3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі - автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;
6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.
551-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.
2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерінде айқындалады.
2. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: * | |
| 1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.2. | шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 2 |
| 1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 3.2. | қызметтің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | 1 |
Ескертпе.
*Нөлдік мөлшерлеме шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеген кезде қолданылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 - 16. | 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 17. | Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 17.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: | |
| 17.1.1. | жеке тұлғалардан** | 1 |
| 17.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 17.1.3. | екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан | 0 |
| 17.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін** | 0,5 |
Ескертпе.
Нөлдік мөлшерлеме мыналарды мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады:
1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мына адамдардың жылжымалы мүлік кепілі, кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасы: **
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;
оралмандар.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 1.1. | механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені | 0,25 |
| 1.2. | теңіз кемелерін | 60 |
| 1.3. | өзен кемелерін | 15 |
| 1.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
| 1.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 3 |
| 1.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 2 |
| 1.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 1.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
| 1.6. | ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды | 14 |
| 1.7. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 1.8. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 2. | Қайта тіркегені үшін: | |
| 2.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 2.2. | теңіз кемелерін | 30 |
| 2.3. | өзен кемелерін | 7,5 |
| 2.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
| 2.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 2.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1 |
| 2.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 2.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
| 2.6. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 2.7. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 3. | Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
| 3.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 3.2. | теңіз кемелерін | 15 |
| 3.3. | өзен кемелерін | 3,75 |
| 3.4. | шағын көлемді флот кемелерін: | |
| 3.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 3.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 0,5 |
| 3.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,38 |
| 3.5. | азаматтық әуе кемелерін | 3,5 |
| 3.6. | 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 3.7. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 3.8. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 4. | Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 4.1. | гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары: | |
| 4.1.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
| 4.1.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 25 |
| 4.1.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары | 250 |
| 4.2. | электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары | |
| 4.2.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
| 4.2.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 50 |
| 4.2.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары | 500 |
| 4.3. | М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары: | |
| 4.3.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін | 0,25 |
| 4.3.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін | 240 |
| 4.3.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін | 350 |
| 4.3.4. | шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары | 2500 |
5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тіркегені үшін | 11 |
| 2. | Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қайта тіркегені үшін | 5 |
| 3. | Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | 0,7 |
6. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қойғаны үшiн алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою: | |
| 1.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 2 |
| 1.2. | өзге тақырыптағы | 5 |
| 2. | Мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру: | |
| 2.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 1,6 |
| 2.2. | өзге тақырыптағы | 4 |
8. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Микроқаржы ұйымын есептік тіркеу | 10 |
554-бап. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері
1. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдар төлеу күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.
2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мыналарды:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - 1 еселенген АЕК мөлшерін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - 10 еселенген АЕК мөлшерін;
2) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (шықаны), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшін - 20 еселенген АЕК мөлшері;
3) ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін - осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлерді құрайды.
3. Ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жол жүргені үшін алым мөлшерлемелері:
1) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін - асып кеткен әрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін 0,005 еселенген АЕК мөлшерін құрайды.
Автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне және маршрут бойынша тасымалдаудың тиісті арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін (әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін):
| Р/с № | Жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кету, % | Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 10 %-ды қоса алғанға дейін | 0,011 |
| 2. | 10,0 %-дан 20,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,014 |
| 3. | 20,0 %-дан 30,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,190 |
| 4. | 30,0 %-дан 40,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,380 |
| 5. | 40,0 %-дан 50,0 %-ды қоса алғанға дейін | 0,500 |
| 6. | 50,0 %-дан жоғары | 1 |
Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдаудың арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін:
| Р/с № | Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен | Жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Биіктігі: | |
| 1.1. | 4-тен жоғары 4,5-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
| 1.2. | 4,5-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін | 0,018 |
| 1.3. | 5-тен жоғары | 0,036 |
| 2. | Ені: | |
| 2.1. | 2,55-тен (изометриялық шанақтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
| 2.2. | 3-тен жоғары 3,75-ті қоса алғанға дейін | 0,019 |
| 2.3. | 3,75-тен жоғары | 0,038 |
| 3. | Ұзындығы: | |
| 3.1. | Жол берілетін ұзындықтан асып кететін әрбір метр үшін (толық еместі қоса алғанда) | 0,004 |
Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
биіктік бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің биіктік бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы,
қосу
ені бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің мөлшеріне ені бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы,
қосу
ұзындық бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің ұзындық бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы.
4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: | |
| 1.1. | Тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты) және мұнай-химия өндірістерін (технологиялық) жобалау | 10 |
| 1.2. | Тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін пайдалану, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалану | 100 |
| 1.3. | Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану | 10 |
| 1.4. | Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу | 10 |
| 1.5. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындау | 100 |
| 1.6. | Ядролық материалдармен жұмыс істеу | 50 |
| 1.7. | Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 10 |
| 1.8. | Иондандырушы сәулені генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу | 5 |
| 1.9. | Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 5 |
| 1.10. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу | 50 |
| 1.11. | Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау | 50 |
| 1.12. | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет | 10 |
| 1.13. | Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау | 10 |
| 1.14. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау | 5 |
| 1.15. | Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою | 10 |
| 1.16. | Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану | 10 |
| 1.17. | Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау | 3 |
| 1.18. | Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет | 6 |
| 1.19. | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет | 20 |
| 1.20. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) | 9 |
| 1.21. | Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу | 20 |
| 1.22. | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету | 20 |
| 1.23. | Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру | 0 |
| 1.24. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру | 0 |
| 1.25. | Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу | 0 |
| 1.26. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу | 0 |
| 1.27. | Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу | 22 |