жоғары | 777 |
| 10. | 500-ден жоғары | 5000-ды қоса алғанға дейін | 1479 |
| 11. | 500-ден жоғары | 5000-нан жоғары | 2219 |
| 3) Радиожиіліктің УҚT ЖМ (FМ) диапазонды радио хабарларын тарату: |
| Р/с № | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 10-ды қоса алғанға дейін | 100-ге дейін | 5 |
| 2. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ді қоса алғанға дейін | 9 |
| 3. | 10-нан 50-ді қоса алғанға дейін | 500-ден жоғары | 18 |
| 4. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-ды қоса алғанға дейін | 27 |
| 5. | 50-ден 100-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 53 |
| 6. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-ды қоса алғанға дейін | 62 |
| 7. | 100-ден 200-ді қоса алғанға дейін | 1000-нан жоғары | 93 |
| 8. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-ды қоса алғанға дейін | 178 |
| 9. | 200-ден 500-ді қоса алғанға дейін | 2000-нан жоғары | 266 |
| 10. | 500-ден жоғары | 5000-ды қоса алғанға дейін | 488 |
| 11. | 500-ден жоғары | 5000-нан жоғары | 732 |
4) радиожиіліктің ҚТ, ОТ, ҰТ диапазонды радио хабарларын тарату үшін:
| Р/с № | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 500-ден жоғары | 100-ді қоса алғанға дейін | 5 |
| 2. | 100-ден 1000-ды қоса алғанға дейін | 15 |
| 3. | 1000-нан 10000-ды қоса алғанға дейін | 30 |
| 4. | 10000-нан 100000-ды қоса алғанға дейін | 45 |
| 5. | 100000-нан бастап | 89 |
6. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемесі 2 АЕК құрайды.
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым мөлшерлемелері:
1) азаматтық әуе кемесін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау туралы құжаттарды бергені үшін:
| Р/с № | Пайдаланушының штат саны (адам) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау: |
| 1.1. | 50 адамды қоса алғанға дейін | 1 144 |
| 1.2. | 51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін | 1 232 |
| 1.3. | 201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін | 1 272 |
| 1.4. | 401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін | 1 319 |
| 1.5. | 601 адамнан 1 200 адамды қоса алғанға дейін | 1 363 |
| 1.6. | 1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін | 1 407 |
| 1.7. | 2001 адамнан көп | 1 458 |
| 2. | Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау: |
| 2.1. | 50 адамды қоса алғанға дейін | 78 |
| 2.2. | 51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін | 831 |
| 2.3. | 201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін | 871 |
| 2.4. | 401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін | 918 |
| 2.5. | 601 адамнан 1 200 адамды қоса алғанға дейін | 962 |
| 2.6. | 1 201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін | 1 006 |
| 2.7. | 2 001 адамнан көп | 1 057 |
2) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 1.1. | 136 000 килограмнан астам | 450 |
| 1.2. | 75000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін | 437 |
| 1.3. | 2 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 328 |
| 1.4. | 3 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 364 |
| 1.5. | 4 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 401 |
| 1.6. | 2 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30 000 килограмды қоса алғанға дейін | 291 |
| 1.7. | 3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін | 328 |
| 1.8. | 4 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін | 364 |
| 1.9. | 5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін | 54 |
| 2. | Тікұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 2.1. | 10 000 килограмнан астам | 145 |
| 2.2. | 1 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін | 91 |
| 2.3. | 2 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін | 127 |
| 2.4. | 1 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін | 54 |
| 2.5. | 2 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін | 72 |
| 3) азаматтық әуе кемесінің типіне сертификаттар бергені үшін: |
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақ | 10 000 |
| 2. | Тікұшақ | 5 000 |
| 3. | Басқа да ұшу аппараттары | 1000 |
| 4) азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттар бергені үшін: |
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақ | 10 |
| 2. | Тікұшақ | 20 |
| 3. | Басқа да ұшу аппараттары | 5 |
5) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымға сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету: |
| 1.1. | 10 адамға дейін | 346 |
| 1.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 364 |
| 1.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 382 |
| 1.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 400 |
| 1.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 419 |
| 1.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 437 |
| 1.7. | 201 адамнан көп | 455 |
| 2. | Әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету |
| 2.1. | 10 адамға дейін | 418 |
| 2.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 436 |
| 2.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 454 |
| 2.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 472 |
| 2.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 491 |
| 2.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 509 |
| 2.7. | 201 адамнан көп | 527 |
| 3. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, демонтаждалған компоненттеріне техникалық қызмет көрсету | 218 |
| 4. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бұзбай бақылау | 145 |
| 5. | Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріндегі, авиақозғалтқыштардағы және авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): |
| 5.1. | 10 адамға дейін | 47 |
| 5.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 69 |
| 5.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 272 |
| 5.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 290 |
| 5.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 309 |
| 5.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 327 |
