бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарауды сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен кассациялық сот судьяларының тақ санды (кемінде үш) соттың алқалы құрамы жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істерді жаңадан қарауға жіберген жағдайларда, кассациялық сот істерді сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.
6. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.»;
2-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 37-бапта:
бірінші бөліктегі «қайта қарауға,» деген сөздер «қайтадан қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «соттарда қарауға,» деген сөздерден кейін «істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «соттарда қарауға,» деген сөздерден кейін «істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) 41-баптың сегізінші бөлігіндегі «қайта қарау туралы өтінішхатқа» деген сөздер «қайта қарау туралы кассациялық шағымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 42-бапта:
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында» деген сөздер «кассациялық сотта» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер «кассациялық сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 53-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацында:
«өтінішхаты» деген сөз «кассациялық шағымы» деген сөздермен ауыстырылсын,
«өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді;
2-тармақтың 10) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 60-баптың бірінші бөлігіндегі «өтінішхаттан» деген сөз «кассациялық шағымнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 133-2-баптың екінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 133-3-баптың төртінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 133-4-баптың екінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 159-баптың төртінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысқа қайтадан алу туралы, әке болуды анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде қарайды және шешеді. Ереуілдерді заңсыз деп тану, Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы істер талап қою сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.»;
16) 221-бап «шығару үшін» деген сөздерден кейін «кеңесу бөлмесіне» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 222-баптың 1-1-бөлігі алып тасталсын;
18) 223-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «шығару үшін» деген сөздерден кейін «кеңесу бөлмесіне» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 225-баптың үшінші бөлігі «шығару үшін» деген сөздерден кейін «кеңесу бөлмесіне» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 20) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
20) 281-баптың төртінші бөлігі «сотта» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 282-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацындағы «соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 22) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
22) 401-баптың үшінші бөлігі «оның орынбасарлары,» деген сөздерден кейін «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры және олардың орынбасарлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 23) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
23) 434-бапта:
бірінші бөлікте:
«сот актілерін», «28-1-бабының» деген сөздер тиісінше «сот актілері», «27-2-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы» деген сөздер «кассациялық тәртіппен қайта қаралуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
2-тармақтың 23) тармақшасының алтыншы абзацы 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 23) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
екінші абзацтағы «28-1-бабының» деген сөздер «27-2-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.»;
2-тармақтың 23) тармақшасының оныншы абзацы 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
төртінші бөліктегі «1), 2), 3) және 4)» деген сөздер «1), 2) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 23) тармақшасының он бірінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
бесінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың 24) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
24) 435-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«435-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге, олардан бас тартуға және кері қайтарып алуға құқығы бар тұлғалар»;
бірінші бөлікте:
«өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді;
1-1-бөліктегі «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры заңды күшіне енген сот актілеріне өзінің бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша берілген өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.
3. Кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде шағым берген прокурор кассациялық шағымнан бас тартуға немесе оны кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны кассациялық шағым, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Кассациялық шағымнан бас тарту кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді. Кассациялық шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады.
Кері қайтарып алынған жағдайда кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайтадан берілуі мүмкін.»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
2-тармақтың 25) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
25) 436-бапта:
бірінші бөліктегі «өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«өтінішхат» деген сөз «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«наразылықты» деген сөз «прокурордың апелляциялық өтінішхатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 26) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
26) 437-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«437-бап. Істерді кассациялық тәртіппен қарайтын соттар
Кассациялық сот осы Кодекстің 435-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың кассациялық шағымдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.»;
2-тармақтың 27) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
27) 438-бапта:
тақырыптағы «қараудың себептері мен» деген сөздер «қарау» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық соттың судьялары азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдырады.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
Азаматтық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде прокурордың орындауына жатады.»;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөлікте:
1) тармақша «экономикасы мен» деген сөздерден кейін «ұлттық» деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «үшінші және бесінші бөліктерінде» деген сөздер «үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 28) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
28) 439-баптың бірінші бөлігінде:
«Себеп пен негіздер» деген сөздер «Негіздер» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздер «кассациялық сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 29) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
29) 441 және 442-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымның және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны
1. Кассациялық сотқа берілетін сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымда және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатта:
1) кассациялық шағым немесе өтінішхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
2) кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның және олар мүддесі үшін беріліп отырған тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері және істегі процестік жағдай;
3) іске қатысатын тұлғалардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлері көрсетіліп, оларды санамалау;
4) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;
5) қайта қарауға, наразылық келтіруге жататын сот актісіне нұсқау;
6) материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы неде екендігіне және шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның өтініші неден тұратындығына нұсқау қамтылуға тиіс;
7) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтіру туралы өтінішхат берілген жағдайда, өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екендігі көрсетілуге тиіс;
8) өкіл берген кассациялық шағымда, наразылық келтіру туралы өтінішхатта талап негізделетін заң нормасына сілтеме қамтылуға тиіс.
2. Егер кассациялық шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат іске қатыспаған тұлғаның мүддесі үшін берілсе, оларда дау айтылып отырған сот актісінде осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
3. Егер кассациялық шағым бұрын кассациялық сатыдағы сотқа берілсе және қайтарылған болса, шағымда оның қайтарылу себептері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты берген тұлға оларға қол қоюға тиіс. Шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат электрондық құжат нысанында берілген кезде олар беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Кассациялық шағымға, наразылық келтіру туралы өтінішхатқа өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін шағымға немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатқа құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
5. Сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
442-бап. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтару
1. Кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 435-бабы 1-1-бөлігінің, 440 және 441-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;
2) кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы Кодекстің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген осы сот актісіне дау айтуға, наразылық келтіруге құқығы жоқ тұлғалар берсе;
3) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру үшін дәлелді себептер болмаса;
4) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса;
5) кассациялық шағымнан бас тартуға байланысты кассациялық сатыдағы сотта іс бойынша кассациялық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда;
6) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа осы Кодексте белгіленген шағым жасау тәртібі бұзыла отырып берілсе;
7) кассациялық сатыдағы соттың осы процеске қатысушының шағымы бойынша кассациялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы болса;
8) сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, оларды берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.
2. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтару туралы қаулы шығарады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген қалған жағдайларда шағым немесе наразылық бес жұмыс күні ішінде судьяның хатымен қайтарылады.
3. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған кезде олар жалпы негіздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.
4. Егер өтініш беруші осы құқықты іске асырмаса, осы Кодекстің 112-бабының бірінші бөлігінде санамаланған адамдар осы Кодекстің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа ретте, прокурор кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты өтініш берушіге сот актісін тікелей кассациялық сатыдағы сотта кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым беруі үшін қайтаруға құқылы.»;
2-тармақтың 30) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
30) 443 және 444-баптар алып тасталсын;
2-тармақтың 31) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
31) 445-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық сатыдағы сот істі алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай әрекеттерді жасайды:
1) тараптарға кассациялық сатыда қарау үшін кассациялық шағымның, прокурор наразылығының қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
2) іске қатысатын тұлғаларға кассациялық шағымның, наразылықтың және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін не олардың электрондық көшірмелерімен соттың интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді;
3) тараптарға ұсыну мерзімін көрсете отырып, кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында пікір беру тәртібін түсіндіреді;
4) осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тараптарды татуласу рәсімдеріне қатысу құқығы туралы хабардар етеді.
2. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.»;
2-тармақтың 32) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
32) 446-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысатын тұлға сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Өкіл сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарсылықтарға негіз болған дәлелдемелер мен заң нормаларына сілтеме жасап, іске қатысатын басқа да тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің көшірмелері жіберілгенін растайтын құжатта пікірге қоса беріледі.
2. Пікір сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымның немесе прокурор наразылығының көшірмесі алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысатын тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Пікірге өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.»;
2-тармақтың 33) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
33) 447-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Өтінішхат берілгеннен, ұсыну немесе наразылық енгізілгеннен» деген сөздер «Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 34) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
34) 448-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот актісінің орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.»;
2-тармақтың 35) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
35) 449-баптағы «өтінішхаттың, ұсынудың» деген сөздер «кассациялық шағымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 36) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
36) 450-бапта:
бірінші бөліктегі «бұл үшін негіз болған процестік құжатты,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші, үшінші және бесінші бөліктердегі «өтінішхат», «Өтінішхат» деген сөздер тиісінше «кассациялық шағым», «Кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 37) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
37) 451-бапта:
бірінші бөліктегі «Өтінішхатты, ұсынуды» деген сөздер «Кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «өтінішхатты» деген сөз «кассациялық шағымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
жетінші бөліктегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібере отырып, кассациялық сатыдағы қаулының күшін жойған жағдайда істі кассациялық сатыда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 38) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
38) 454-баптың екінші бөлігіндегі «өтінішхат, ұсыну» деген сөздер «кассациялық шағым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 39) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
39) мынадай мазмұндағы 54-1-тараумен толықтырылсын:
«54-1-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
454-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) қабылданған сот актілері тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, азаматтық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
Наразылықтар келтіру туралы өтініш хаттарды қарау осы Кодекстің 438, 439, 440, 441 және 442-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
454-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы азаматтық процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажет тілігі туралы өтінішхаты бойынша зерделеу үшін аза маттық істі талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 454-1-бабында көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда:
1) ұсынудың шығарылған күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіліп, ұсыну шығарылған іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері көрсетіледі.
Азаматтық процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда, судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
454-3-бап. Заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
454-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 454-1-бабында көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын немесе бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;