Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесі айқындалған жағдайда, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатында салық төлеуші өндірген, шығарылған жері сертификаты бар өнім (тауар) өз өндірісінің тауары болып танылады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
2. Осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
3. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
4. Мыналар осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
5. Мыналар осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдап алу-тапсыру актісі.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Мыналар осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне - оларды сатып алушыға қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстің 449-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасы салық органының сұрау салуы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексерудің нәтижелері ескеріледі.
45-тарау. САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ИМПОРТ
394-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:
1) осы Кодекстің 395 - 398-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 172-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өткізетін, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша бұрын сатып алынған ғимаратты, құрылысты және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;
4) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша сатып алынған ғимаратты, құрылысты және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға өтеусіз негізде берілетін мүлікті;
6) лотерея операторының лотерея қатысушысына беретін ұтыстар түріндегі мүлікті;
7) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және есеп айырысуларға қатысушыларға таратып беру бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, есеп айырысуларға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;
8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерi кооперативiнің қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді;
10) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
11) егер өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ алдындағы төрт салықтық кезең ішінде мынадай талаптардың бірі сақталса:
мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемiнде 51 пайызын құраса;
мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құраса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері акцизделетiн тауарларды өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде өткізу бойынша айналымдарға қатысты осы тармақшаның ережелері осы тармақта белгіленген талаптар сақталған кезде, осындай келісімшарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде қолданылады;
12) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасына кепілдік беруі көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, қосалқы бөліктері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
13) егер осы Кодекстің 392-бабында өзгеше белгіленбесе, қор биржасында жасалған мәміле негізінде не егер осындай мәміле тараптарының бірі екінші деңгейдегі банк, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды өздерінің айырбастау пункттері арқылы сатып алуды және сатуды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы - заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылса, құймалар мен тілімдер түріндегі инвестициялық алтынды;
14) 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
15) туроператордың келу туризмі бойынша көрсетілетін қызметтерін;
16) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілетін ақшалай нысандағы қарыз операцияларын;
17) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды;
18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;
20) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
21) жерлеу бюроларының жерлеу қызметтерін, зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтерін;
22) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді;
23) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
24) музейлердің мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруы және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының кеңінен танылуын қамтамасыз етуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;
25) кітапханалардың ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларды жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерді;
26) театрлар, филармониялар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет және білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды;
27) қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде жүргізілетін тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;
28) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
29) бiлiм беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар білім беру ұйымы көрсететін қосымша білім беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
30) қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыру құқығына арналған тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру саласындағы бiлiм берудің көрсетілетін қызметтерін;
31) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағы 2) немесе 4) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдарының осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерді;
32) білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын, оның ішінде электрондық нысанда уақытша пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;
33) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды;
34) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды;
35) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі көрсететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді;
36) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді;
37) мыналар:
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді;
38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына осы Кодекстің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар кірсе;
өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырса;
көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілсе, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын;
39) «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
40) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
41) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
41) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы Кодекстің 292-бабында көзделген қызмет түрлері бойынша өткізетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
42) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары көрсететін қызметтерді;
43) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджеттен трансферттер шеңберіндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлар инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылған;
тауарлар арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тауарлар тізбесіне енгізілген;
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) болған;
тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері болған;
сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген және өткізілетін тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы баптың мақсаттары үшін, егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақ рәсімімен орналастыруға жататын болса, мұндай тауарларды өнім беруші мен сатып алушы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған және олар кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 45) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
45) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өндіретін және өткізетін тауарларды;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 46) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
46) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өткізетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 33) және 34) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
395-бап. Халықаралық тасымалдарға байланысты айналымдар
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 387 және 448-баптарына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:
тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу);
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарына ауыстыру;
Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi экспедициялау;
вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері;
техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің көрсетілетін қызметтері, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қызметтер;
халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері;
пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;
тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер.
Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында өзі кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері болып табылады:
1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтықтан басқару арқылы диспетчерлік ету.
396-бап. Жерге және тұрғын ғимараттарға байланысты өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар қосылған құн салығынан босатылады:
1) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) өткізу;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) жалға (қосалқы жалға) беру;
3) студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Мыналарды:
1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлемақыны;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу кезінде жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын немесе жер учаскесіне ортақ меншік құқығындағы (ортақ жер пайдалану құқығындағы) үлесті беруді;
3) тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді, оның ішінде қосалқы жалға беруді қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
397-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын, қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға мыналар жатады:
1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар лицензия негізінде жүзеге асыратын мынадай банк операциялары мен өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғаларға тиесілі аффинирленген бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың физикалық саны көрсетілетін аталған тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
аударым операциялары, оның ішінде пошталық ақша аударымдары;
банктік қарыз операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;