240-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегеріп, кірісті алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту арқылы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесі (мүшелері) әлеуметтік төлем алу құқығын сақтайтын уақыт кезеңі ішінде ай сайын жүргізіледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Асырауындағылар санының коэффициенті асыраушының - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және асырауында бір адам болғанда 0,5; асырауында екі адам болғанда - 0,65; асырауында үш адам болғанда - 0,8; асырауында төрт және одан да көп адам болғанда - 1,0 құрайды.
Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті 0,6-ны құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:
алты айдан кем болғанда - 0,1;
алтыдан он екі айға дейін - 0,7;
он екіден жиырма төрт айға дейін - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін - 0,9;
қырық сегіз айдан алпыс айға дейін - 0,95;
алпыстан жетпіс екі айға дейін - 1,0;
алпыс және одан да көп айдан бастап - 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылып отырады, бірақ 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдайдың, шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңіне қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша əлеуметтік төлемді алу кезеңдері, еңбек, кəсіпкерлік қызмет кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі есептеледі.
3. Егер төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда қайтаруды жүзеге асырмаса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша арттыру күні тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.
5. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейіннен жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
241-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адамға шығу елінде төлем алмаған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайта басталады.
Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кету кезеңінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілсе, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.
Шығу елінде төлемдерді алған болса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүгінген күннен бастап, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде қайта басталады;
3) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) Алушының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) он сегіз жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;
8) алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
9) алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, баланы асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулердің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
10) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қамқоршыны (қорғаншыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға немесе қамқоршы (қорғаншы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
11) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының келіп түсуі немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі екені расталса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылады, расталмаған жағдайда - әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
12) өтініш берушінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтер бергені туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем күтім бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, цифрлық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:
1) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;
2) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;
4) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамды еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда, ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
17-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫНА ЖЕРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМДЕР
242-бап. Жерлеуге арналған біржолғы төлемдер
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражатынан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі.
2. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен кейін үш жылдан кешіктірілмей берілсе, оның мөлшері алушы қайтыс болған кезде айқындалады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізеді.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
4. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру ұйымы меншікті қаражаты есебінен отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 35 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырады.
5. Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
4-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ
18-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР
243-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар);
5) 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер;
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатады.
Осы Кодекстің 207-бабында көзделген жасқа толған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.
Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады.
244-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 102-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына Қорға төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 16,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,9 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,9 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,1 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,1 пайызды құрайды.
245-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі
2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған жұмыскерлер мен адамдар үшін жұмыс берушінің мынадай түрінде төлейтін шығыстары əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, салықтық кезең үшін есептелген кірісі
алу
салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары
алу
салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 429-бабының 1), 2), 3) жəне 7) тармақшаларында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
Жұмыс берушінің шығыстарына əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылуы енгізіледі.
Бұл ретте бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда əлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшеріне қарай есептеледі жəне төленеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) жəне 8) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 243-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі мыналар:
өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады.
Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді;
жалдамалы жұмыскерлер үшін - осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.
3-тармақтың қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мыналар əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:
жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, нысанасы төлем көзінен салық салуға жататын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс сомасы
алу
салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары
алу
салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
Бұл ретте бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдардың кірістерінен ұсталған əлеуметтік аударымдарды төлеушілер уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен аударады.