13) 20-баптың 1-тармағы «және сот алқаларының төрағалары,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттардың төрағалары,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін ондағы мәліметтерді «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабында көзделген төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкілеттіктерін тоқтату негіздерінің болуы тұрғысынан зерделейді.
Кеңес зерделенген материалдарға Кеңес регламентінде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге құқылы.»;
8-тармақтың 15) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіби қызметті мерзімдік бағалау нәтижелері бойынша Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судьяның шағымын қарау нәтижелері бойынша қабылданған Кеңестің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы шешімі Кеңес отырысында судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы мәселені, ал судья ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселені қарауға негіз болып табылады.».
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне, сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
4) тармақшаның алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 2-баптағы «2), 3), 4) және 5)» деген сөздер «2), 3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң;
1) 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 6), 7), 8) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші абзацын, 11) тармақшасын, 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы абзацтарын, 13) тармақшасын;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацын, 15) тармақшасын;
3) 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын;
4) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларын, 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 20) және 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38) және 39) тармақшаларын, 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларын, 11) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 13) тармақшасын, 8-тармағы 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 3), 4) және 5) тармақшаларын, 12) тармақшасының сегізінші абзацын;
5) 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағы 23) тармақшасының алтыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 1-баптың 8-тармағының 9) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Аудандық соттың судьясы және облыстық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Кассациялық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.».
3. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауында болған сот актілері кассациялық сатыдағы соттарға беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 21 қараша
№ 136-VІІІ ҚРЗ