Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысы
(2008.12.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. «Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 мамырдағы № 677 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 238-құжат) 1, 2, 3, 4, 8-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)
.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара )
2. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара )
3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2006.14.07. № 674 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына:
1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (әрi қарай - Агенттiк)», «Агенттiк», «Агенттiгiмен», «Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiмен», «Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттігiне» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi (әрi қарай - Комитет)», «Комитет», «Комитетiмен», «Комитет», «Комитетiне», «Комитетінiң», «Комитетпен», «Комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар нысандарындағы және оған қосымшаларындағы:
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.