20) шет елде Бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
21) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
22) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлік әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
23) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
24) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын іске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
25) Министрлік басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
26) Министрлік қызметін БАҚ-тар жариялауды қамтамасыз ету;
27) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
28) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-тарда тұрақты түрде жариялау;
29) Министрлік веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
30) шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері мен басқа да өкілдерін аккредиттеу;
31) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
32) Министрліктің бейне және фото мұрағатын қалыптастыру;
33) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ақшалай қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;
34) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
35) инвесторларды немесе олардың өкілдерін қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру және оларға консультация беру;
36) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға және ресімдеуге көмек көрсету;
37) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштерді және басқа да құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
38) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабында айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде инвесторды немесе олардың өкілдерін орталық және жергілікті атқарушы органдарда сүйемелдеу;
39) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
40) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
41) инвесторлар үшін «бір терезе» құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы инвестормен өзара іс-қимыл жасау;
42) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
43) уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
44) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншіке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
45) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;
46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін айқындау;
47) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
48) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
49) инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
50) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары мен шарттарын әзірлеу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып табылады.
19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, сондай-ақ жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған персоналды, қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21-1. 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 737 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.13.10. № 644 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.19.11. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы.
3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 164-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 55-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 345-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 351-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 365-құжат).