4. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 821-бабында айқындалған қызметкердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.
Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жергілікті атқарушы органдар жəне өзге де заңды тұлғалар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған адамдарға төлейтін кірістер олар үшін əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға əлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекшінің кірісін қоспағанда, Қорға əлеуметтік аударымдар салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын кірістерден төленбейді.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауына сəйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне, сондай-ақ осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісіне қолданылмайды.
246-бап. Әлеуметтік аударымдарды төлеу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын есептейді және төлейді.
2. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
3. Салық агенттері азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
4. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық агенттері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді. Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрландыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.
6. Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні - банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.
7. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
8. Осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес есепке жазылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік корпорацияға, Қорға жүгінген кезде олар әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен береді.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Осы Кодекстің 101-1-бабында аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын ададардың əлеуметтік аударымдарды төлеуі күнтізбелік жылдың ағымдағы жəне кейінгі айлары үшін жүзеге асырылуы жəне кіріс алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте əлеуметтік аударымдар жəне (немесе) олардың уақтылы жəне (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешек арнаулы мобильдік қосымшаның чектері негізінде орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы алу кезеңіндегі кірістен есептеледі жəне төленеді.
247-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
1. Төлеушінің артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жатады.
2. Мыналар:
1) Қорға міндетті түрде төленуге жататын әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомалары;
2) осы Кодекстің 78-бабының 4-тармағына, 85-бабының 4-тармағына, 118-бабының 4-тармағына, 181-бабының 2-тармағына, 240-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ескерілген кезең үшін есептелген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
19-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ
248-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлейді;
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кірістерінен осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстайды және төлейді.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын олар теріс себептермен лауазымынан босатылған жағдайда алып қою және бюджетке аудару қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Мыналар:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді:
1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;
2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.
5. Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді.
Агент:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
6. Агенттер, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерлер, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Агент:
1) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы жабдықталымдарды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай жабдықталымдарды алатын отставкадағы судьялар үшін;
6) 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
7. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
8. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.
9. Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады.
Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара кəсіпкерлер, шаруа жəне фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей;
5) сақтандыру ұйымы - жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
6) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар - егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салықтық режимін қолданатын жеке тұлғалар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жəне күнтізбелік жылдың ағымдағы жəне кейінгі айлары үшін жүзеге асырады;
7) 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Оператор - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударады. Бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрландыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.
11. Осы Кодекстің 256-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
12. Міндетті зейнетақы жарналары басқа адамдардың пайдасына төленуі мүмкін емес.
13. Резидент - заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агент ретінде қаралуы мүмкін.
249-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары:
1) осы Кодекстің 248-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның əлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.
Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
3) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
4) 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 46,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайызды құрайды.
250-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Кодекстің 248-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдар үшін төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.
251-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайыз мөлшерінде;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыс осы Кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте, осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісін қоспағанда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жалақыдан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 6,95 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10,5 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 19,0 пайызды құрайды.
4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.
252-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
1. Ерікті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары - жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде ол өз пайдасына өз кірісі есебінен енгізеді.