| 5.7. | 201 адамнан көп | 345 |
| 6. | Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) | 145 |
| 7. | Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауды орындау | 218 |
| 8. | Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатыла отырып күрделі жөндеу: |
| 8.1. | 10 адамға дейін | 528 |
| 8.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 546 |
| 8.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 564 |
| 8.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 582 |
| 8.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 601 |
| 8.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 619 |
| 8.7. | 201 адамнан көп | 637 |
6) әуеайлақтың жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Әуеайлақ сыныбы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған | 1 349 |
| 2. | А немесе Б немесе В сыныбы - І санат | 1 604 |
| 3. | А немесе Б немесе В сыныбы - ІІ немесе ІІІ санат | 2 078 |
7) тікұшақ айлағының жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының сыныбы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 364 |
| 2. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 419 |
| 3. | Жабдықталған I, II, III сынып | 510 |
| 4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 328 |
| 5. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 382 |
| 6. | Жабдықталған I, II, III сынып | 437 |
| 7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 255 |
| 8. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 309 |
| 9. | Жабдықталған I, II, III сынып | 328 |
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттарды бергені үшін:
| Р/с № | Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі(АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 251 адамнан және одан көп | 235 |
| 2. | 201 адамнан 250 адамға дейін | 224 |
| 3. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 213 |
| 4. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 202 |
| 5. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 191 |
| 6. | 50 адамға дейін | 180 |
9) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 201 адамнан және одан көп | 12 600 |
| 2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
| 3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
| 4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
| 5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
| 6. | 10 адамға дейін | 180 |
| Ескертпе: сертификаттың қызмет аясы кеңейтілген кезде | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10% |
8. Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісім бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Рұқсат құжаттарының түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат | 50 |
| 2. | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат | 50 |
| 3. | Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат | 50 |
| 4. | Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім: | |
| 4.1. | жеке тұлғалар үшін | 100 |
| 4.2. | заңды тұлғалар үшін | 500 |
| 5. | Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім: | |
| 5.1. | жеке тұлғалар үшін | 50 |
| 5.2. | заңды тұлғалар үшін | 50 |
| 6. | Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім | 25 |
9. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
69-тарау. ТӨЛЕМАҚЫЛАР
1-параграф. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
555-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) мынадай:
1) ойын бизнесі саласында;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;
3) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.
2. Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет береді.
556-бап. Төлемақы төлеушілер
Осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
557-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:
| Р/с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері, жылына (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | |
| 1.1. | казино және ойын автоматтары залы үшін | 3 845 |
| 1.2. | тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін | 640 |
| 2. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін | 200 |
| 3. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін: | |
| 3.1. | астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында | 100 |
| 3.2. | басқа да қалалар мен кенттерде | 60 |
| 3.3. | ауылдық елді мекендерде | 20 |
558-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
3. Төлемақы алу көзделген лицензияны беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақыны есептеуді, есепке жазуды жүргізеді және төлемақы мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өндіріп алудың толықтығы, төлемақыларды бюджетке төлеудің уақтылығы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
2-параграф. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
559-бап. Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) мемлекет:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде өзiнiң тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.
560-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Мыналарды:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған салық төлеушілерге қолданылмайды.
3. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша - осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессия шартында көрсетілген мерзім, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде - концессионер.
561-бап. Салық салу объектісі
Мыналар салық салу объектісі болып табылады:
мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
562-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.
563-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды.
| Р/с № | Кезең | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін | 15 |
| 2. | барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін | 23 |
| 3. | барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін | 32 |
| 4. | барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін | 60 |
| 5. | Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2 | 450 |