Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 Қаулысы
(2013.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe;
2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
7) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау көрсететін, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті.
Министрлік, оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды.
Ведомстволардың құзыреті мен өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін бірінші басшы айқындайды.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Министрлік кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру кезінде мұндай қызметтен түсетін табыстарды мемлекеттік бюджеттің кірісіне жібереді.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
Елдің бәсекелестік қабілетін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, заң жобалау жұмыстарын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізудің жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру;
8) мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 917 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Функциялар:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) ұлттық заңнаманы дамыту;
2) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне құзыретті мемлекеттік органның ұсынуымен шетелдік инвесторлармен сот және төрелік талқылауларға бастамашылық ету туралы ұсыныстар енгізу;
6) халықаралық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
7) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету;
9) заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
10) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметінің аясында қолдану тәжірибесін талдау әрі жинақтау және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;
13) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін жүргізу;
14) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейінгі жариялауға құқық беру;
15) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;
16) Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарының заң сараптамасы;
17) заң қызметтерінің нарығын талдау, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында әлеуетті консультанттар тізбесін қалыптастыру;
18) Қазақтан Республикасының Үкіметі жасасатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және инвестициялық шарттар жобаларының заң сараптамасы;
19) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
20) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
21) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;
22) мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;
23) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;
24) өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау;
25) заңнамаға түсінік беруге қатысу;
26) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау;
27) нормативтік құқықтық актілер жобаларының заң сараптамасы;
28) ҚР Үкіметінің 2013.03.09. № 917 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыруға осы мақсаттарда бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын, оның ішінде шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарту;
30) халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
31) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, соның ішінде мемлекеттік органдарға сот және төрелік шағым-талаптарын беру себептерін талдау;
32) Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысатын шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау және мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
33) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін дауларды шешу жөніндегі келіссөз процестеріне қатысу;
34) мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;
35) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
36) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау;
37) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау бойынша сотқа талап-арызбен жүгіну;
38) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсыну;
39) әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;
40) құқықтық ақпараттандыру, заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;
41) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;
42) нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын адамдардың қызметін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;
43) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
44) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өздері қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
45) мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу;
46) халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекет мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын шетелдік заң консультанттарының жұмысын үйлестіру;
47) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
48) әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
49) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
50) әділет органдары жүйесіндегі кадрларға деген қажеттілікті айқындау;
51) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау;
52) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту, оны әдістемелік сүйемелдеу.
2. Ведомстволардың функциялары:
1) шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдау, қарау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылданған шешімдер туралы хабарлау;
3) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
4) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
6) туындыларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
7) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін тең жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау жөніндегі қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
8) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
9) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;
10) өз құзыреті шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды келісу;
11) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;
13) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдарын қамтамасыз ету;
14) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру;
15) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметіне басшылық жасау, жеке нотариатты дамытуға жәрдемдесу;
16) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
17) аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды тұлғаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
18) халықты мемлекеттік және жеке нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабардар ету;
19) азаматтық хал актілері жазбалары органдарына әдістемелік басшылық жасау;
20) Республиканың азаматтық хал актілері жазбалары органдарының қызметін қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету;
21) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
22) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
23) жіктелімдерді және сәйкестендіру деректері анықтамалықтарын жүргізу тәртібін, олардың құрылымын, құрамы мен форматын белгілеу;
24) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметке әдістемелік басшылық жасау;
25) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
26) зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
27) Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу;
28) тіркелген топологияға айрықша құқық беру туралы шартты, тіркелген топологияларды пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;
29) патенттік сенімді өкілдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенімді өкілді тіркеу туралы куәлік беру тәртібін айқындау;
30) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау;
31) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру;
32) селекциялық жетістіктерге патенттер беру;
33) лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті пайдалану құқығына айрықша емес лицензия беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеу;
34) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын беру;
35) көрсетілген лицензияны алуға тілек білдірген адаммен патент иесінің төлемдері туралы шартты тіркеу;
36) қорғау құжаттарын беру шарттарын тіркеу;
37) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензиялық шартты және сублицензиялық шартты тіркеу;
38) зияткерлік меншікке құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
39) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылған жердің атауларына қорғау құжаттарын беру;
40) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтініштерді тіркеуді қамтамасыз ету;
41) топологияларды тіркеу бойынша өтініштерді қарауға қабылдау, оларды қарау және топологияларды тіркеуді жүзеге асыру;
42) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру;
43) заңдық әдебиетке, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиетке тапсырыс беру;
44) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;
45) сот органдарына діни бірлестіктердің және діни бірлестіктер құрған заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздар ұсыну;
46) нотариаттық палатамен бірлесіп, жеке нотариустың бос лауазымына орналасу үшін конкурстық іріктеу өткізу;
47) мемлекеттік нотариаттың кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру;
48) аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық қызметтерді жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестаттауды жүргізу;
49) нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жекеше нотариустарды аттестаттауды жүргізу;
50) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыру;
51) нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асыру;
52) уәкілетті органның бөлімшелері мен нотариаттық палаталардың ұсынымдары негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустар санын бекіту;
53) нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық тәжірибені қорыту;
54) мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату;
55) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді және нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;
56) нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық округтегі жеке нотариустардың қызмет ету аумағын айқындау;
57) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялар (нотариустың лицензиялары) беру;
58) сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған лицензиялар беру;
59) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне өтініштерін қарау;
60) нотариаттық палатамен бірлесіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың іс-әрекеттеріне өтініштерін қарау;
61) нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес беру;
62) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;