296-бап. Салық салудан босату
1. Мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) резидент бақыланатын шетелдік компанияға басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
2) резидент бақыланатын шетелдік компанияға бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
3) егер тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша пайда салығы салынған болса;
4) егер өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салық салынған болса;
5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салық салынған болса, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін резидентте мыналар:
1) осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасын қолдану жағдайында:
резиденттің осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысатынын немесе жанама бақылау жасайтынын растайтын құжаттардың көшірмесі немесе
шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының атауын және олардың географиялық тұрған жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының қатысу үлестерінің мөлшерлерін немесе бақылауының бар-жоғын және мемлекеттік және салықтық тіркелу нөмірлерін (салықтық тіркелу болған кезде) көрсете отырып, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын осындай шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін құжаттың көшірмесі;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану жағдайында:
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттардың бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері мыналар:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларының бар екені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолдану жағдайында:
бақыланатын шетелдік компанияға жанама иелену немесе жанама бақылау өзі арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттарының бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар екені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;
4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолдану жағдайында:
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында:
салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында өздерінің заңнамалық актілерінде:
резиденттердің әлемдік кірістеріне;
бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалар белгіленген шет мемлекеттердің тізбесін орналастырады.
Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсаттарында уәкілетті орган оны халықаралық шарттар негізінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан сұратуға немесе осындай ақпаратты осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардың интернет-ресурстарынан немесе олардан сұрау салу бойынша алуға құқылы.
297-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу
1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне қосылады және оған Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте, резиденттің салық салынатын кірісі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал сомасын азайтады. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мен резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал арасындағы оң айырма резиденттің салық салынатын кірісі болып танылады.
2. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = П1 × Д1 + П2 × Д2 +...+ Пn × Дn,
П1, П2, …, Пn = Псд - А, мұнда:
П - қаржылық пайдасы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салынудан босатылатын бақыланатын шетелдік компанияларды немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д1, Д2, …, Дn - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау жасау коэффициенті;
Псд - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңде салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
А - резидент осы баптың 4-тармағына сәйкес, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан жүргізген азайту сомасы.
3. Есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындау мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) егер осы тармақшаның үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілігінің негізінде.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті жасау стандарты белгіленбеген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі мына жағдайларда:
егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті ішкі заңнамада белгіленген стандартқа сәйкес және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген;
егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген жағдайларда қолданылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік аудитінің болуы.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік міндетті аудитке жатпаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы өзінің аудиті халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілген қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, осы тармақта белгіленген талаптар бақыланатын шетелдік компанияның осындай шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының жекелеген қаржылық есептіліктеріне қолданылады.
Осы тармақта белгіленген талаптар орындалмаған кезде, сондай-ақ жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық есептілікті дайындау (қалыптастыру) туралы талап болмаған және бақыланатын шетелдік компанияда немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінде қаржылық есептілік болмаған жағдайларда, резиденттің салықтық кезеңі есепті кезең болып танылады. Бұл ретте осындай есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын резидент өз таңдауы бойынша мына тәртіптердің бірімен:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындайды;
2) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың сомасы есепті кезеңдегі бақыланатын шетелдік компания кірісінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің сомасы мен 0,5 коэффициенттің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Кіріс сомасы есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның банктік шоттарына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына ақша түсімдері негізге алына отырып айқындалады.
4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға:
1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомаларына азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;
2) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен алынатын, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінде 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) алынатын, шығыстар сомасына азайтылған кіріс сомаларына азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін шығыстар сомасы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілік бойынша тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде пропорционалды әдіспен айқындалады. Үлес осы тармақшада көрсетілген кіріс сомасының қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетелдік компания кірістерінің жиынтық сомасына қатынасы ретінде айқындалады;
4) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
5) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;
6) мынадай:
егер дивидендтер сомасы резиденттің басқа бақыланатын шетелдік компаниясының бұдан бұрын, есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған қаржылық пайдасынан төленген жағдайда, осындай бақыланатын шетелдік компаниядан алынған дивидендтер сомасы,
көбейту
резиденттің дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффиценті деген формула бойынша айқындалатын шама сомаларына азайтуға құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында белгіленген азайту, егер мұндай қаржылық пайда осы тармақтың бірінші бөлігі 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивидендтер сомасын қамтитын болса, дивидендтер алушының - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына қолданылады.
5. Шет мемлекеттегі есепті кезең мен Қазақстан Республикасындағы осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалатын есепті салықтық кезеңнің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін (К1, К2) түзету коэффициенттерін қолдану арқылы, былайша:
П1, П2, …, Пn = Пб × К1 + Пб+1 × К2,
К1 = СК (БЕ)1 / СК (БЕ)3,
К2 = СК (БЕ)2 / СК (БЕ)3 түзетуге міндетті, мұнда:
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
Пб - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін бір есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Пб + 1 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін басқа есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
СК (БЕ)1 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі бір есепті кезең айларының саны;
СК (БЕ)2 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі келесі есепті кезең айларының саны;
СК (БЕ)3 - шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны.
Егер резидент толық емес (он екі айдан аз) есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленген немесе бақылау жасауға ие болған жағдайда, резидент Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін былайша:
П1, П2, …, Пn = П × СК (БЕ)4 / СК (БЕ)3 түзетуге құқылы, мұнда:
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
П - есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
СК (БЕ)3 - шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны;
СК (БЕ)4 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі есепті кезең айларының саны.
6. Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының шетелдік валютада көрсетілген сомасын резидент есепті кезеңдегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеге қайта есептейді.
7. Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
Д1, Д2, …, Дn = Х/100 %, мұнда:
Д1, Д2, …, Дn - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті;