2) салықтарды төлеу есебіне заттай нысанда берілген пайдалы қазбалардың өзіндік құны шегерімге жатқызылады;
3) салықтарды төлеу бойынша заттай нысанда орындалған салықтық міндеттеменің сомасы осы Кодекстің 263-бабында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.
7-параграф. Кірістер мен шегерімдерді түзету
286-бап. Жалпы ережелер
Осы Кодекстің 287-бабында белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі кірістің немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған кірістің немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту түзету болып танылады.
287-бап. Кірістер мен шегерімдерді түзету
Бірінші абзацтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 32-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылғанда;
2) мәміле шарттары өзгертілгенде;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілгенде түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі өткізілген немесе сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге жататын құнының сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;
4) бағадан шегерістер, сатудан шегерістер жасалғанда;
5) өзі бойынша кірісті түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетілуге жатады.
2. Кірісті түзетуді салық төлеуші - кредитор:
заңды тұлғадан;
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген кірісті түзету:
1) дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күні кредитор-салық төлеуші талапты талап етпеген;
2) талап заңды күшіне енген сот шешімі бойынша есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырады.
Түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған;
2) талап бухгалтерлік есепке алуда кірісті түзету күнінде көрсетілген не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығысқа жатқызылған (есептен шығарылған) кезде жүргізіледі. Кірісті түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Талаптардың кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту кезінде кірісті түзету жүргізілмейді.
4. Кірістер мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргiзiледi.
29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КІРІСТІ АЗАЙТУ НЕМЕСЕ ҰЛҒАЙТУ (ЗАЛАЛДЫ АЗАЙТУ) ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
288-бап. Салық салынатын кірісті азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мынадай шығыстар түрлеріне:
1) салықтық кезеңде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілердің - мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусіз берілген мүліктің құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілердің - мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
3) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектерге төленетін жалақыға және басқа да төлемдерге есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
4) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
тұруға уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
білім алатын адамға салық төлеуші айқындаған, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын мөлшерлерде ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.
Осы тармақшаның ережелері:
жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 261-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.
5) алушысы осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
6) тармақша 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) берілген қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда қолданылады.
Көрсетілген жұмыстардың нәтижесін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуді растау тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша ғылыми-техникалық даму саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша жасалған және тәртіппен келісілген енгізу актісі болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттарында, өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде - берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде - осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге шегілген шығыстардың мөлшерімен;
өзге мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
2. Салық төлеушінің мынадай кіріс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, лизинг шарты бойынша сыйақы;
2) осындай сыйақы есепке жазылған күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақы;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған кірістер;
5) агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін, агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған кірістер;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны;
7) республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
8) егер осы тармақтың 9) және 11) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшада көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
8) тармақшасының үшінші бөлігінің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 34-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;
10) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
10) дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алған, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген банктік салым шарты бойынша сыйақы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерiнің кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады:
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;
депозиттер бойынша сыйақы;
кiру жарналары және мүшелiк жарналар;
кондоминиумға қатысушылардың жарналары;
депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік.
Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған міндетті төлемдері;
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті және тұтас үйдің қажетті пайдаланылуын қамтамасыз ететін шығыстар қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісуімен жүктелген, қосымша шығыстарды жабуға бағытталған төлемдері;
үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері ортақ шығыстарды жабуға бағытталған міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде есепке жазылған өсімпұл.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы тармақта көзделген жылдық жиынтық кірістен алып тастау жүргізілмейді.
3. Коммерциялық емес ұйымның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістері жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы мына тәсілдердің бірімен:
осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістердің коммерциялық емес ұйым кірістерінің жалпы сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып;
осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың және басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың бөлек есепке алынуын көздейтін салықтық есепке алу деректері негізінде айқындалады.
4. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 291-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 290-бабына сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
290-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапқа сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік және депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:
1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі;
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кiтапхананың қызмет көрсетуі.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салынуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) салықтық кезеңде мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;
2) салықтық кезеңде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құрайды деген шарттардың біріне сай келетiн ұйымдар да жатады.
4. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарларды өндiру және өткiзу жөнiндегi қызметтен кірістер алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған кезде, алынған кірістер осы Кодексте айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.
6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
291-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес жоғары басқару органы болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
3) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай шарттарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не ол осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
жылдық жиынтық кірісінде алынған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістері, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық,
санаторийлік-курорттық көрсетілетін қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асырудан алынған кірістері құраса;
ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда,
ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырса, осы ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және бағытталған, құрылтайшыдан (қатысушыдан) түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер болып танылады;