Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 Қаулысы
(2015.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe;
2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
7) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар.
Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.
Құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін бірінші басшы айқындайды.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Министрлік кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру кезінде мұндай қызметтен түсетін табыстарды мемлекеттік бюджеттің кірісіне жібереді.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
Елдің бәсекелестік қабілетін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Міндеттері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, заң жобалау жұмыстарын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізудің жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдерді, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
5) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру;
6) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;
8) атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ ондағы қызметті мемлекеттік реттеу.
ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 917 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.11. № 1185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Функциялар:
Орталық аппараттың функциялары:
1) ұлттық заңнаманы дамыту;
2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне құзыретті мемлекеттік органның ұсынуымен шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастамашылық ету туралы ұсыныстар енгізу;
6) халықаралық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
7) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;
9) заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
10) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметінің аясында қолдану тәжірибесін талдау әрі жинақтау және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;
13) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін жүргізу;
14) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейінгі жариялауға құқық беру;
15) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;
16) Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарының заң сараптамасы;
17) заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін қалыптастыру;
18) Қазақтан Республикасының Үкіметі жасасатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және инвестициялық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
19) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
20) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
21) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
22) мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;
23) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;
24) өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;
25) заңнамаға түсінік беруге қатысу;
26) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
27) нормативтік құқықтық актілер жобаларының заң сараптамасы;
28) ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 917 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;
30) халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
31) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, соның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік шағым-талаптарын беру себептерін талдау;
32) Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысатын шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
33) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөз процестеріне қатысу;
34) мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;
35) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
36) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау;
37) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау бойынша сотқа талап-арызбен жүгіну;
38) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
39) әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;
40) құқықтық ақпараттандыру, заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;
41) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;
42) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын адамдардың қызметін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;
43) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
44) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өздері қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
45) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
46) халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекет мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмысын үйлестіру;
47) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
48) әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
49) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
50) әділет органдары жүйесіндегі кадрларға деген қажеттілікті айқындау;
51) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау;
51) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;
52) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту, оны әдістемелік сүйемелдеу;
53) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
54) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
55) реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
56) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;
57) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
58) шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну;
59) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;
60) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
61) заңдық әдебиетке, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиетке тапсырыс беру;
62) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
63) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
64) мемлекеттік сот орындаушысының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
65) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
66) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларын лицензияларынан айыру туралы талап-арыздарға бастамашылық ету;
67) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;
68) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастыру;
69) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау;
70) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту;
71) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
72) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілім мен электрондық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;
73) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
74) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
75) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарына қатысу;
76) Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияны енгізу;
77) тіркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты, тіркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;
78) қорғау құжаттарын және оларды алуға құқықты басқаға беру шарттарын тіркеуді жүзеге асыру;
79) лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын пайдалану құқығын беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;
80) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға лицензияны (ашық лицензия) алуға ниет білдірген адаммен патент иесінің төлемдері туралы шартты тіркеуді жүзеге асыру;
81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау;
82) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге өтінімдерді тіркеуді қамтамасыз ету;
83) топологияларды тіркеу бойынша өтінімдерді қарауға қабылдау, оларды қарау және топологияларды тіркеуді жүзеге асыру;
84) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына, селекциялық жетістіктерге қорғау құжаттарын беру;
85) ресми тізілімдерде авторлық құқықтардың тіркелуін жүзеге асыру;
86) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;
87) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін беру;
88) қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру;
89) тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану;
90) қорғау құжаттарын беруге өтінімдер бойынша сараптама шешімдеріне қарсылықтарды, қорғау құжаттарын беруге және олардың күшіне қарсылықтарды қарауды ұйымдастыру;
91) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру;
92) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
93) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
94) патент ісі саласында сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
95) туындыларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметі мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;
97) азаматтық хал актілері жазбалары органдарына әдістемелік басшылық жасау;
98) республиканың азаматтық хал актілері жазбалары органдарының қызметін қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;
99) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
100) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
101) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу;
102) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тіркеуші мен басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат беру;
104) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
105) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
106) жылжымайтын мүлік орталықтарының қызметіне жалпы басшылық ету және бақылау;
107) құқықтық кадастр ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жүргізу;
108) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
109) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
110) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;
111) аумақтық әділет органдарының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;