3) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулының және бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.»;
40) 476-баптың алтыншы бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 5-баптың бірінші бөлігі алтыншы абзацтағы «нығайту болып табылады.» деген сөздер «нығайту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«біркелкі әкімшілік практиканы қалыптастыру болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі
1. Әкімшілік рәсімдер қолдануға жататын барлық құқық көздерін, оның ішінде құқықтық қағидаттарды, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын айқындау негізінде құқық нормаларын нақты (дара) қатынастарға қолдану жолымен, сондай-ақ осыған ұқсас мәселелер бойынша қолданылған әкімшілік рәсімдер және бұрын қабылданған әкімшілік актілер ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, әкімшілік органдар қабылданатын нормативтік құқықтық актілер негізінде және оларды орындау үшін әкімшілік рәсімдер жүзеге асырылатын көрсетілген актілердің нақты және әртүрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынасына кепілдік бере отырып, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
3. Әкімшілік органдар әкімшілік актілердің үлгілік нысандарын (үлгілерін), бланкілерін әзірлеу және бекіту жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.
4. Әкімшілік органдардың басшылары біртипті мәселелерді шешу және әртүрлі әкімшілік актілерді қабылдау жағдайлары мен себептерін анықтау үшін нақ сол құқықтық нормаларды қолдану мәселесі бойынша әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілерге талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 18-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерін қаулылар және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 24-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімшілік істерді кассациялық сатыдағы сотта сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі - кассациялық сот) судьяларының тақ санды (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істерді жаңадан қарауға жіберген жағдайларда, кассациялық сот істерді сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес судья) алқалы құрамымен қарайды.
6. Әкімшілік істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес судья) алқалы құрамында жүргізіледі.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:
«104-1-бап. Әкімшілік істердің кассациялық соттарға соттылығы
1. Осы Кодекстің 105-бабында көзделген істерді қоспағанда, әкімшілік істер бойынша сот актілері кассациялық тәртіппен кассациялық сотта қаралуға жатады.
2. Кассациялық сот Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 27-бабының 1-2-бөлігінде көзделген талап қоюлар бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қарайды.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 105-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік істер бойынша сот актілері кассациялық тәртіппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралуға жатады.»;
3-тармақтың 7) тармақшасы 2025 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 107-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірнеше жауапкерге талап қою жауапкерлердің біреуінің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін. Осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше сот арасындағы таңдау талап қоюшыға тиесілі болады.
Талап қоюшы, осы Кодекстің 102-бабының үшінші бөлігіндегі, 103-бабындағы, 105-бабының бірінші бөлігіндегі, 106-бабының екінші және үшінші бөліктеріндегі тәртіппен қаралуға жататын істерді қоспағанда, әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін эксаумақтық соттылықты, оның ішінде соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да таңдай алады.»;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 109-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген сөздер «кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 9) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 119-баптың бірінші бөлігі «өзгертуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 138-баптың екінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы Кодекстің 136-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес сотқа талап қоюды беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алса не сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса;»;
11) 168-бапта:
бірінші бөліктегі «осы бапта» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 11) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
бесінші бөліктің бірінші абзацы «және оның орынбасарлары,» деген сөздерден кейін «Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры және олардың орынбасарлары, өңірлер мен гарнизондардың әскери прокурорлары, өңірлік көлік прокурорлары,» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Кодекстің 102-бабы үшінші бөлігінің, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 27-бабы 1-2-бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне апелляциялық шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын астананың соты қарайды.»;
оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген күнінен бастап күшіне енеді.»;
12) 169-бапта:
бірінші бөліктегі «осы бапта» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 12) тармақшасының үшінші - он екінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілеріне әкімшілік процеске қатысушылар апелляциялық сатыдағы сот актісі түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап алты ай ішінде кассациялық шағым беру арқылы кассациялық тәртіппен шағым жасай алады, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасымен келтірілген наразылықтары бойынша да, адамдардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берілген өтінішхаттары бойынша да қайта қаралуы мүмкін.
Прокурордың наразылығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап алты ай ішінде келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры әкімшілік істі қарауға қатысқанына не қатыспағанына қарамастан, шешімге өз құзыреті шегінде наразылық келтіруге құқылы.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
«шағымдарды, өтінішхаттар» деген сөздер «шағымдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы» деген сөздер «кассациялық сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың 13) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
«169-1-бап. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған сот актілері адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкелуі мүмкін болса;
2) қабылданған сот актілері тұлғалардың айқындалмаған тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған сот актілері соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса, осы Кодекстің 105-бабының тәртібімен қаралған істерді қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін әкімшілік істі талап етіп алдыра отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы әкімшілік процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот актілерін істі зерделеу нәтижелері бойынша қайта қарау қажеттілігі туралы өтінішхаты бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде уәждері мен дәлелдерді көрсете отырып, ұсыну енгізеді.
Әкімшілік процеске қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылық келтіруге құқылы.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын немесе бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулының және бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.».
4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 2-тармағы «шектеуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық етуге» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын:
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық етуді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.».
6. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың санкциясымен жүзеге асырылады.».
7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 7-тармағының 4) тармақшасындағы «орынбасары;» деген сөз «орынбасары мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
2) 33-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мәртебесі, жалақысының мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті жұмыскерлеріне теңестіріледі.»;
8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 1-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:
конкурстың қорытындылары бойынша аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының және кассациялық сот судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;»;
«3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды:
облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;»;
8-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5-1) тармақша алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, сот алқалары төрағалары және судьясы, кассациялық соттың төрағасы және судьясы, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары және судьясы лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында жергілікті және басқа да соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары және кассациялық соттардың жалпы отырыстары ұсынған кандидаттар арасынан қаралады.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 5-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, кассациялық соттардың жалпы отырыстарына, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;»;
8-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 6-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, кассациялық соттардың жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға;»;
8-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
6) 13-баптың 10-1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурс тәртібімен облыстық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін, сондай-ақ заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын, көрсетілген конкурс тәртібімен кассациялық соттың судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды:»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
7) 5-тараудың тақырыбы «және судьясы,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттың судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
8) 16-баптың 1, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеңестің аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бойынша беріледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Кеңес бекітетін құқықтың жекелеген салаларында маман болып табылатын облыстық сот, кассациялық сот судьясының бос лауазымына кандидаттар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.»;
«3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
4. Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңестің регламентінде белгіленген мерзімдерде, бірақ конкурсқа дейін кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Бұл ретте облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына орналасуға конкурс облыстық соттың сот алқасының төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін жариялануы мүмкін.
5. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.»;
8-тармақтың 9) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
9) 17-бапта:
тақырып және 2-тармақ «және судьясы,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттың судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
8-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады
«3. Аудандық соттың судьясы және облыстық соттың судьясы, кассациялық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық, кассациялық соттардың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.»;
10) 18-бапта:
8-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың екінші бөлігі «және судьясы,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттың судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) шалғай жерде орналасқан соттың конкурс қорытындысы бойынша бос қалған судья лауазымына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 30-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам ұсынылуы мүмкін;»;
8-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
11) 6-тараудың тақырыбы «Облыстық соттар төрағаларының,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттар төрағаларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 19-бапта:
8-тармақтың 12) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып және 1-тармақ «облыстық соттар төрағаларының,», «Облыстық соттар төрағаларының,» деген сөздерден кейін тиісінше «кассациялық соттар төрағаларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
Кассациялық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Соттың судьялары арасынан ұсынылады.
8-тармақтың 12) тармақшасының сегізінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Бұл ретте аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, кассациялық соттың төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдарға басымдық беріледі.»;
8-тармақтың 12) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ «облыстық соттар төрағаларының,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттар төрағаларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 13) тармақшасы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді