4) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) мүгедектігі бар адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алуын қамтамасыз етеді;
2) білім беру саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
4) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы бақылауды;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, уәкілетті мемлекеттік органмен және басқа да мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;
6) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) осы Кодекстің 37-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
8) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
9) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
10) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
11) өз құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізуі тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
12) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының құзыреті
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті мемлекеттік органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты болжау;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру барысын мониторингтеу және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды бағалау мен тұжырымдау;
азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ведомстволық және әкімшілік статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру;
Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту үшін оқыту курстарын алу;
жергілікті атқарушы органдардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі еңбек мобильділігі орталықтарын (мансап орталықтарын) әдіснамалық жағынан қолдау;
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсету және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында қызметті берушілер мәлімдеген оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің бағаларына талдау жүргізу;
Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жағынан қолдау көрсету;
кәсіптік стандарттарды сараптау;
зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға және жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмекті алушыларға, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді алушыларға проактивті және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету тетіктерін дамыту;
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, бірыңғай жиынтық төлем және бірыңғай төлем төлеушілердің дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша қызметтерді көрсетуді;
2) жергілікті атқарушы органдар мен еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) мамандарының біліктілігін арттыруды;
3) «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеуді, оған жүйелік-техникалық жағынан қызмет көрсетуді және басқаруды;
4) даму бойынша жобаларды сүйемелдеуді, басқаруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және әлеуметтік-еңбек саласы ақпараттандыру объектілерінің қолжетімділігін бақылауды, телекоммуникацияның бағдарламалық-аппараттық құралдары мен желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін және оларға жүйелік-техникалық жағынан қызмет көрсетуді, өзге ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауды ұйымдастыруды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласының деректерін талдау мен өңдеуді;
5) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеуді және есептен шығаруды;
6) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, тоқтата тұруға, тоқтатуға, қайта бастауға және қайта есептеуге, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін аударуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді аударуға немесе қайтаруға арналған құжаттарды қабылдау, істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды;
2) автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорды толықтыру мен жаңартуды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы әлеуметтік төлемдерді және өзге де төлемдерді алушылардың дербестендірілген есебін;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру салаларындағы ақпараттық жүйелердің деректерін толықтыру мен жаңартуды;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың деректерін толықтыру мен жаңартуды;
5) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүзеге асыруды;
6) зейнетақы төлемдерінің, жәрдемақылардың, біржолғы және өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды төлеуді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберуді;
7) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін және оны жүзеге асыру графигін қалыптастыруды, Қорға қаражат қажеттілігі туралы өтінім жіберуді;
8) атаулы әлеуметтік көмектің, өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберуді;
9) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар жөніндегі өсімпұлдың сомалары бойынша агенттердің төлем құжаттарының тізілімдерін қалыптастыруды және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
11) Қордың қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды;
14) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
15) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды;
16) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды;
17) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманың мөлшерін айқындауды;
18) агенттерден түсетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
19) Қордың қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
20) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға және оның ведомстволарына беруді;
21) деректемелерінде қате жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;
22) агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлуді және Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрған жері бойынша тиісті бюджетке аударуды;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
22-2) тармақша 2026 ж. 1 қаңтардан бастап 263-баптың редакциясында қолданылады
22-2) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және жағдайларда, әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторына қайтаруды жүзеге асыруды;
23) - 26) 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
27) зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;
28) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;
29) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды аударуды, олардан ұсталған әлеуметтік төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, Қорға қайтаруды;
30) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушіге қайтаруды;
31) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда Қор қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етуді;
32) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
33) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге - әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беруді;
34) уәкілетті мемлекеттік органға статистикалық және өзге есептік ақпаратты беруді жүзеге асырады;
35) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация:
әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды;
әлеуметтік аударымдардың және олар бойынша өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды;
әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарын;
әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу және аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Мемлекеттік корпорация зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін есепке алу және аудару мәселелері бойынша сақтандыру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік корпорацияның осы Кодексте көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын алуға құқығы бар.
Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
4. Мемлекеттік корпорация:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, тағайындауға арналған іс макеттерін қалыптастыруға және оларды уәкілетті мемлекеттік органға, Қорға беруге;
2) алушыны әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару қажеттігі туралы хабардар етуге;
3) жүгінген адамдарға қызмет көрсетудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
4) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, әлеуметтік және өзге де төлемдерді алушыларға уақтылы және толық аударуды қамтамасыз етуге;
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа да, әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік төлемдердің жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнің, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
6) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;
7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге;
8) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;
9) әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған электрондық іс макетін қалыптастыру кезінде сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған, бұрын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген кірістен түскен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алмауға міндетті.
18-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын:
1) облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау;
2) өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекіту және іске асыру;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеу;
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу;
7) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеу;
8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту;
9) ұлттық жобалар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекіту;
11) еңбек мобильділігі орталығының басшысын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізу;
16) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз ету;
17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну;
20) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
21) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру;
22) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну;
23) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру;