14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
5) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады.
Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
6) 12-бапта:
1-тармақтағы «Жол» деген сөз «Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етуді астана әкімдігі жүзеге асырады.»;
7) 13-баптың 10-тармағындағы «Кемелердің, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң» деген сөздер «Уәкілетті органның кәсіпорындары кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редацияда жазылсын:
«1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ішкi су жолдарын күтіп ұстауды жүзеге асыруға міндетті.
Судың деңгейі жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннің сағасының отыруына әкеп соғатын түбін тереңдету жұмыстарын одан әрі жүргізудің орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрісінің кепілдік берілген габариттерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттен босатылады;»;
2) тармақшада:
«шлюз» деген сөзден кейін «және каналдар» деген сөздермен толықтырылсын;
«жасасқан шартқа сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
9) 15-3-баптың 4-тармағындағы «сәйкестендіру» деген сөз «тіркеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 15-4-бап мынадай редацияда жазылсын:
«15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалану кезіндегі қауiпсiздiк талаптары
1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Iшкi суда жүзетiн кемелердi, iшкi су жолдарындағы порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер және олардың тұрағына арналған базалар (құрылыстар) Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау жөніндегі қағиданың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу арқылы, сондай-ақ арнайы және бақылап қарап-тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырады.
5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау жөніндегі бағдарлама бойынша оқытылуы және олардың шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуы тиіс.
Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеуді уәкілетті орган Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына сәйкес жүзеге асырады.»;
17-тармағының 11) тармақшасы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Кемелерді сыныптауды және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық байқау мемлекеттік монополияға жатады және оны Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырады.
2. Сыныптауға және техникалық байқауға олардың тиесілігіне қарамастан, ішкі су жолдарында пайдалануға арналған ішкі суларда жүзетін кемелер мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер жатады, олар:
1) жолаушылар кемесі;
2) басты қозғалтқыштарының қуаты елу бес киловатт (жетпіс бес ат күші) және одан астам болатын жолаушыларға арналмаған ішкі суларда өздігінен жүзетін кемелер;
3) сыйымдылығы тіркелімдік сексен тонна өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелер.
3. Кеме қатынасының тіркелімі кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес кемелерді сыныптауды және куәландыруды жүзеге асыруға міндетті.
Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру, кемелерді жөндеуді, оларды жасау мен жаңғыртуды байқау кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.»;
12) 17-бапта:
1) тармақшадағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «уәкiлеттi орган белгілеген» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшада:
«кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау ережелеріне» деген сөздер «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) шағын көлемді кемелерді және шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық қадағалауды жүргiзу;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) паромды өткелдердi мемлекеттік тiркеудi жүргiзу арқылы жүзеге асырады.»;
13) 18-бап, 19-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
14) 20-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «кемелерді лоцмандық алып өту туралы ережелерде» деген сөздер «Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 22-бапта:
1-тармақтағы «тiркелiмге алынған пунктiнiң, бiрдейлендiру нөмiрiнiң,» деген сөздер «тiркелiмге алынған пунктiнiң, тіркеу нөмiрiнiң,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «бірдейлендіру» деген сөз «тіркеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 23-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 26-бапта:
тақырыбы «Кеменi» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кемені» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «бірдейлендіру» деген сөз «тіркеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер оқиғаға ұшырау нәтижесінде немесе басқа бір себеппен кеме бұрын Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына енгізілген техникалық параметрлерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындауы үшін коммерциялық мақсаттарда пайдалануы да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суларда жүзетін кемелер және iшкi су жолдарында пайдалануға арналған «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелер тіркеледі, олар:
1) жолаушылар кемесі;
2) бас қозғалтқышының қуаты елу бес киловатт (жетпіс бес ат күші) және одан артық болатын жолаушыларға арналмаған өздігінен жүзетiн кемелер;
3) сыйымдылығы тіркелімдік сексен тонна және одан астам өздігінен жүзетiн және өздігінен жүзбейтiн кемелер.
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
18) 32-бапта:
тақырыбы «жасалып жатқан кеменiң» деген сөздерден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кеменің» деген сөздермен толықтырылсын;
мәтінде «жасалып жатқан кеменiң» деген сөздерден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кеменің» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
«32-1-бап. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу
1. Кеменің ипотекасын уәкілетті орган сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
2. Жасалып жатқан кеменiң ипотекасы жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы тiркелген, жасалып жатқан кемелердің тiзiлiмiнде тiркеледi.
3. Осы Заңның 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген шетелдік кеменiң ипотекасын, сондай-ақ шетелдiк алушы үшiн жасалып жатқан кеменiң ипотекасын Қазақстан Республикасында тiркеуге болмайды.
4. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күні тiркеледi.
5. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.
6. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
7. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.
32-2-бап. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу
1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын уәкілетті орган сол шағын көлемді кеме тiркелген кеме кітабына тіркейді.
2. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш берілген күнi шағын көлемді кеменiң ипотекасы тiркеледi.
3. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу тәртібі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында айқындалады.
4. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
5. Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.»;
20) 33-баптың 4-тармағында:
«Көлік кемесі» деген сөздер «Кеме» деген сөзбен ауыстырылсын;
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 34-бапта:
1-тармақтағы «кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру туралы ережелерге» деген сөздер «Кемелер экипаждарының командалық құрамының адамдарына және басқа да мүшелеріне диплом беру және оларды аттестаттау қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кемелер экипаждарының мүшелеріне диплом беру, сондай-ақ ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын құру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
3-тармақтағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 35-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 36-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «порт капитанын» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 45-бап алып тасталсын;
25) 47-баптың 1-тармағында:
«, сондай-ақ iшкi су көлiгiнде технологиялық байланысты пайдалануы» деген сөздер алып тасталсын;
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібі және түрлерi
1. Iшкi су көлiгi ұсынатын жолаушыларды тасымалдау оның шарттарына, ұзақтығына, қашықтығына және сапасына қарай:
1) көлiктiк;
2) туристiк;
3) экскурсиялық түрлерге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түрлерге бөлiнедi.
2. Жолаушыларды тасымалдау қатынас түрлеріне қарай:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.
3. Әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау:
1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі пункттер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау;
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандарда орналасқан елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалаларды елді мекендермен жалғастыратын тасымалдау;
3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңы аймағындағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
5) қалалық - қаланың белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау болып бөлінеді.
4. Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін және түрлерiн (бұдан әрi - жолаушыларды тасымалдау қағидасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
27) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды ұйымдастыру
Жолаушылар мен багажды әлеуметтік мәні бар тасымалдауды ұйымдастыруды, олардың маршруттарын бекітуді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру мен өткізуді және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітуді:
1) ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынаста - облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
2) қалалық және қала маңындағы қатынаста - өзінің заңдық құзыры шегінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) ауданішілік қатынаста - аудандардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды ішкі су көлігімен жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.»;
28) 56-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 61-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 63-баптың 2-тармағының бірінші абзацында:
«кемелерді», «ережелеріне» деген сөздер тиісінше «Кемелерді», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
11-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «ортақ пайдаланудағы» деген сөздердің алдынан «халықаралық және республикалық маңызы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгілі бір мерзімге беретiн құжат;».
19-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
16-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысшілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау;».
20. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат):
1) 6-баптың 2) тармақшасындағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.».
21. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат, № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат):
37-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «көрсетілетін қызметтерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6, 7-тармақтарын, 15-тармағының 5) тармақшасын және 19-тармағын;
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 369-IV ҚРЗ